Баяндама тақырып Формативтік бағалау

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

«Елтай орта мектебі» КММ



Баяндама

Формативтік бағалау

Орындаған:ағылшын тілі мұғалімі Турсумбаева А.Г.





2015-2016 оқу жылы

Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған. Сыныптағы бағалау тек қана техникалы тәсіл ғана емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағаланады. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ, баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау қабілеті мен күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалаудың басты мақсатыоқытудың қиындықтарын анықтау үшін мектепте сауаттылық және проблемаларды анықтау, тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзетулер және тестілеу жұмыстарын қайта-қайта өткізізуге болады.

Оқушының білімін бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжай алады. Мектепте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болып табылады. Мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекте болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні ешқандай күмән туғызбайды. Осы кезге дейін оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырылып, бағаланып келді. Мұнда оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты өлшемдері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді

Тәжірибеден өту оқушыларды бағалау кезінде төмендегідей мақсаттары :

-оқушыларды сабақта тапсырмаларды толық орындауға үйрету өзінің қандай дәрежеде тұрғаның анықтау,

-алға жылжу мақсатын қадағалау.

Оқушылардың жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс парағы, өзін-өзі бағалау, топ басшысының топ мүшелерінің бағалауы, ынталандыру, мадақтау, топтарға бөлініп жұмыс жасағаннан кейін өзім жиынтық баға шығарып отырдым.

Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, себебі оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былай оқуда алға жылжуының ажырамас бөлігі болып табылады. Баға бейне бір белгі және өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның мазмұны балалардың бағалауын сол түп нұсқасымен салыстыра отырып, нақтылығына оқушы жауаптарының жылдамдығы мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері ықпал етеді. Адамның өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің құралы болып табылады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын , оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсініктер құра білуін қалыптастырады. Топтық жұмыста топтық бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін- өзі және бірін- бірі тексерген кезде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Сондықтан дұрыс жауабы бар парақты даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін -бірі тексеруі кезінде оқушыларға немесе кеңесшілерге таратулары керек .Оқушылардың мектепте жеткен жетістіктері туралы ақпарат беруде жеңілдік туғызады. Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің ой-пікірі маңызды болады. Және де дәлел ретінде кеңінен қолданады. Сыныптағы сапалық бағалау келесі мәселелерді қарастырады: оқушыларды жеке оқу үлгермі мониторингіне қатыстыру, келешектегі мақсаттарды қалыптастыра отырып жоспар құру, оқушылардың еңбегін бағалауда әр түрлі әдістерді пайдалана білуі оқу барысының нәтижелерін жазбаша белгілемей, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін, есеп беру үрдісін іске асыру, мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілетілігін жақсартады. Қорытынды бағалауды жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді. Мұғалімдердің формативті бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбау керек. Мұғалімдердің қалыптастырған кері байланысы оқушыларға өзін жетілдіруге көмектеседі. Мұғалімнің кері байланысы бағалар мен балл түрінде болады. Әр оқушының дербес оқу стилін ескере отырып, оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолданулары қажет. Құрбыларын және өзін-өзі жүйелі бағалауды қолдануы оқушылардың бірлескен жұмысы олардың сана-сезімдерін жетілдіреді. Оқушылар бағалау мақсатын түсінеді және бағалаудын жеке білім алуына мүмкіндік туғызатындығына назар аударады. Білім беру және басқа да мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативтінемесе жиынтық бағалау болып табылады. Формативті бағалау дегеніміз- білім беруде, әдістерді және мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады.

Мен ағылшын тілі сабақтарымда формативті және жиынтықбағаны шығара отырып, журналға формативті баға қойып, оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұсындым және де оқушыларды бағалау критерийімен таныстырдым. Осы сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалауды, бірін-бірін бағалауды, құрдастық бағалауды, топтық бағалауды, мадақтауды, критерийалды көшбасшының бағалау түрлерімен үйренді.

Сабақ басталып үй тапсырмасын сұрамас бұрын, топтың көшбасшысын тағайындап, соған қадағалай отырып, критерий бойынша бағалайтынын айттым. Сабақтың жоспары бойынша бағалау парағын топ көшбасшысына ұсынып,сабақтың соңына дейін әр тапсырма сайын көшбасшы формативті баға қойып отырды. Соңында мен жиынтық баға шығарып, сабақ соңында критерий бойынша талдап отыра қалай бағалағанымды айтып кетті.

Келесі сабақтарымда бағалау парақтарын дайындап, балаларға беріп,сабақтың соңында өздерін бағалайтын және келесі сабағымда тақтада үлкен плакатқа оқушылардың аттары жазылған бағалау парағын жасап әр тапсырманы аяқтап болғасын өздері шығып бағаларын қойып отыратын,және де соңында жиынтық бағасын жазып шығарып отырдық. Соңында мен әр сабағымда топтық жұмыс жүргіздім және бағалаған кезде әр топтың көшбасшылары бағалайтын болды

Мұндай кері байланыс-білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады. Кері байланыс ынталандыру ретінде тесттің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтайды сонымен қатар, әрекет жасауға итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмеген болса, мәжбүрлеу құралына айналуы ықтимал. Сол себепті әр сабағымда балалар кері байланыс жазып отырды, пайдасы өте зор екенін түсіндім, себебі сол жазған кері байланыстырын оқып, сабақты қалай түсінді, нені түсінген жоқ, қай жерінде қиналды, не себепті ,келесі сабақтарда қалай жұмыс жасау керектігін өзіме түртіп алып отырдым. Өздерінің оқуын қалай жақсартуын, жан-жақты іздену керек екендігіне көздері жетті. Осы кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтап, оларды үлгі етіп отырдым. Мадақтау-мысал келтіру арқылы оқушылардың ынталарын арттыра түсті. Блум таксономиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында күрделі тапсырмалар және жеңілдетілген тапсырмаларды орындау барысында шартты белгілерменмен бағалауды жөн көрдім. Барлық бағалаулар мен бағалар ынталандырушы қызметін атқарады. Сонымен қорыта айтып кететін болсам, баға қою, білімді және шеберлікті талап етеді. Баға-бала өміріндегі маңызды оқиға болып есептеледі. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қояр алдында өте мұқият болуы қажет. Кей-кезде мұғалім өзінің әділ бағаламауының нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығын мүлдем жойып тастауы да мүмкін. Мысалы, сыныптағы төмен оқитын оқушылар сыныптастары бағалаған кезде сұрақтарға жауап бермесе де, тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстарға жақсы қатысатын болды

Формативтік бағалау үдерісінің дамуы білім беру мен білім алуда мүмкіндік береді. Білім беру оның әдістері және осыны іске асырудың формативті тәсілі немесе оқыту үшін бағалау болып есептеледі. Оқытуды бағалаудың негізгі мақсаты оқушының қазіргі уақытта оқығанын жинақтап,мұғалімге түсінгенін жеткізе білу қабілеті болып табылады. Мұғалім өзінің сабақ жоспарына оқыту үшін бағалау әдісін енгізу үшін, оған алдымен бағалау оқушыға не үшін қажет екендігін ойлануы, ал екіншіден, балаларға оқыту үдерісінде бұдан әрі жоғары нәтижелерге жетуге қалай жәрдемдесуге болатындығын, не үшін бағалайтынын, нені бағалайтынын сонымен бірге қалай бағалайтынын шешу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан метебі 2001 №7

2. Бастауыш мектебі №7-8 2008

3. Мектептегі шет тілі №1.2009

4. Бастауыш мектебі №1 2006

5. Психология астана 2006

6. Бастауыш мектебі №5 2005

7. Ағылшын тілі мектепте №1.2010



© 2010-2022