Баяндама Жеке тұлғаны қалыптастырудағы көптілділіктің маңызы

      Елбасымыз  «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде тәрбиенің түп мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады.          Білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бірінші  қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан халықаралық біліктілік сапасын, лингвистик...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж.Ж. Тайгулова

«Экономикалық мектеп лицей»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы



Жеке тұлғаны қалыптастырудағы көптілділіктің маңызы

Елбасымыз «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде тәрбиенің түп мақсаты қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады. Білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бірінші қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі мемлекеттік тілді және шет тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, заман талабына сай жеке тұлғаны көп мәдениеттілікке, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізі, білім беруді жетілдірудің басым бағыттары болып табылады. Жаңа заманда Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындайтын ішкі және сыртқы саясат ағымындағы бүкіл қоғам болып жұмылатын іс-әрекеттің бірі - мемлекеттік тілдің мәртебесі. Дегенмен мемлекеттік тіл тұғыры әрдайым биік.Мемлекет тірегі -мемлекетік тіл. Ұлт тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлттың рухани байлығын сақтайтын, дамытатын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қазына. Алдыңғы ұрпақтармен, ата -бабаларымызбен рухани сабақтастығымызды жоғалтып алмас үшін, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың сана сезімін ана тілі негізінде оятып, тәрбиелеп отыру оқушылар мен ата -ананың міндеті. Ұрпақ тәрбиесі тілден басталады.
Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді. Қазақстан басқа мемлекеттермен тығыз байланыста. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді жеткілікті дәрежеде меңгеру және білім мен ғылымның барлық саласында білікті болу біздің жаңарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ.

Жеке тұлға шетел тілін үйрене отырып, сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен таныс болады және ғылымның соңғы жаңалықтарынан хабардар болады.
Шетел тілін білуді қалаған адам өзіне жаңа бір тұтас әлем ашады. Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың, үш тіл білсең үш адамсың дегендей еліміздің білікті де, білімді маманы болу үшін арнайы ғылыми еңбектерді шетел тілдерінде оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Тілді қолдану мен дамытудың соңғы жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары:
1.Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
2.Орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

3.Энтикалық топтардың тілдерін дамыту.

« Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген ата -бабамыздан қалған сөз нақты осы уақытқа сәйкес келмек.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру заман талабы.
Жеткіншек жастардың өз дәрежесінде тұлға болып қалыптасуы жан -жақты болуы, білімді болуы қоғамымыздың, өркениетіміздің болашақта дамуына, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуына жол ашады.
Жас ұрпақты көптілділікке баулу - жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерге берілген мемлекеттік тапсырыс. Бүгінгі оқушы мен студент - ертеңге мемлекет қайраткері.

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.

«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.

Тілдерді дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса ма­ңызды бағыттарының бірі. Тіл проб­лемаларын оңтайлы шешу - ұлтаралық қатынастар, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Елбасымыз жолдауында "Тілдердің үштұ­ғыр­лығы" мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлем­дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны­туымыз қажет екенін және мемле­кеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс­ты кірігу тілі - ағылшын тілі бо­луы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық сала­ларын­да қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданы­луын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр.

"Үштұғырлық" үш тілді қамты­ғанымен, мәдени жобаны іске асыру барысында қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, яғни екі тілдің көлеңкесінде қалып қоймайтындай, еліміздің барлық азаматтарының

мемлекеттік тілді меңгеруіне көңіл бөліп, мемлекеттік саясаттың негізгі

бағыты ретінде дамытуға ба­рын­ша атсалысуымыз керек. Көптілділік - заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып,

әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Сондықтан ұстаздарға қойылатын басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Мектебімізде

оқушыларымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстар, интеллектуалды ойындар, кештер өткізе алатын деңгейге жетті. Мерекелер жоспары үш тілде құрылып, орындалады. Мектепішілік қабырға газеттер міндетті түрде үш тілде шығарылады. Жиі-жиі өз сабақтарымды кіріктірілген сабақтар ретінде өткіземін. Мақал мен мәтелдің орысша және ағылшынша баламаларын тауып үйретеміз, мәтіндерді қазақшадан орысшаға, ағылшынға аудардып, әр түрлі тапсырмаларды орындатамыз. Сөйтіп, оқушылар үш тілді қатар меңгеруіне мүмкіндік туып жатады. Ғылыми жобалар қорғағанда да үш тілді бірдей қолданамыз. Қаладан, облыстан жүлделі оралған оқушыларымыз бар. Мерекелерде сахналық қойылымдар қойылып, ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде әндер де шырқалады. Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оятатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, өздігінен тіл ұйрену дағдысын қалыптастыратын жұмыстардың бірі - үйірме жұмыстары. Екі жыл бойы мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Қызықты қазақ тілі», орта буындар арасында «Қос тіл -қос қанатым», жоғарғы сыныптар арасында «Үш ұстаным» атты үйірме жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қызықты өтсе, құрылымы қарапайым да ғылыми болса, оқушыларға пайдалы ықпалын тигізері сөзсіз. Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл заман талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс атқарсын, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қорыта келгенде - Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы үшін интеллектуалды жоғары тұлғалар керек, сондықтан мұғалімдердің көптілділіктің жеке тұлғаның калыптастыруына ықпал етулері үшін өз білімдерін заман талабына сай көтерулері керек.Ұлттық білім саясатына барынша жауап бере алатын көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру жолындамыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Педагогика жаршысы, 2008 жыл №3

2. Қазақстан мектебі, 2006 жыл № 4

3. Мектептегі шет тілі, 2008 жыл №1

4. Ү. Жексенбаева. Жеке тұлға дарындылығы.

Қазақстан мектебі, 2005 жыл №1

5. Юркевич Е.С. Одаренный ребенок. М. 1996 г.







Лещенко Лев - «День победы»

Автор текста (слов):

Харитонов В.

Композитор (музыка):

Тухманов Д.

Текст (слова) песни «День победы»(распечатать)

День Победы как он был от нас далек
Как в костре потухшем таял уголек
Были версты обгорелые в пыли
Этот день мы приближали как могли
Этот День Победы порохом пропах
Этот праздник с сединою на висках
Эта радость со слезами на глазах
День Победы День Победы
День Победы
Дни и ночи у мартеновских печей
Не смыкала наша Родина очей
Дни и ночи битву трудную вели
Этот день мы приближали как могли
Этот День Победы порохом пропах
Этот праздник с сединою на висках
Эта радость со слезами на глазах
День Победы День Победы
День Победы
Здравствуй мама возвратились мы не все
Босиком бы пробежаться по росе
Пол-Европы прошагали полЗемли
Этот день мы приближали как могли
Этот День Победы порохом пропах
Этот праздник с сединою на висках
Эта радость со слезами на глазах
День Победы День Победы
День Победы
День Победы порохом пропах
Этот праздник с сединою на висках
Эта радость со слезами на глазах
День Победы День Победы
День Победы День Победы













© 2010-2022