• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Орта буынды медицина қызметкерлерін даярлаудағы кәсіптік ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы

Орта буынды медицина қызметкерлерін даярлаудағы кәсіптік ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы

Раздел Иностранные языки
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта буынды медицина қызметкерлерін даярлаудағы кәсіптік ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы.

Қазақстанның басқа елдермен қарым - қатынасы нығайып жатқан кезде, болашақ медицина мамандарының шетел тілін білуі күн талабына сай қажеттілік. Қазақстан әртүрлі мемлекеттермен тығыз байланыста болуына байланысты шет тілінің алар орны ерекше.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету.

Білім беру саласында түрлі технологиялар еңгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап.

Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.

Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі:

«Ауызша айтсаң - тез ұмытамын,

Көрсетсең - есте сақтаймын,

Іске кіріссең - үйренем».

(қытай мақалы)

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  • кәсіптік деңгейге бағытталған мәтіндерді тыңдап түсінуге;

  • берілген тапсырма бойынша мағлұмат іздеуге;

  • сөйлеу ырғағын;

  • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

  • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданғанда күтілетін нәтижелер:үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

  • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

  • оқушылардың шығармашылығын арттырады;

  • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

  • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

  • компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  • компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.

  • өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

  • құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  • қомпьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.

Дайындаған: ОҚО ДСБ-ның «Шымкент медицина колледжі» МКҚК кәсіби шет тілі пәнінің оқытушысы К.Х.Садырбаева

© 2010-2022