Разработка урока Жолда жүру ережесін сақтайық

Раздел Иностранные языки
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық

Сабақтың мақсаты:

1. Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету

2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға шақыру

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, жұмбақтар

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәлемдесу:

Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,

Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.

Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге

Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

А) «Өз көшесі туралы» диалог құру

Ә) Сөздіктерге сөйлем құрау

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту

«Кім жылдам?» ойыны

ІV.Жаңа сабақ

Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет.

Бағдаршам деген не?

Бағдаршам жайлы жыр шумақтары

1. Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.

2.Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды.

3. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді.

4. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам.

5. Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал

6. Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта, сақтан, жол ашық

Жүрме жолға таласып

7.Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Қызыл жанды тоқтағын

Көрдің жұрттың тосқанын

8.Сары жанды дайындал

Айналаңа қарап ал

Жасыл жанды тыңдағын

Жолың ашық тұрмағын

9.Мен көшеде өтерде

Бағдаршамға қараймын

Қоймаған ғой бекерге

Жәрдемшісі ол талайдың.

V.Сабақты дамыту

Мұғалім:

Ал, балалар, өте жақсы, бүгінгі сабағымызда Бағдаршам тапсырмаларын орындайық. Бізде қызыл түс жанды, жүру үшін бізге сөздіктер қажет

Сөздікпен жұмыс

Сары түс - тапсырмалар орындау (оқулықпен жұмыс)

Сергіту сәті (Бағдаршам ойыны)

Жасыл түс (Жұмбақтар)

Ән: Бағдаршам

1. Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата - ана.

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атқа

Қ - сы:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман!

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап

VІ. Сабақты бекіту

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жолда-жүру ережесін

Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Жұмбақтар шешу.

Жұмбақтардың шешуі болатын заттарға сипаттама беру.

1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күзеткен

2. Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялайды

3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Тапсырмалармен жұмыс

VІІ. Үйге Сөздік жаттау, 4 тапсырма жазбаша

VІІІ. Бағалау

.















© 2010-2022