Әдістемелік мақала: Ойын элементтерінің ағылшын тілі сабағындағы ролі

Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар ме...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Панфилов ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп Ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Сайрамбекова

. Ойын элементтерінің ағылшын тілі сабағындағы ролі.

Қазақстан - бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады.

Ойын- бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан -жақты дамымақ емес.Ол-бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған жарық терезе іспеттес,ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз -ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты » десе Республикамызға белгілі педагог-ғалым Қ.Қайым мектептегі оқу -тәрбие саласында қолданылатын ойындарды «қимыл ойындары, үстел үстінде ойнайтын ойындар және танымдық ойындар деп үш топқа бөледі де , танымдық ойындарға: оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, алған білім дәрежесін саралауға, өзі қызығатын пән төңірегіндегі білімін тексеруге, толымсыздықты толықтырып, білмегенді білуге ұмтылдыратын, сабақ үстінде, бос уақытта миды шынықтыруға жаттықтыратын ойындар» деп анықтама береді.Ойынның қай түрі болса да баладан дүниетанымының кеңдігін, тапқырлықты, алғырлықты, іскерлікті, ізденімпаздықты және тағы басқа да қасиеттерді талап етеді. Ойын шартын шешу үшін көп ізденіп, көп білу керек. Демек, ойын көп білуге, білімділікке баулиды және білгенін тұжырымдап, дәл, әрі нақты айтуға тәрбиелейді. Ойын түрлері көп. Соның ішінде белгілі бір тақырыптағы жаңа сөздерді жаттау мен грамматикалық материалды қайталауға арналған драмалық ойындарды мен өз сабағымда жиі қолданамын.

1.Ойын. Мұғалім (не бастаушы оқушы) бір оқушыға кез келген ағылшын алфабитіндегі әріпті айтуды сұрайды. Қатарындағы оқушы кезекпен жалғастырып айту керек. Тез арада айта алмаған оқушы жеңіліп ойыннан шығып қалады.Шатаспай айтып отырған оқушы жеңіске жетеді.

2.Ойын. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірінің үстіндегі киімдерін мұқият қарап алуын сұрайды да, екі оқушыдан біріктіріп арқасымен тұрғызып кезекпен киімдерін сипаттауға немесе сұрақтар қоюуға тапсырады.

P1: You have trousers and a shirt on.

P2: You are right.What colour are my trousers?

P1:They are blue.

P2: Dark blue or light blue.

Қатесіз дұрыс айтқан топ жеңіске жетеді.

3.Ойын.Мұғалім алдын ала әр түрлі адамдардың суретін дайындайды.(Ол мүмкіндігінше оқушыларға таныс емес болу керек). Екі оқушыдан біріктіріп бір суреттен таратып беремін.Бірнеше минутта оқушылар суреттегі адамның сырт пішінін сипаттап жаттығады. Әр пардан бір оқушыдан суретті теріс қаратып қойып айт бастайды, қиындық тудырса екінші оқушы сұрақтар қояды. Мысалы:

What can you say about his nose?

What colour are his eyes?

Is his hair long or short?

Қатесіз, дұрыс айтқан оқушы жеңімпаз болады.

4.Ойын. Барлық оқушы дөңгеленіп тұрады. Мұғалім оқушылардың көздерін жұмғызып тұрып, орындарын ауыстырып қояды. Содан кейін көздерін ашқызып бір оқушыдан қандай өзгеріс болғанын айтқызамын.

Rauan was standing between Raushan and Dana. etc.

Қорытындылай келе драмалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі



© 2010-2022