Научная статья на тему Problems of research of anglicisms in modern Kazakh language

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Turebayeva Aidana Yelubekovna

Alibekova Aigul Oryntaevna

Kadyrova Gulnur Maksatkhankyzy

senior teachers, «Bolashak» University


Туребаева Айдана Елубековна

Алибекова Айгуль Орынтаевна

Қадырова Гүлнұр Мақсатханқызы

аға оқытушылар, «Болашақ» университеті


Problems of research of anglicisms in modern Kazakh language

Қазіргі қазақ тіліндегі англицизмдердің зерттелу мәселелері

Кез келген халықтың тілі жеке - дара өмір сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады. Өзге тілдердің ықпалына ұшырамаған ешқандай тіл жоқ десе де болады.

Соңғы жылдар бедерінде англицизмдер қазақ тіліне де қарқынды енуде. Бұл құбылысты біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық қарым-қатынас пен ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мәртебесінің өсуімен байланыстыра қараған жөн. (әсіресе, ағылшын тілінің американ нұсқасына қатысты).

Тіл өзі қызмет атқаратын қоғаммен бірге өмір сүріп, сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады, әрі оның ішкі заңдылықтарына сәйкес дамиды.

Жалпы тілімізге енген ағылшын сөздерінің мынадай мағыналық топтарға бөліп қарастыруға болады: Саясат / экономика / лауазым атаулары-саммит, брифинг, спикер, рейтинг, холдинг, электорат, ваучер, импичмент, имиджмейкер, спичрайтер, инвестиция, спонсор, баррель, медийный, рецессия, маркетинг, лизинг, тендер, ретейл, оффшор, прайс-лист, (топ) менеджер, промоутер, дистрибьютер, диллер, бизнесвумен, менталитет; азық-түлік өнімдері / киім / сауда-саттық- хот-дог, чизбургер, гамбургер, фишбургер, барбекю, поп-корн, (апельсин) фреші, йогурт, пудинг, фаст фуд, ланч, шорты, бутсы, бандана, топ, мультибренд, юнисекс, кэжуэл, кэтеринг, шоппинг, sа1е, Коdак Ехргеss, гель. SРА - салон, супермаркет, VIP - зал, сэконд хэнд, дисконт; спорт- шейпинг, фитнес, дайвинг, серфинг, бодибилдинг, сноуборд, фитбол, пейнтбол, фрисби, фристайл, рестлинг, пауэр лифтинг, боулинг, тренинг, скейтинг-ринк, форвард, голкипер, байкер, снайпер, турбослим, овертайм, степ-класс, контест, скутер; өнер / радио / теледидар - триллер, вестерн, видео клип, клипмейкер, ньюсмейкер, мюзикл, блокбастер, бестселлер, андеграунд, рор - art, (хад) рок, рок-н- рол(л), кастинг, шейк, брейкданс, брейн ринг, (ток) шоу, хит - парад, метеотайм, суперстар, супермен, скинхэд; тұрмыс / үй шаруашылығы / іс-қағаздары-кондиционер, кулер, миксер, тостер, блэндер, сайдинг, антифриз, булет мэджик, Head & Shoulders, Dove, Tide, Safeguard, файл, парфюм, скраб, спрей, колор, памперс, степлер, скотч; бұқаралық ақпарат құралдары- компьютер, монитор, дисплей, презентация, калькулятор, ноутбук, принтер, сканер, CD, DVD, процессор, девайс, хакер, обгрейд, Интернет, сайт, блог, смайлик, SМS, т.б

Ағылшын сөздерінің тілімізге ену себептерін қарастырайық.

  1. Негізгі себеп тілімізде сол ұғымды алмастыратын нұсқаның (эквиваленттің) болмауы: компьютер, плеер, тостер, импичмент, ваучер, чартер, баррель, серфинг, т.б.

  2. Матаса байланысқан анықтауыштық мәндегі сөз тіркестерін алмастыратын кірме сөздер: автотуристерге арналған қонақүй - мотель; журналистерге арналған қысқаша пресс-конференция - брифинг; жоғары деңгейдегі кездесу - саммит; шаңғымен мәнерлеп сырғанау - фристайл; жалдамалы жаналғыш - киллер; қысқа қашықтықта жүгіру - спринт, көлік тұрақтарына арналған орын - паркинг; өндірістің құлдырауы - рецессия; бөлшек сауда - ретейл және т.б.

  3. Заттар мен құбылыстарды арнайы кітаби лексикаға қатысты өзге тілдерден енген сөздердің тілімізде қалыптасқан синонимдік қатары баршылық. Атап айтсақ: акцент беру - басып айту, ерекшелеп айту; аналогиялық - ұқсас; дезинформациялау - жалған мәлімет тарату, шатастыру; декорациялау - безендіру; идеалды - үлгілі, жетілген; инфекциялық - жұқпалы; мемуар - естеліктер; перманентті - үздіксіз, тұрақты; реконструкция - қалпына келтіру т.б .

  4. Қазақ тіліндегі экспрессивтік мәнді сөздік қорын толықтыру мақсатында енген өзге тілді стилистикалық синонимдер қатары: қызмет көрсету - сервис; күзет - секьюрити; сауда жасау, сатып алу - шоппинг; мотоциклист - байкер; түнгі ойын-сауық - пати; би - дансинг; жолы болмаған адам - лузер; дос (қыз бала) - гёлфренд; дос (ер бала) - бойфренд; спектакль - перфоманс; қонақтарды қабылдау - ресепшн т.б.

  5. Семантикалық және морфологиялық жағынан өзара ұқсас сөздердің қатар түзуі. Айталық, ΧІΧ ғасырда орыс тіліне ағылшын тілінен джентльмен, полисмен сөздері енсе, орыс тілі арқылы ΧІΧ ғасырдың аяғы мен ΧΧ ғасырдың басында тілімізге спортсмен, рекордсмен, яхтсмен кірме сөздері енген. Адамға қатысты ұғым атаулары мамандық атауларына «мен» жұрнағы бар сөздер қатары да қалыптасқан. Оған қоса зат есімнен жасалған туынды түбір сөздер қатарын айтуға болады: бизнесмен, конгрессмен, шоумен, супермен. Сондай-ақ, футбол, гандбол, бейсбол, мотобол;

Өзге тілдің лексикасын игеру және оны қабылдау үдерісі сол тілдердің фонетикалық жүйелерінің өзара күрделі байланысы болып табылады.

Кірме сөздер тіліміздің ішкі заңдылықтары мен нормаларына бейімделе отырып сан алуан өзгеріске ұшырайды. Кірме сөз құрамындағы қазақ тіліне жат дыбыстар онымен ұқсас дыбыстармен алмастырылады. Мысалы, қазақ тілінде ағылшын тіліндегі [h], [w] дыбыстары жоқ. [h] дыбысы бар ағылшын сөздері бірде [х], бірде [г] дыбыстарымен алмастырылып беріледі:[hockey - хоккей, hall - холл, дегенмен Hamlet - Гамлет, handball -гандбол). [w] дыбысы бірде [у], бірде [в] дыбыстарымен берілген: [weekend - уикэнд, Wales - Уэльс, дегенмен woman - бизнесвумэн, western - вестерн). Сөз ішіндегі тіл алды дыбыстары (альвеоляр дыбыстар) тіс дыбыстарымен, ал дифтонгтер [ай], [ой], [ей] дыбыстарының тіркесімен алмасып келіп отырады: дайвинг, бойфренд, тинэйжер және т.б. Сондай-ақ ағылшын сөздеріне сөз сонындағы мысалы: тч, дж тіркестері, матч, скетч, менеджер, имидж, джем; сөз соңындағы -инг, -мен, -ер, тіркестері тән: митинг, рейтинг, шоппинг, бизнесмен, супермен, таймер. Айта кетер жайт, кейбір кірме сөздер өздеріне тән фонетикалық ерекшеліктерін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады. Мысалы, бірнеше сөздерде е дыбысының алдынан келетін дауыссыздар жуан болып айтылады: коктейль, майонез, термос, бизнесмен, вестерн, компьютер,теннис.

Кірме сөздерді графикалық жағынан игеру дегеніміз оларды қазақ әріптері арқылы жазу болып табылады. Басқа тілден орыс тілі арқылы енген сөздердің біразы тіліміздің графикалық нормасына сәйкес жазылып, сөздік құрамынан өзіндік орнын алады. Дегенмен, «бөтен» сөздер тіліміздің жазу жүйесіне бірден кіріге алмай, біршама уақыт өз қалпын сақтап қалды. Мысалы, орыс тілінде бифштекс сөзі әлі графикалық тұрғыдан кірікпегендіктен, әрі орысша, әрі ағылшынша қатар жазылып келді. Орыс энциклопедиялық сөздігіне бифштекс сөзі алғаш рет 1834 жылы енгізіліпті.

Шетел тілі сөздерін транслитерациялаудың нақты ережелері жоқ. «Офис» сөзі ΧΧ ғасырдың басында «оффис» болып жазылса, кейінірек бір ф әрпі жазылмайтын болды, сондай-ақ «футбол» сөзіндегі қатар тұрған екі л әрпі түсіріліп жазылып келеді. Жаңа мыңжылдық қарсаңында орыс тілінде пайда болған «миллениум» сөзі белгісіз себептермен бір л-сыз жазылып жүр (салыстырыңыз: ағылшын және латын тілдерінде: millennium). «о'кей» тіркесі түпнұсқада жоқ апострофпен жазылып жүр: OK/Okay. Кейде кірме сөздердің екі вариантта қолданылып жүргенін аңғаруға болады: риэлтор/риэлтер; Сонымен қатар екітілді қос сөздердің қолданысы да кездеседі: Fun-парк, drees-код, SPA-процедура, IQ балл.

Ал кірме сөздерді морфологиялық тұрғыдан игеру дегеніміз өзге тілдің ішкі құрылымдық элементтерінің тіліміздің морфологиялық жүйесіне кірігуі болып табылады. Мысал ретінде «интернет» сөзінің орыс тіліне енуін алып көрейік. Бұл сөз ағылшын тілінің американ нұсқасынан 20 жыл бұрын орыс тіліне компьютерлік технологияны білдіретін жаңа ұғым ретінде енген. Кейбіреулер бұл сөзді орыс тілінде септік жалғауынсыз Internet, без Internet, с Internet деп қолданса, қайсы біреулері септік жалғауларымен жаза бастады: в Internet'е, без Internet'а, с Internet'ом. Ал басқалары бұл сөзді орысша графикамен жазғанымен, оған қандай да бір жалғау түрін жалғауға түбегейлі қарсы болды: с Internet, без Internet, тіпті интернет (бәлкім, бұл сөздің ғаламдық мәніне құрметтен болса керек). Ал төртіншілері бұл сөз орысша жазылса, онда бұл сөз де басқалар сияқты септелуі қажет деп есептейді: в Интернете, без Интернета, с Интернетом . Мұндай ала-құлалық ұзақ уақыт бойы сақталып келді. Қазіргі кезде бұл сөздің орыс тіліндегі жаңа сөздер сөздігіне енгені мәлім. Бұл сөз сөздікте орыс тіліндегі ер тектегі зат есім және басқа сөздер секілді айтылады әрі түрленеді деп көрсетілген: Интернет, Интернета, Интернету, т.б. Сондай-ақ бұл сөзден екі сын есім сөз жасалған: интернетный және интернетовский, яғни өз кезегінде бұл сөздің негізгі сөздік құрамға енгенін байқатады. Қазақ тілінде бұл сөз ғаламтор атауына ие болды.

Лексикалық тұрғыдан кірме сөздердің игерілуі деп олардың лексикалық бірліктер ретінде кірігуін айтамыз. Лексикалық жағынан игерілген кірме сөзден обьективті шындық өмірге қатысты заттар мен құбылыстардың атын атап, түсін түстеп берумен қатар, өзінің шығу тегі білінбей, сіңісіп кеткен сөздерді танимыз. Мысалы, спорт сөзі ағылшын тілінен енген. Бірақ бұл өмірлік құбылыс ретінде тілімізге сіңісіп кеткені соншалық, бұл сөзді айтқанда ол сөздің шығу төркінін аңғармаймыз. Демек бұл сол сөздің лексикалық тұрғыдан сіңісіп кеткенін көрсетеді. Сондай-ақ пиджак, жакет, комбайн, ринг, теннис, футбол, волейбол, рельс сөздерінің де бөтендігі сезілмейді. Англицизмдердің біраз бөлігі өздерінің өзге тілдік белгілерін сақтай отырып, тілімізде белсенді қолданылады: джем, джаз, джинсы, смокинг, мюзикл, импорт, бизнес және т.б.

Кірме сөздер арасында әр түрлі этникалық топтарға тән ерекшеліктерін танытатын және тілімізге жат құбылыстарды бейнелейтін экзотизмдердің алар орны айрықша, бұлардың орыс және қазақ тілдерінде синонимдік қатарлары болмайды, сондықтан оларға қатысты қаратпа сөздер арнайы атаулармен беріледі: мисс, миссис, мистер, сэр, джентльмен, фунт стерлинг, лорд, скаут, сквайтр, скваттер квакер, пэр, паб, Скотланд Ярд және т.б

Сонымен қатар өзінің өзге тілді фонетикалық және графикалық шығу тегін сақтап қалған орыс тілі арқылы тілімізге енген варваризмдер де өз алдына топ құрайды. Олар орыс тілі лексикасында бірден ерекшеленетін, шетел тілі сөздіктеріне енбеген бөтен сөздер қатарына құрайды. Олардың белсенді қолданылуы бүгінгі өміріміздің негізгі белгілерінің бірі болып табылады: фейс-контроль, дресс-код, ноу-хау, ху из ху, мессидж, респект, бэтл, хэппи энд, уикэнд, тинэйджер, ресепшн, мэйкап, слэм, релакс, юзер, он-лайн, пэронт, бэйби, бакс, гамблер т.б.

Англицизмдер әсіресе теледидар бағдарламалары, дүкен мен клуб аттарына қатысты жиі қолданылады: ток-шоу, дог-шоу, стрип-шоу, Брейк-ринг, Банк Хоум кредит, Реал-кофорт.

Ағылшын тілін оқымаған және сол тілді түсінбейтін көптеген адамдар англицизмдерді тілдің әдеби нормасын бұзып, өз зиянын тигізеді деп есептейді. Ал кейбір тіл мамандары ағылшын тілінің экспансиясына қарсы дабыл қағуда. Шынында да, бұл құбылыс бізді бей-жай қалдырмауы тиіс.

Десек те, соңғы уақыттағы кірме сөздердің жаппай енуін бірыңғай кереғар құбылыс ретінде қарамаған жөн. Уақыт өте келе кірме сөздер тілдік қолданыстан шығып қалып, біртіндеп ұмытылады немесе өзінің бөтен қалпын жоғалтып, тілдің негізгі сөздік қорына еніп, тілді байытады. Ақиқатында қоғам мүшелерінің сөз мәдениетінің төмендеуі мен тіл шұбарлауына жол бермеу - көкейкесті мәселелердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Боженко Л.Н. Заимстванная лексика в современном русском языке

http: // filologdirect.narod.ru/sra/sra_2006_19.html

2. Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. Лексика.

http: // reader.boom.ru/gvozdev/stil411.htm

3. Пушкин А.С. Избранные cочинения (т.2) - М.: « Художественная литература», 1978.

4. Груницкая Т.В. Англицизмы в современном русском языке // Русский язык и литература. - 1998. -№4,5.

5. Сологуб О.П. Усвоение иноязычных структурных элементов в русском языке. (Наука. Университет. 2002. Материалы Третьей научной конференции. - Новосибирск, 2002. -Б.130-134).

http: // stilistika.by.ru/24.shtm

6. Словарь иностранных слов. - М.: «Руский язык» / Под ред. Пчелкина В.В.,1988.

7. Толковый словарь русского языка конца ХХ века. Языковые изменения / Под ред. Г.Н. Скляревской Российская академия наук, Институт лингвистических исследований. - СПб.: «Фолио-Пресс», 1998.

8. Advanced Learner's Encyclopedic Dictionary - Oxford University press, 1992




© 2010-2022