• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдану жолдары тақырыбындағы баяндама

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдану жолдары тақырыбындағы баяндама

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі таңда шетел тілін жаңаша оқыту өте өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты қала және ауыл мектептеріне көптеген көмектер жасалып, орта мектептер заманауи технологияларға ие болуда.

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі - инновация. Инновацияны жеке түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақ өткізуге кеңінен қолдану жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

Инновация - латын тілінің «novatio» және сөзалды «in» қосымшасының бірігуі арқылы жасалған термин. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме». Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы.

Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:

  1. Жеке тұлғалық бағдарлау негізіндегі педагогикалық технологиялар:

  • Адамшылық-жеке тұлғалық әдістеме.

  • Амонашвиллидің адамшылық - жеке тұлғалық әдістеме.

  • Қызметтестік педагогика.

  1. Оқушылар қызметін жандандыру мен қарқындандыру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

  • Ойындық технологиялар.

  • Мәселелік және ізденушілік оқулар.

  • Оқу материалының нобайлық және таныс үлгілері негізіндегі үдетіп оқыту технологиясы.

  1. Оқу материалын ұйымдастырудағы және оқыту тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар:

  • Лысенкованың технологиясы. Түсіндірмелік басқару, тірек сызбаларды пайдаланумен болашақтық озық оқыту.

  • Қараевтың «деңгейлік оқыту» технологиясы.

  • Ивановтың ұжымдық - шығармашылық технологиясы.

  • Ақпараттық-коммуникативтік технологиясы.

  • Цифрлық білім беру технологиясы.

  • Модульдік технологиясы.

Өз тәжірибемде Ивановтың ұжымдық технологиясы, АКТ және сындарлы оқыту теория технологияларды қолданып, сабақ жүргіземін.

Осы жаңа инновациялық педагогикалық технологиялардың негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- пәнге қызуғышылығын арттыру;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

1. Ивановтың ұжымдық технологиясы Осында барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдьқ жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру.

Ұжымдық шығармашылық іс 6 кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы - сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.

2. АКТ . Оқытудың ақпаратты-коммуникациялық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.





«Жітіқара әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ


















Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында

инновациялық технологияларды қолдану жолдары















Жітіқара қ., 2016 жыл

© 2010-2022