• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Доклад по английскому языку на тему Шет тілін оқыту үдерісінде жоспарға елжандылық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері

Доклад по английскому языку на тему Шет тілін оқыту үдерісінде жоспарға елжандылық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны-Қазақстан Республикасында сүйіспеншілікке,мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге,халық дәстүрін қастерлеуге әлемдік және отандық мәдиенеттің жетістіктеріне баурау,қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,мемлекеттік тілді,орыс,шетел тілдерін меңгеру міндеттері жөнінде нақты айтылған.

Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы ,жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет. Жастарға елін,халқын туғае жер сүю және қорғау сезімдерін дарытып және дамытудажоғары щқу орнының даүлесі зор. Елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі барлық кезде деқоғам мен мемелекеттің назарынан тыс болмаған.Ал бүгінгі әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу,Яғни жаңғырту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында,соның ішінде білім беру саласында,соның ішінде білім беру саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді.Елжандылық тәрбиенің практикада жинақталған бай тәжірибесінің ғана беделі түскен жоқ,сонымен қатар Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға дайын және қабілетті елжанды азаматтың да, яғни тұлғаны қалыптастыру мен дамтыту идеясының да беделі түсіп кетті.

Шет тілін оқыту үдерісінде жастарды елжандылыққа тәрбиелеу ағылшын тілінің, білім беру саласында маңыздылығының жете түсінбеуі шет тілі пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері жете қарастылмағандығымен анықталды.Сондықтан бұл мәселені мақсатты түрде шешу үшін, шет тілі пәнінің тәрбиелілік мүмкіндіктерін,оның әдіс-тәсілдерін дамыту жолдарын жете зерттеп талдау қажеттігі туындайды.Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар:қазақ тілі- мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі -жихандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деген Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.Елжандылық ұғымының құрлымдылық мәнін анықтау мақсатындығы ғылыми әдіснамалық еңбектерді сараптау мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік туғызады:1)елжандылық ұғымының бір бағыты жеке тұлғаның өз ұлтын,халқын,жерін,ана тілін,дінін,мәдиенетіне оң көзқарасының болуымен,оны сүюмен танылады,2)елжандылық ұғымының екінші бағыты жеке тұлғаның елді дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз байланыста іске асыруға мүделілігімен сипатталады: 3)елжандылылық ұғымның үшінші бағыты жеке тұлғаның елдегі өзге халықтарға оң ниетті болып әрбәр ұлт адамына жарастықты қасиет көріністерінің болуымен анықталады.

«Гимназия сыныптары бар №5 жалпы білім беру орта мектебі»ММ




Баяндама:

«Шет тілін оқыту үдерісінде жоспарға елжандылық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері»


Мұғалім:Мусагалиева.Г



Ақтау қаласы

2013 жыл


Ағылшын тілін үйренудегі бастапқы сатының негізгі мақсат-оқушының әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сойлесуге үйрету,комуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында,қоғамында орынды қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы мағлұмат беру.

Негізгі бағыттары төмендегідей:

  1. Күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылытын ағылшын тілін үйрену.

  2. Оқу процесі «Сұрақ-жауап» немесе «талқылау», ой алмасу сияқты тапсырмалар беріледі.

  3. Оқушылар лексикалық және граматикалық тақырыптарға байланысты әртүрлі қиындықта берілген жаттығулармен тапсырмалар орындайды.

Басты көңіл бөлінетін нәрсе -сөйлеу және жоқ.

Әрине, дұрыс нәтижеге жету-екі жақты процес екені белгілі. Оқушының тілді жақсы үйренуі -жаңа сөздерді меңгеруіне,өзіне қоятын талабына,күнделікті сабаққа дайындығына тікілей байланысты.

Ағылшын тілін үйрену- қоғам талабы бола тұра оқушылырдың тілді жетік меңгере алмауы - өз ортасында ағылшын тілінің көп қолданылмауы да себеп болады.

Сондықтан 45- минуттық сабақ уақытында оқушы зеінін сабаққа аудару, ауызша сөйлеу алу және жазу дағдысын қалыптастыру,пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Мектебімізде 5-сыныптарда ағылшын тілі пәнінінен сабақ беретін мұғалімдер бұл жауакершілікті сезінгендіктен көп күш жұмсайтындығы сөссіз.

2013-2014 оқу жылында мектебіміздегі 5-сыныптардың төртеуі -қазақ,қалған екеуі орыс сыныптары.Бұл сыныптардың ішінде 5а сыныбы ағылшын тілі оқытылатын сынып болғандықтан сабақ аптасында 2рет өтіледі.Аптасына бір рет факультатив өтіледі.Сыныпта 22 оқушы бар.

1-ші топта тәжіриебиелі ұстаз Сатқанова Қарылғаш Қонысбайқызы сабақ береді 5а,5в сыныптарына,ал екінші тәжірибиелі ұстаздың бірі Қараева Ибаш Өмірбекқызы 5б сабақ береді. Биылғы оқу жылыннан бастап бұл сыныптар «Macmillan» баспаханасында шығарылған «Way Ahead» ал авторылары Mary Bowen Ellis. «Way Ahead»оқулығының ерекшелігі тілінің жатықтығымен, оқушыны қызықтыра білетін әр түрлі сурет-иллюстрацияларымен бірге мұғалімдерге арналған методикалық құралға қоса арнайы дикісі бар және Қазақстан оқушылары үшін арнайы шығарылған Қараева Ибаш Өмірбекқызы сабақтарына қатысу барысында байқағаным, мұғалім шеберлігі арқасында тілге деген қызығушылығы мен білім деңгейінің жоғары болуы.Бұған дәлел ретінде II-тоқсан қортындысы бойынша 100% үлгерім, сапа 59 беріп отыр.

Сатқанова Қарылғаш Қонысбайқызы өз сыныбында 100% үлгерім мен сапа 60.

5б сыныбына келсек сыныпта 22 оқушы бар,бөлінбейді.Аталған сыныпта сабақ беретін Ибаш Өмірбекқызы ізденпаздығы мен еселі еңбегі арқасында жақсы нәтижеге жетіп отыр,яғни II-тoқсан қортындысы бойынша үлгерім 100% сапа 59 ға жетті.

5г сыныпта ағылшын тілі пәнінен Мұсағалиева Гүлдана Мақсотқызы сабақ береді.II-тоқсан қортындысы бойынша 5г сыныбында 21 оқушы бөлінбейді, үлгерім 100% сапа 60.

Орыс сыныптарына келетін болсақ 5д,5е,5ж сыныптары бөлінеді.5д,5е,5ж I-ші тобтарында 13 оқушы бар ұстазы Жылқыбаева Әлия ағылшын тілі пәнін бірнеше жылдық өтілі бар ұстаз .Сабақ беру әдістерін біршама жақсы меңгерген мұғалім сабақтарында көрнекі құралдарын молына пайдаланатын соңғы сабақтарда қолдану арқылы жақсы жетістіктерге жетіп жүр.Өзі сабақ беретін бұл сыныпта II- тоқсан қортындысы бойынша үлгерім 100% ,сапа қол жеткізіп отыр. 5д,5е,5ж II-ші тобтарында 13 оқушы бар ұстазы Баянбердиева Ажар ағылшын тілі пәнінен бірнеше өтілі бар мұғалім.Сабақ беру әдісдерін жақсы меңгерген мұғалім II-тоқсан қортындысы бойынша үлгерім 100%,сапалар 5д 84,5е 38,5ж 50.Қорыта келе,білімді жақсы игеру үшін оқушы қызығушылығын тәрбиелей білудің өте маңызды қызмет екенін айта келе білімнің негізгі кілті мұғалімнің өз қолында екендігін баса қажет деп ойлаймын.





«Гимназия сыныптары бар №5 жалпы білім беру орта мектебі»ММ




« 2013-2014 оқу жылында 5-сыныптарда ағылшын тілі пәнінің оқытылуы»




Мұғалім:Мусагалиева.Г.М



Ақтау қаласы

2013 жыл



© 2010-2022