Тақырыбы: Нәтиже сабақ 4 сынып

Сынып: 4 Тақырыбы:   Нәтиже сабақ Білімділік: «Менің отбасым» тарауы бойынша өтілген тақырыптардың меңгерілуін білу, түсініктерін кеңейту, пысықтау, бекіту. Дамытушылық:  отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, дұрыс сөйлеу, ойланып жауап беруге дағдыландыру. Тәрбиелік:  жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдептілікке, қонақжайлыққа  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: нәтиже сабақ Әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, ойшақыру, топтастыру, сұрақ-жауап, жұмбақ жоспары Сабақтың көрнекіліг...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 125 мектептің орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің

мұғалімі Джукеева Нұрсұлу Сеилбекқызы

Сынып: 4

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Білімділік: «Менің отбасым» тарауы бойынша өтілген тақырыптардың меңгерілуін білу, түсініктерін кеңейту, пысықтау, бекіту.

Дамытушылық: отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, дұрыс сөйлеу, ойланып жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелік: жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдептілікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ

Әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, ойшақыру, топтастыру, сұрақ-жауап, жұмбақ жоспары

Сабақтың көрнекілігі: отбасылық суреттер, нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар,фишкалар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі /

Амандасу: Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтар бізге келгенде,

Сәлемдесіп аламыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

Шаттық шеңберін құру. Бәріміз бір-біріміздің қолымызды ұстап,алақан жылуын сезінейік. Қандай тамаша! Біздің ұранымыз!

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Ата-ананы құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қайырлы күн, балалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ.Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабақта белсенділік танытып отыруларыңа тілектеспін. Сәттілік тілеймін!

Топқа бөлу. Оқушылар қалташаға салынған фигуралар арқылы топтарға бөлінеді. Үстелдерге әр топтың атауларын қою.

Мотивация кезеңі Қызығушылығын ояту

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

-Қазір қандай сабақ?

-Сендер отбасы мүшелерімен қай тілде тілдесесіңдер?

-Сендер өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме?

Тақтада «Отбасы » деген жазу ілінеді. Үш топқа да бірдей осы сөзді топтастыру беріледі. Осы сөзді естігенде, ойларыңа қандай сөздер келеді, топтап жаздыру.

О М

Т Ү - аға

Б - ата Ш - әпке

А - әже Е - қарындас

С - әке Л - сіңлі

Ы - шеше/ана Е - іні

Р

I

2. Жұмбақтарды шешу.

Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешіп

көріңдер. /партада суреттер жатады, олар соларды көрсету керек/

  1. Кітапты көп оқиды, ақ сақалды, немерелерін жақсы көреді.Ол кім?

Атаның суреті көрсетіледі.

  1. Өзі мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, жылы қолғап тоқиды. Бұл кім? Әженің суретін көрсетеді.

  2. Өзі ақша табады, балаларын жақсы көреді, отбасын қорғайды. Ол кім? Әкенің суреті көрсетіледі.

  3. Балалар сендерді жақсы көретін, ең сүйікті адам кім? Ананың суретін көрсетеді.

3.Топтық жұмыс. Әр топ өз бетінше хатқалтаға салынған тапсырма бойынша флипчартқа тақырыпты ашатын жұмыс жасап, тақтаға шығып қорғайды.

1 топ -« Менің отбасым»

2 топ - «Менің әкем мен шешем»

3 топ - «Менің қарындасым»

4.Грамматикамен ұштастыру.

Үш топқа үлестірмелі карточкалар таратылады.

1 топ - "отбасы" сөзін тәуелдеу

2 топ - "қарындасым" сөзін буынға бөлу

3 топ - "сіңлі" сөзімен үш сөйлем құру

5. Жұптық жұмыс. Үлгі бойынша «Отбасы» тақырыбына диалог құру

- Сәлем!

- Сенің әкеңнің аты кім?

- Менің әкемнің аты - Ғабит

- Ол қайда жұмыс істейді?

- Ол зауытта жұмыс істейді

- Әкең неше жаста ?

- Әкем қырық бес жаста

- Атаң бар ма?

- Жоқ, атам жоқ, әжем бар.

- Сау бол!

6.Тест жұмысы Балаларға арнайы берілген уақыттың ішінде, орындалатын тест жұмысы беріледі. Оқушылар бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, бағалайды.

7.Бағалау. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атай отырып, әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

8. Үйге тапсырма беру

9. Рефлексия

- Сабақ сендерге ұнады ма?

- Түсініксіз жақтары бар ма?















Т Е С Т

1. Отбасы мүшелерін көрсет

а) сөмке, қарындаш,қалам

ә) ата,әке,ана,әже

б) бала,қыз,оқушы

2. Дауысты дыбыстарды көрсет

а) а,е,ү,ұ

ә) б,в,г,д

б) ц,д,ж,ө

3. Қазақ тілінде неше әріп бар?

а) 32

а) 42

б) 10

4. Буын нешеге бөлінеді?

а) 5
ә) 6

б) 3

5. Дауыссыз дыбыстарды көрсет

а) а,б,ә,г

ә) к,с,т,п

б) е,і,ж,қ



© 2010-2022