Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)

Сабақтың тақырыбы:  Астана – Қазақстанның жаңа ордасы. Сын есім. Сабақтың мақсаты:    Білімдік: Оқушыларға Қазақстанның жаңа ордасы Астана туралы мәлімет беру, сын түсінік беріп, теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру; Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын молайту,  жазба тілі мен сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау; Тәрбиелілік: өз еліңе  сүйіспеншілік арттыру, Қ... Белгілері Мысалдар Сұрағы Түрі Түсі Дәмі Салмағы Сапасы Көлемі Күйі Затқа қатысы дөңгелек (шар) көгілдір (тау) қышқыл (алма) ауыр (жүк) жұмсақ (нан) үйдей (тас) құрғақ (ауа) шеткі (үй) қандай? қандай? қандай? қандай? қандай? қандай? қандай? қай?   Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.   Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т. б. Күрделі сын есім екі немесе бірнеше сөзден тұрады: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т. б. Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім; 2) туынды сын есім.   Негізгі сын есімешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады.М... Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар Мысалдар -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті -сыз, -сіз -ғы, -гі, -қы, -кі -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік -шыл, -шіл -шаң, -шең -дай, -дей, -тай, -тей -кер, -гер -қой, -қор -паз, -імпаз -и, -ы, -і Таулы, өнерлі, орманды, көрікті Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық Ойшыл, еңбекшіл. Ашушаң, көйлекшең, сөзшең Үкідей, жолбарыстай, баладай. Найзагер, табыскер, әдіскер. Әзілқой, еңбекқор, әуесқой. Өнерпаз, жеңімпаз Әдеби, алтайы, түркі.   Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар Мысалдар -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек -ық, -ік, -қ, -к -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш -ғыр, -гір, -қыр, -кір -шақ, -шек -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі. -ынды, -інді, -нды, -нді -малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі -ымды,- імді, -ымды, -мді -аған, -еген -улы, -улі -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе Жабысқақ, тайғақ, бөлек, Тұнық, бітік, сирек, ақсақ Жүзгіш, айтқыш, жазғыш. Алғыр, білгір, өткір, тапқыр. Тартыншақ, сүріншек. Басыңқы, салбыраңқы. Жуынды, үйінді, жасанды. Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі. Төзімді, қонымды, келісімді. қап(б)аған, теп(б)еген. Байлаулы, ілулі. Бояма, қызба, еспе, бұрма   Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім: түр, түсін, сапасын анықтайды. (қара, тәтті, терең) 2) қатыстық сын есім: басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. (тұзды, қасиетті, дәмді, орманды)                          Сын есімнің үш түрлі шырайы бар: 1. Жай шырай 2. Салыстырмалы шырай     3. Күшейтпелі шырай  1) өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. (Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен 2) Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады. Мысалы: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т. б. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.   2.     Морфологиялық талдау жасаңдар:  қасиетті, тәтті, тұз... №   Жылдар Мәлімет 1 1932 ж. Ақмола сауда жәрмеңкелер өткізетін орталық 2 1939-1961 ж. Ақмола облысы 3 1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп атанды 4 1961-1992 ж. Целиноград  қаласы 5 1992-1998 ж. Ақмола қаласы 6 1998 жылдан Астана қаласы 4.                Тілдесім. Мәтін бойынша диалог құру, екеуара сөйлесу. ҮІ. Өткенді қайталау. 1.    Жазылым. Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс. 1. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп, түрлерін анықтаңдар. 2.       Берілген сөздерді септеңдер: Астана қаласы, құрылысшы. VІІ. Сабақты қорытындылау: Алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау Тест 1. Қазақстанның бас қаласы қай қала? А) Алматы в) Атырау с) Астана 2. Астана қаласының тұсауы нешінші жылы кесілді? а) 1999 жылдың 1 маусымы в) 1998 жылдың ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстанның жаңа ордасы. Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға Қазақстанның жаңа ордасы Астана туралы мәлімет беру, сын түсінік беріп, теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру;

Дамытушылық: Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын молайту, жазба тілі мен сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау;

Тәрбиелілік: өз еліңе сүйіспеншілік арттыру, ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанжы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті әдістер, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақ - жауап.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Сөздікті қайталау. Берілген сөздерді аударып, сөз тіркестер, сөйлем құрастырыңдар.

құрылысшы - строитель

ғимарат- высоты

салу - строить

жабдық - кровля

әрлендіру - дизайн

сырлаушы - маляр

сылақшы - штукатур

сылақтау - штукатурить

бұрауыш - отвертка

балға - молоток

балта - топор

ІІІ. Грамматикалық тақырыппен жұмыс.

  1. Сын есімге түсінік беру, түрлерін анықтау.

Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы - қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапасы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үйдей (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?

Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т. б.

Күрделі сын есім екі немесе бірнеше сөзден тұрады:

апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т. б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім;

2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады. Мысалы: көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т. б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.

Туынды сын есімнің жасалуы

Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті

-сыз, -сіз

-ғы, -гі, -қы, -кі

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

-шыл, -шіл

-шаң, -шең

-дай, -дей, -тай, -тей

-кер, -гер

-қой, -қор

-паз, -імпаз

-и, -ы, -і

Таулы, өнерлі, орманды, көрікті

Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы

Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық

Ойшыл, еңбекшіл.

Ашушаң, көйлекшең, сөзшең

Үкідей, жолбарыстай, баладай.

Найзагер, табыскер, әдіскер.

Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.

Өнерпаз, жеңімпаз

Әдеби, алтайы, түркі.

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек

-ық, -ік, -қ, -к

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

-шақ, -шек

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.

-ынды, -інді, -нды, -нді

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі

-ымды,- імді, -ымды, -мді

-аған, -еген

-улы, -улі

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Жабысқақ, тайғақ, бөлек,

Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.

Тартыншақ, сүріншек.

Басыңқы, салбыраңқы.

Жуынды, үйінді, жасанды.

Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.

Төзімді, қонымды, келісімді.

қап(б)аған, теп(б)еген.

Байлаулы, ілулі.

Бояма, қызба, еспе, бұрма

Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді:

1) сапалық сын есім: түр, түсін, сапасын анықтайды. (қара, тәтті, терең)

2) қатыстық сын есім: басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. (тұзды, қасиетті, дәмді, орманды)

Сын есімнің үш түрлі шырайы бар:

1. Жай шырай

2. Салыстырмалы шырай

Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)

Урок по казахскому языку Астана – Қазақстанның жаңа ордасы (2 курс)

3. Күшейтпелі шырай 1) өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. (Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен

2) Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері бірге жазылады.

Мысалы: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т. б.

Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі - анықтауыш.


  1. Морфологиялық талдау жасаңдар: қасиетті, тәтті, тұзды

Мысалы:

І. Қасиетті - қандай? сын есім

ІІ. Дара, туынды, қатыстық, жай шырай

ІІІ. Анықтауыш

ІҮ. Қызығушылығын ояту.
1. Тыңдалым: Оқушыларға А.Жорабаеваның орындауындағы "Елімнің жүрегі -Астана" әнін тыңдата отырып, Астана қаласы туралы слайд шоу көрсету.

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Қандай қала туралы слайд шоу көрдіңдер?

  • А. Жорабаеваның орындаған әні не туралы?

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Астан қандай қала?

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды, өз ойларын айтады, мұғалім сабақтың мақсатын толықтырады.

  1. "Астана" деген сөз арқылы ассоциация жасауға жеке жұмыс береді. Оқушылар жазған ассоциацияларын оқиды.

Ү. Мәтінмен жұмыс.

  1. Оқылым. Мәтінді өз беттерінше оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Мәтін бойынша кластер жасаңдар. Сол кластер бойынша Астана туралы әңгімелеңдер. Кластерді тақтада сызып, қорғайды. Оқушылар кластер бойынша сұрақтар қояды.

Алматы мен Астана -1318 шақырым

1932 жыл Астана қаласы 1939-1961 ж.ж.



Қазақстанның астанасы жас қала Бәтерек, Океанариум,

Дарын орталығы,

Астана әуежайы

С.Сейфуллин атындағы университеті

Е.Гумилев атындағы университеті

Астана мемлекеттік медицина академиясы



  1. Мәтін бойынша хронологиялық кестені толтыру.


    Жылдар

    Мәлімет

    1

    1932 ж.

    Ақмола сауда жәрмеңкелер өткізетін орталық

    2

    1939-1961 ж.

    Ақмола облысы

    3

    1961 жылға дейін

    Ақмола қаласы деп атанды

    4

    1961-1992 ж.

    Целиноград қаласы

    5

    1992-1998 ж.

    Ақмола қаласы

    6

    1998 жылдан

    Астана қаласы

  2. Тілдесім. Мәтін бойынша диалог құру, екеуара сөйлесу.

ҮІ. Өткенді қайталау.

  1. Жазылым. Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс.
    1. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп, түрлерін анықтаңдар.

  2. Берілген сөздерді септеңдер: Астана қаласы, құрылысшы.

VІІ. Сабақты қорытындылау: Алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау

Тест
1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
А) Алматы в) Атырау с) Астана
2. Астана қаласының тұсауы нешінші жылы кесілді?
а) 1999 жылдың 1 маусымы в) 1998 жылдың 10 маусымы
с) 1997 жылдың 10 тамызы
3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
А) Есіл өзенінің жағасында в) Ертіс өзенінің жағасында
с) Әмудария өзенінің жағасында
4. Қаланың негізі қай жылы қаланған?
А) 1933 ж в) 1932ж с) 1934ж
5. Целиноград қаласы болып нешінші жылы өзгертілді?
А) 1968ж в) 1961ж с) 1970ж
6. Астананың символын ата.
А) Думан в) Ханшатыр с) Бәйтерек
7. Бәйтеректің биіктігі неше метр?
А) 99метр в) 97 метр с) 100 метр
8. Бәйтеректің ішінде кімнің қолтаңбасы бар?
А) Мұғалімнің в) Елбасының с) Депутаттың


VІІІ. Бағалау кезеңі: Топ басшысы бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалайды.

ІХ. Үй жұмысы:
І деңгей Шағын шығарма «Келешекте мен аңсайтын Астана» (5-6 сөйлем)
ІІ деңгей Астана қаласы туралы қосымша мәлімет жинастырып келу
ІІІ деңгей Диалог құрастыру ( 5-6 сұрақ- жауап)
Х. Рефлексия.






© 2010-2022