КСП по казахскому языку Менің отбасым. Тәуелдеулі септеу. (6 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок №1

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 02.09.2015

Сыныбы: 6 «А»

Сабақтың

тақырыбы

Менің отбасым. Тәуелдеулі септеу.

Мақсаты

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін арттыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, сөздік қоры молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, қазақ тілінде дұрыс оқуға талпынады.

Негізгі идеялар:

Сыныпта диалог пен зерттеушілік әңгімені қолдану нәтижесінде оқушылардың білім алу сапасы мен ынтасы артады.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, диалогтік оқыту,

БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі




1 мин


1 мин

Амандасу.

Топқа бөлу.

Психологиялық дайындық .

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Кезекшімен сұхбат жүргізу.

Кезекшімен сұхбат жұргізу

оқушылар стикерлерді белгілеп, түстер арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

ІІ.Фонетиканы кайталау.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, кәртешкелермен жұмыс «Фонетика». Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.

Оқушылар жұппен бір-бірін критерийлер арқылы тексеріп, бағалайды.

ІІІ.Жаңа сабақ

2 мин

Қызығушылықты ояту.

Миға шабуыл. «Отбасы мүшелері» тақырыбына видеоролик көрсетіледі.Сабақ тақырыбы ,мақсатына түрткі болатын ,оқушылар сабақ тақырыбын табады

. Кім қалай тұсінеді, соны айтады.Тақырыпты дәптерге жазады.

Негізгі бөлім

Білу

5 мин

1.Көп сөз білсең,көкжиегің кең болады.

Тәуелдеулі септеуі. Грамматикалық тақырыпты ереже бойынша түсіндіру.

1.интертақтадағы ережемен жұмыс

Түсіну


8мин



Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау. Сызба бойынша бірнеше мысалды талдау.

«Мағынаны тану»

1.Оқулықпен жұмыс, 21 бет

«Менің достарым» мәтінмен жұмыс.

Тапсырмалар :

1.Тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді құрастырыңдар.

2.Мәтінді түсініп оқу.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді

Қолдану

4 мин



Мақсаты:

Алған білімді практикада қолдана білу.

Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.

Тапсырма: Диалогты жалғастырыңдар.

-Сенің достарың бар ма?

- Менің екі жақсы достарым бар.

- Ол нешінші сыныпта оқиды?

-Біз қазір ... .

-Достарыңның аты кім?

- ...

-Айдынның көзі,шашы,мінезі қандай?

-Сендер қатты сөзге келесіңдер ме?

...

Оқушылар тақтадаңы берілген диалогтыжалғастырады.


Сергіту сәті


1 мин

Кәне, кәне, тұрайық!

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.

Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында,

сергіту сәтін жаса ту.Оқушылар хормен айтып, орнында жасайды.

Талдау

5 мин

Достың негізгі қасиеттерін анықтау

Біз қандай доспыз? «Ойтолғаныс» кезеңі

Оқушылар топтық талқыға салады, өз ойларын айтады.

Жинақтау

5 мин

Мақсаты:

Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.

Біз қандай доспыз? «Ойтолғаныс» кезеңі

«Бес жолды өлең» құрастыру

Синквейн құрастырады

1.Зат есім - Дос

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5.Зат есімге синоним.

Қорытынды

Рефлексия

5 мин

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім


1. Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Үйге тапсырма

1мин

Жаңа сөздерді жаттау, сөздерді тасымалдау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Суммативтік бағалау.

Мұғалім бағалайды.



© 2010-2022