Коучинг Дарынды және таланнты оқушыларды анықтау

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№42 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Балабекова Канзат Исаққызы

Коучинг тақырыбы:

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс

Жалпы мақсаты:

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын түсіндіру.Олармен жұмыс жасау жолдарын үйрету. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.

Сабақта қолданылатын ресурстар

Түрлі -түсті қағаздар, қалам, қайшы флипчарт,АКТ, желім

Оқыту әдістері:

СТО,топтық жұмыс,Екі жұлдыз,бір тілек,4 сурет,1жауап ,есте сақта,өлең шумақтары«Бес бармақ»әдісі

р/с

Жұмыс кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Уақыты

1

Психология-лық дайындық

Ішкі сезімдерін, бір-біріне деген мейірімділігін көрсету.

Әр топ өзінің тобындағы адамдарымен бір-біріне қолдарын беріп,қысып ,ішкі сезімдерін,бір-біріне деген мейірімділігін іс-әрекет арқылы білдіреді.

3мин

2

Топқа бөліну.

Адамның қолы салынған түрлі- түсті қағаз беріледі.

Сол қағазға тілек жазады.Жазған тілегін өзі ұнатқан адамына береді.Ол тілекті оқып болған соң,қызыл түстілер 1- топқа Сары түстілер 2-топқа, жасыл түстілер 3-топқа, 4-топқа ақ түстілер топталып отырады.

5мин

3

Сұрақ-жауап

Дарынды және талантты оқушылар дегеніміз қандай оқушылар?

Мұғалімдердің жауаптарын тыңдау

10мин

4

Түсіндіру.

Бейнеролик көрсетіліп, дарынды және талантты оқушы қандай екені жайында түсіндіреді.Дүние жүзіндегі танымал тұлғалардың дарындылығы мен талантылығы жайында айтып, Қазақстанда танымал болған

ең ақылды балалар жөнінде хабарламаларды үлестіреді.

Дарындылық пен таланттың қандай түріне жататынын анықтауды ұсынады

Бейнеролик көреді.

Материалмен топта танысады, талдайды. Дарындылық пен таланттың қандай түріне жататынын анықтайды, дәлелдейді

10мин

5

Постер қорғайды

1-топқа "Дарынды", "талантты" ұғымдарына қандай түсінік бере аласыз?

2-топқа Сіз «талантты және дарынды балаларды» қалай анықтар едіңіз?

3-топқа Дарынды және талантты оқушылардың бойындағы назар аударатын ерекшеліктері қандай болады?

4-топқа«Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары қандай болады?

5-топқа Дарынды оқушыларға қандай талап қояр едіңіз?

Постер арқылы қорғайды

15

мин


6

«Есте сақта»

Мұғалімдердің дарындылығын анықтау мақсатында тапсырмалар беріледі.«Есте сақта» әдісімен мұғалімдердің есте сақтау қабілеттерін байқаймыз.

1.Қоян 11.Қасқыр

2.Жүзім 12.Қуыршақ

3.Теледидар 13.Оқушы

4.Парта 14.Кітап

5.Жылан 15.Сабақ

6.Ұя

7.Шелек

8.Күн

9.Терезе

10.Сағат

«Есте сақта» мұғалімдердің есте сақтау қабілеттерін байқаймыз

10мин

7

Сергіту сәті

«Макарено» биіне билейді.

Қимылдарды қайталайды.

2мин

8

Шығарма

шылық қабілеттерін анықтау

Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтау . Суретке қарап 4 шумақты өлең шығару

Коучинг Дарынды және таланнты оқушыларды анықтау

Суретке қарап 4 шумақты өлең шығарады.

10мин

9

Тапсырма.

Мұғалімдердің лидерлігін анықтау

Әр топ өздері қалаған сандарды айтады, артында 1 әріп бар сол әріптен келетін өлеңді әнімен айтады

10мин

10

Мұғалімдер-дің талантын анықтау әртістік шеберліктерін анықтау.

1-ші қуанышты көңіл күймен оқу,2-күліп оқу,3-ші қайғырып оқу4-ші бұйырып оқу,5-ші қорқып оқу

Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды

Мұғалімдердің таланты анықталады.

8 мин

11

Эссе жазу

«Менің қиялымдағы дарынды оқушы» эссе жазу.

Соңынан дарынды және талантты мұғалімді анықтап,жұлдызша белгісімен марапаттау.

Мұғалімдер эссе жазады.

Мұғалімдер марапатталады.

5мин

12

Рефлексия.

«Бес бармақ»әдісі

Бес бармақ көмегімен сабаққа кері байланыс жасау.

Бес бармақ көмегімен сабаққа талдау жасап,балалар өз ойларын жазады.

2мин





© 2010-2022