Конспект урока по казахскому языку на тему: Творчество Сюинбай Арона

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Вихрев атындағы орта мектеп











Қазақ әдебиетінен пресс-конференция сабағы



Тақырыбы: «Сүйінбай Аронұлы - айтыс өнерінің алтын діңгегі»

Мұғалімі : Байжанисова А.







Шелек ауылы

Қазақ әдебиетінен пресс-конференция сабағы

Тақырыбы: «Сүйінбай Аронұлы - айтыс өнерінің алтын діңгегі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сүйінбай Аронұлының өмірі, шығармашылығының тақырыбы, айтыс өнеріндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін, тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сүйінбайдың шығармалары арқылы өткен ғасыр поэзиясына ұңілу, тақырыбын аша отырып, оқушыларды Сүйінбай аталарындай әділ, батыл болуға, адам бойындағы жат мінездерінен аулық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ақын портреті, Сүйінбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, бейнематериал. Сүйінбайдың ескерткіштері бейнеленген суреттер.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, пресс-конференция сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, СТО технологияларының әдістері, ой қозғау, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа деген дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2.Жаңа сабақ.

Тақтада жаңа сөздер ілулі тұрады:

Мұғалім:

Бүгінгі біздің сабақ пресс-конференция түрінде өтеді. Пресс-конференцияға қатысатын 10 «А», 10 «Б» сынып оқушылары. Олардың ішінде: тілшілер, журналист, Сүйінбай Аронұлы мұражайының қызметкері, ақынның шығармалашылығын зерттеуші ғалым, келген қонақтар.

Осы кісілердің баяндамаларын тыңдап, журналист, тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, біз Сүйінбай Аронұлының өмірімен, шығармашылығымен танысамыз.

Ғалым: (Баяндамасын оқиды)

Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 1898, сонда) - айтыс ақыны. Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын "Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай" деп оны ұстаз тұтқан. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 - 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. "Өтеген батыр", "Саурық батыр", "Сұраншы батыр", "Жабай батыр", "Қарасай батыр" сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.

Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды "айтыс өнерінің алтын діңгегі" атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, "Сүйінбай осылай деген" деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады.

Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді

Баяндамадан кейін тілшілер (екі тілші ) қонақтарға сұрақтарын қоя бастайды.

1 тілші: Сүйінбай қай батырдың ерлігін жырға қосқан?

2 тілші: Сүйінбай өлеңдерінің тақырыптары қандай?

3 тілші: Арнау өлеңдерін атап беріңіз.

4 тілші: Айтыс дегеніміз не? Анықтама бер.

5 тілші: Сүйінбай кімдермен айтысты?

6 тілші: Сүйінбайды "айтыс өнерінің алтын діңгегі" деп атаған кім?

Мұғалім: Міне, Сүйінбай өмірімен, шығармашылығымен танысып жатырмыз. Ал енді, мұражай жағдайы қандай екен? Мұражай қызметкерінің пікірін тыңдап көрейік.

Мұражай қызметкері: (Баяндамасын оқиды)

Атақты ақын Сүйінбай Аронұлының ғибратты ғұмырынан сыр шертетін Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбайдың әдеби-ескерткіш мұражайы - ақынды мәңгілік есте сақтап, оның шығармашылығы мен өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету мақсатында, Алматы облысы әкімінің шешімімен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1996 жылы 24 тамызкүні ашылды. Ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі қатысып, лентасын қиды.

Сүйінбай Аронұлының өмірі мен творчествосын ашатын мұражай бөлімдері

  1. Сүйінбайдың балалық шағы

  2. Ақын болып қалыптасуы

  3. Сүйінбай өмір сүрген орта

  4. Ақынның ата-тегі

  5. Жақындары мен үрім-бұтағы

  6. Творчествосын зерттеушілер

Мұражайдың жұмысы сан қырлы. Атап айтар болсақ, телегей теңіз экспонаттарды ғылыми-танымдық талаптар тұрғысынан ұтымды жүйелеу, оны көпшіліктің талғамына сай ұсыну, зерделенген жәдігерлер негізінде басылымдар шығару елдегі, облыстағы атаулы күндер мен тарихи тұлғаларға арнап көрмелер жабдықтау, өлке тарихына қатысты мәдени шаралар өткізу, белгілі бір көрнекті тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру, Алматы қаласындағы оқу ордаларының студенттеріне дәрістер оқу сияқты қызметтерді атқару арқылы халқымыздың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа жеткізуді көздеуде.

Мұғалім:Рахмет баяндамаңызға. Мұнда тілшілер жағынан сұрақтар туындады.

Тілшілер:

  1. Мұражай қай жерде орналасқан?

  2. Ақынның ескерткіші қай жерде орналасқан?

Мұғалім: Бүгінгі пресс-конференциядағы қонақтардың арқасында біз Сүйінбайдың тағдырымен таныстық. Ендігі сөз журналистке берейік.

Журналист: (тақтаға шығып жазады: кластер, оқушылар дәптерлеріне жазып алады).

1. Сүйінбайдың ең алғашқы өлеңі қалай аталады?
2. Сүйінбай неше жасында елге ақын ретінде танылды?
3. Сүйінбай ең алғаш рет немен айтысқа түсті?
4. "Менің пірім - Сүйінбай" деп Сүйінбайдың ақындығына тәнті болған кім екенін табыңыз.
5. Сүйінбай шығармашылығында қомақты орын алатын қандай өлеңдер?



  1. Мұғалім: Баяндамаңызға көп рахмет.

Қорытынды.

Бағалау.









© 2010-2022