Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 19.01.2015 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Шілде» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту, тезис, тірек-конспект ұғымдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойында сұлулықты сезінуді қалыптастыру.

Сабақтың түрі :жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ревин әдістемесі, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын, тренинг.

Сабақтың көрнекілігі: таныстырылым, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, стикерлер, жапсырғыштар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу.

2.Сыныпты түгелдеу,

3.Сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.

ІІІ.Жаңа тақырып. ХХ ғасыр әдебиеті


Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі (5 сынып)


Сұлтанмахмұт Торайғыров

(1893-1920)


Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.

1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.

1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.

1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

Ақын, ағартушы, әдебиетімізде ерекше орны бар көрнекті ақын.

Шығармашылығы:

Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде», т.б.

Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.

Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»



«Шілде» өлеңі

ІV. Өлеңмен жұмыс

А) Оқулықтағы «Шілде» өлеңін оқушылармен мәнерлеп оқып шығу.

Ә) Не жайлы айтылғаны оқушылармен бірге талқылау

Б) Сөздікпен таныстыру

Әуе - аспан,

қысқа түн-жазда ұзақ, түн қысқа болады;

көк майса - шөп,

көктің жүзі - аспан;

әптиек-діни оқу құрал,

мелдегінен - белуарынан деген мағынада.

V. Сұрақтар қою

1 Бұл өлеңде ақынның айтпақ ойы қандай? Шілде таңының келбетін көз алдыңа елестетіп көр.

2 Шілде таңының келбетін көз алдарыңа елестетіп көріңдер

3.Өлеңнен кейіптеулерді тауып, оқы.

Кейіптеу - ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандырады, құлпырта суреттеуді айтады, яғни табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейіпінде суреттеу тәсілі.

Мысалы: Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде

Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып...

... Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,

Ән салды домбырамен құстың шуы.

Бастапқы жолдағы жүзі күлімдеп, көңілі шат деген сөздер әдетте адам туралы айтылады, ал ақын таңмен бірге нұрланған көк әлемін күлімдеген кісі жүзіне ұқсатып суреттейді.

Сабақтың қорытындысы:

«Шілде» тақырыбына байланысты шағын эссе жазу

VI.7Үй тапсырмасы:

Өлең бойынша сурет салу

Бағалау



© 2010-2022