Ашық тәрбие сағат Менің Тұңғыш Президентім

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі

Ашық тәрбие сағат Менің Тұңғыш Президентім

Ашық тәрбие сағаты:

" Менің Тұнғыш Президентім."

.

Сынып жетекшісі: Гулалиева Г.Ж

2015-2016 оқу жылы

Ашық тәрбие сағаты: " Менің тұнғыш Президентім."

Мақсаты:1)қазақ халқының тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

2)елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержуректілікке, азаматтылыққа, патриотық сезімге тәрбиелеу.

3)шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер,буклет"Нұрсултан Назарбаев- Тұнғыш президент" "Біздің елбасымыз- Н.Ә.Назарбаев"

Жүргізулі барысы.

Көк Ту- әні орындалады.(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады. )Залдағы қонақтар тұрғызылады.

I Ән ұран орындалады.

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

2-жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан -Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

1-жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2-жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

1-жүргізуші: Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 1ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр. Елбасына арналған кешімізді өз тілектерін арнап,салтанатымызды ашу үшін, сөз кезегін мектебіміздің директоры ______________________________________беріледі.

Дидар: Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр- аға біздің ұлы адам.

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасылжайлау далам бар

Ел бірлігін ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

2-жүргізуші: Біздің мемлекетіміз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз.Олай болса біз -Мен қазақпын- деп мақтанатын халықпыз. 5Ә сынып оқушысы Дидарды "Мен қазақ қызымын "атты әнімен ортаға шақырамыз.

Асылай:Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы алғаш көріп қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

1-жүргізуші:Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір баянына тоқталайық.

Ясин: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ кеңестік Республикасы Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты қазіргі Қазақстан республикасы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында 1940жылы 6 шілде де дүниеге келген.

Аяжан: Нұрсұлтанның әкесі-Әбіш Назарбаев. Ұлы жүздің Шапырашты руының көшек тармағынан шыққан. Әкесінен ерте айырылған. Білім ала алмаған.Сол үшін де қара жұмысшы болған.Анасы Әлжан Назарбаева-Ұлы жүздің Дулат руының Қасқарау тармағынан тараған. Әлжан өмір бойы ұжымшарда қатардағы еңбекқор еңбекқор болып жұмыс істеп,үй шаруасымен айналысқан.Әбіш пен Әлжан 1934 жылы үйленген.Некелескеннен кейінгі алғашқы 6жылда олардың балалары болмайды, сондықтан көптен күткен мұрагердің дүниеге келуі шексіз қуанышпен қабылданады.

Бейбіт:Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып боиынша дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге ат қою құрметі әулеттің үлкені- Тәтебала әжеге беріледі. Нәрестенің есімін Нурсултан деп қояды. Бұл Нұр араб тілінен - сәуле, әмірше дегенді білдіреді. Отбасында, достары мен туыстары арасында Сұлтан деп қысқартып айтатын. Тұнғышы Нұрсұлтаннанкейін отбасында оның інісі Сатыбалды қарындасы- Әнипа ,інісі-Болат дүниеге келеді.

Ұлдана: 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысы болған еді. Сол кезде Нұрсұлтанның жасы 5-те еді. Сол кездің озіде-ақ ол Отаннын тағдырын өткір сезінеді.олқолынан келгенше ардагерлерге , ұдайы құрмет пен қарап, әлді де қамқорлық жасап келеді.

Асылай: Н. Назарбаев 1948ж. Шамалған селосындағы Фурманов атындағы қазақ- орыс мектебінің 1-ші сыныбына барады. Оның алғашқы ұстазы Исмаилов оқытты. Жоғары сыныптағы мұғалімдері: қазақ тілі пәнінің ұстазы- ихамбердин мен Омаров, тарих пәнінің мұғалімі- с. Мұқанов, математика пәнінің мұғалімі-Есімова,физика пәнінің мұғалім-Қарасаев,биологияпәнінің мұғалімі-Шаменов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі- Шлыков. Мұғалімдердің айтуы бойынша-Н.Ә.Назарбаев өте зерек, ұқыпты, мықты оқушы болған.

Ақерке: Нұрсултанның өмірінде дене тәрбиесімен спорт елеулі да өскен бала үшін қазақтын ұлттық ойындары: күресті, көкпарды, бәйгеге шабуды, аударыспақ ойнауды, тақым тартуды, тағы басқаларды игеру үйреншікті жәйіт болатын. Ажарқын әрі ұйымдастыру ісіне бейім Нұрсултан балалар арасында жарыстар өткізуді ұнататын.Және де әрқашан спорттанжүлделі орындар алып жүретін.

Аружан: Үйдегі балалардың үлкені болғандықтан, ата-анасының мұқтаждыққыспағынантезірек құтылуына көмектесіп, інілеріне мен қарындастарын аяғынатұрғызу үшін Нұрсұлтан жетінші сыныпты бітірісімен мектепті тастап, жұмыс істегісі келген. Бірақ ұлының уәіждерін тыңдаған Әбіш қатты ашуланып, оны мұндай асығыс қадамға барудан бас тартқызып, оқуын жалғастыруға көндірген.

Ибрахим: Өз біліміне сенімді -абитурент Назарбаев Алматыға барып Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің химия факультетіне құжаттарын тапсырып, емтиханнан жақсы өтіп, бірақ бір балл жетпей оқуға түсе алмай қалады.сондықтан ол 1958 жыл киев Авиация институтына емтихан тапсырып, оқуға түседі. Бірақ туған туыстары, ата-анасы қарсы болып қайта құжаттарын қайтарып алып, ауылына қайтып үй шаруасымен айналысады.

Жанель:1958 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласындағы Қарағанды металургия комбинатына жұмысқа тұрады.Сол жақтан бір топ жастарды Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға жібереді.Ол жақтада өзін жан-жақты көрсеткені үшін мақтаулар алып, көзге түседі.Сол жақта украин жігіті Николай Литошкомен танысып олардың достығы өмір бойы жалғасады. Олар әрқашан бірге жүріп, жатақханада бірге тұрады.Достықтың соншалықты болғаны,украин жігіт өз отбасымен Қазақстанға қоныс аударады. Нұрсұлтан оқудан көп нәрсе үйреніп келіп коптеген жетітістіктерге жете бастайды.

Санжар: 1962жыл Нұрсұлтан үшін оқиғаларға бай болды.Халықаралық жастар фестивальнің оралысымен сол Қарметзауыттың өзінде диспечер болып жұмыс істейтін Қарағанды облысының тумасыСара Алпысқызы Қонаеваменнекеге отырып, шаңырақ құрады. 25-ші тамызда , шағын ғана Комсомолец кафесінде жақын достарымен,әріптестерімен, туған-туыстарының ортасында сол кездің мол-жастар тойын өткізеді.Жұбайы Сара Алпысқызымен бірге олар Дариға. Алия, Динара есімді үш қыз өсіреді.

Дидар: 1969 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы болып, 1970-шы жылы Теміртау қалалық партия комитеті өнеркәсіп көлік меңгерушісі ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің 1-ші хатшысы болып жұмыс атқарады.Және де партком хатшысы болып,1990-шы жылы Қазақ КСР жоғары Кеңесінің төрағасы болды.Осы жылы- Қазақ КСР президенті болды.Әрқашан өз біліміне сенімді өз міндетін бұлжытпай орындады.Назарбаев Теміртау жөнінде былай деді: Егер менің өмірімде Теміртау болмағанда мен президент болмас едім деді.

Абзал: 1991жылдың 1желтоқсанында өткен Республика Президентін алғашқы бүкілхалықтық сайлау болды. Сайлау қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,78 % пайызы дауысқа ие болды.

Жансая: 1991жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздігіміз қабылданды.

Заманхан: Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім,жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.

Аружан:Қасиетті Қазақстаным мекенім

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің

Елім, жерім, Отаным, бақ-дәулетім

Болашағым, өнер-білім,өркенім

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым

Сен менің арым, бағым,барымсың

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды.

Ерлан Қазақстан- көк байрақты нұр елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің әрқашанда тірегім

Әнұранның шаттық құйып көңілге

Жарқырайды Елтаңба да төрінде.

Ірге тасың жатыр бізге қаланып,

Бетті бұрдың алға- жарқын өмірге.

1993жылы 15 қараша ұлттық валюта айналымға енгізілді.

Мерей: Ақшам шықты өзімнің тұңғышы рет

Білдім дербес елімнің үлгісі деп

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым

Көз тартып тұрады сурет

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген

Құт береке болшы бір елге келген.

1993жылы Тұңғыш конституциясы қабылданды.

1995жылы Жаңа конституциямыз қабылданды.

Ұлжан: Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді

Ата заң деп аталған Конституциямыз бар біздің

Ата заңмен бекіткен дербестігін елімнің

Ата-баба мұра еткен тұтастығын жерімнің

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды

Дейді заңы мемлекет үлкенге де балаға

Оқу оқы еңбек ет кәсіп жаса қалаған

Әрбір бабы маңызды әр көңілдің жыры бір

Бізде 30 тамыз-Ата-заңның күні бұл.

1997жылы Елордамыз Астанаға көшірілді

Ұлдана: Астанам ару қала, аппақ қала

Көрінген көк жиектен асқақ дара

Кемедей Нұх Пайғамбар үміт артқан,

Жаңарды жақұттайын ұлттық сана.

Арнұр: Астанам-мәңгі жарық аспанымсың,

Астанам- бағы биік асқарымсың

Астанам-пейіш қала, ел арманы,

Астанам қайда-жүрсем мақтанышым!

Досмұрат: Ел ордам менің Астанам

Осында жаңа баспанам

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қалам

2-жүргізуші:Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев <қазақ қазақпен қазақша сөйлессін>,<Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде> деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.Өз тілімізді қадірлеп жүрейік.

Аружан:Өсірген ой білімді,

Сүйем қазақ тілімді.

Мақсат етіп әр сөзін,

Мәнін терең білуді.

Тілді сақтап қалаайық,

Тілмен бақыт табайық.

Өзге елмен тілдесуде,

Ортақ тілде болайық.

Өзге тілді ұлттарға,

Меңгертейік бұл тілді.

Қазақ тілдің қасиетін,

Олар да білер бір күні.

1-жүргізуші: Ортаға 5Ә сынып оқушысы Ясиннің орындауында "Қазақ тілім"әнін қарсы алыңыздар.

Ән Қазақ тілім

2-жүргізуші:. Ортаға Қазақ биімен 5сынып қыздарын қарсы алайық.

Би Қазақ биі

Мұхаммед: Туған жердің жайқалған алқабы егін

Биік сенің мәртебең, дарқан елім

Пейіліндей қазақтың байтақ далам

Сен не деген кең едің, шалқар едің.

1-жүргізуші: Туған елдей жер болмас туған жердей ел болмас. Ән көңілдің ажары демекші, ортаға" Туған жерім" әнімен қыздар тобын шақырамыз.

Ән " Туған жер"

2-жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Президентім, елбасы , аман-болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа тілек,тақпақтар

Ерлан:Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,

Үлкен -кіші, ағайындар бәріміз.

<Ұлтым,елім>деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Шерхан :Кең байтақ қой Қазақстан картасы

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Бекжігіт:Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де

Халықты биік қоясын

Халықпен бірге ашығасын, халықпен бірге тоясың

Жастықтық жалын шақтарменен

Айтып арман әндері

Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың.

Ән "Мекенім Қазақстан" Орындайтын Ұлдана Дидар

1-жүргізуші: Біздің сынып жетекшіміз Гулнур апай өз сыныбымыз арасында президентке арналған өлең, шығарма жазу, сурет салу байқауын жариялаған, соның нәтижесін көрейік.

Сурет бойынша________________________________

Шығарма бойынша_____________________________

Өлең бойынша_________________________________

1-жүргізуші: Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

1-жүргізуші:»Жаса Қазақстан!» Әнімен ортаға біздің қонағымыз 2 сынып оқушысы Мыңжасар Дамирді шақырамыз.

Ән Жаса Қазақстан!

1-2 жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!







© 2010-2022