Урок Независимый Казахстан 11 класс

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік толғауы

Мақсаты

Тапсырмалар

жүйесі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

түрі

Нәтижесі

Бағалау

Тәуелсіздік толғауы

Білім

Тәуелсіздік деген қастерлі сөздің мағынасына үңілу

1топ-Тәуелсіздік деген не?

2топ-Тарих деген не?

3топ-Толғау дегеніміз не?

4топ-Шежіре деп нені айтамыз?

-Топқа бөледі, өткенді еске түсіреді: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Өткенді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді

-Топтық жұмыс

-Диалогтық жұмыс

Қызығушылығын оятады,

Ойлау белсенділігі артады

Формативтік бағалау болады.

Түсіну

Осы ұғымдарды еске түсіру,мағынасын түсіну

Оқулықпен жұмыс

1топ-17жаттығу

2топ-18жаттығу

3топ-19жаттығу

4топ-20жаттығу

Дайындаған сөздерін оқытады, бақылау жасайды түсіндіреді.

16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.

Ізденеді, түсінеді, тапсырмаларды орындайды, түсіндіреді

Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табады

Топ мүшелерінің диалогі, әңгімесі

Танымдық белсенділігі дамиды

Формативтік бағалау болады.

Пайдалану

Сөз тіркестерін айту,сөйлемдер құрастыру;

1-топ. 363- жаттығу,

2-топ. 364- жаттығу

3- топ. 365 - жаттығу

Қадағалайды ынтымақтастырады

Жаттығудан жұрнақ арқылы жасалған сөздерді таптыру

-Жұрнақ арқылы жасалған сөздерді тауып жазады, талдайды

Кітаптағы жаттығулармен топ мүшелерінің бірлескен жұмысы

Жұрнақ арқылы сөз жасай біледі

Формативтік бағалау болады.

Талдау

Жұрнақ арқылы жасалған сөздерге талдау жасату

Сөздерді сөз құрамына талда.

1-топ. Егемендік

2-топ. Тәуелсіздігіміз

3-топ Отанымыз

Дұрыс талдауға бағыттайды

Сөздерді сөз құрамына қарай талдайды.

Топтық жұмыс оқушылар орындарында ақылдасады. Соңында бір оқушы тақтаға орындайды

Сөз құрамына талдау жасап, жұрнақты ажырата алады

Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды,

Формативтік бағалау болады.

Жинақтау

Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру

Көрініс: "Апасы мен немересі" (Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді)
Немересі: Әже, өткен емір деген не?
Әжесі: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ал ол қандай болған?
Әжесі: Ендеше, тыңда, балам, әжең бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атым.
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса.
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам, теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.
Диктор сөзі: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды.
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз. "Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым!

Түзейді, қорытындылайды

Лексикалық,

Жұрнақ арқылы,

Бірігу арқылы, Қосарлану арқылы,

Тіркесу арқылы

Топтық жұмыс

Сыни ойлау

Ойын дәлелдеуге дағдыланады

Топтар өздерін бағалайды

Бір-бірін бағалайды.

Бағалау

Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды

Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер

Біз сабақта не білдік? Нені түсінбей қалдық?

Кері байланыс парағын толтырады.

Бағалайды

Өзін-өзі бағалайды, пікірін жазады.

Бірлескен бағалау

Өзін-өзі және бір-бірін бағалап үйренеді

Мұғалім қорытынды баға жасайды.



© 2010-2022