Күй аңызы. 8 сынып

Сабақтың тақырыбы:    Т.Ахтанов «Күй аңызы»  8 сынып. Сабақтың мақсаты:Білімділік:Аңыз,күй туралы төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіру, шығарма идеясын ашу, әңгіме мұратын ұғындыру; Дамытушылық:Аңыз және күй аңызы түрлерін ажырата білуге үйрету,оқушылардың ойын, тілін дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылықтарын арттыру,өнерге,өнер адамына деген құрмет сезімін қалыптастыру,хлқымыздың мәдени мұрасының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ. Сабақтың өту әдісі: есе түсіру,сұрақ-жауап,мағлұмат беру,ой қозғау,салыстыру,іздендіру. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды сабақтың жоспарымен таыстырып өтемін. Жоспары: Қайталау-білім анасы.Көкпар(сұрақ-жауап)Біле бергім кееді,біле бергім...Семантикалық карта.Венн диаграммасы.Білімді бекіту. «Кім жылдам?«Сабақты қорыту.Бағалау. 1.Қайталау-білім анасы. Жазушы Тахауи Ахтанов туралы естеріне түсіре отырып,қайталау. ·         Тахауи Ахтанов қай жылы,қай жерде дүниеге келген?(1923-1994) ·         1956 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы қалай аталады?(Қаһарлы күндер) ·         Тағы басқа қандай кітаптары бар?(«Махаббат мұңы», «Дала сыры», «Шырағың сөнбесін», «Ана даусы» ·         Қандай әңгімелері бар?(«Алғашқы ән», «Ол солай еді», «Алыстан жеткен сарын» 2.Көкпар(сұрақ-жауап) 1)      Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?(Домбыра,қобыз,шаңқобыз,дабыл, дауылпаз,сазсырнай,т.б.) 2)      Күй дегеніміз не? 3)      Күйдің қандай түрі бар? 4)      Күйші дегеніміз кім? 5)      Қазақты қандай күйшілерін білесіңдер? 6)      Аңыз дегеніміз не?   3.Біле бергім кееді,біле бергім... Мұғалім сөзі: Қазақтың саз аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына табиғат сұлулығына тебіріне көңғлінен арып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп отырған.Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс-тіршілігі,әдет-ғұрып, салт-санасы, дүниетанудағы көзқарасы,арман-тілегі,т.б.толғанады.Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмер көрсеткен.Домбырамен орындал... Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады.Ол Тәттімбет,Құрманғазы,Қорқыт,Махамбет,Дәулеткерей,Ықылас,Абыл,Байсерке,Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап,Нұрғиса Тілендиев,Секен Тұрысбековтердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп, қазақ халқының сан-салалы тыныс тіршіліі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе біледі.Күйші-композиторлар өз туындыларын туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін,дүниеге көзқарасын бейнелейді.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
© 2010-2022