Поурочный план по казахскому языку

Не? Қайда? Қашан? ойын-сабақтың тақырыбы: Компьютер не үшін керек? Мақсаты: Білімділік. Компьютер туралы алған білімдерін бекіту. ҰБТ-ға дайындықтарын нығайту. Синтаксистік, морфологиялық талдау. Компьютердің жаңа мүмкіндіктерімен байланысты жаңа сөздерді меңгерту, оларды қарым-қатынас кезінде пайдалануға төселдіру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан қалыптастырып, сауатты жазуларын, компьютердің рөлін жатық тілмен айта алуға баулу. Тәрбиелілік: Компьютерге тәуелді болмай, оның пайдас... Омыртқа – позвоночник Қисаю – кривиться Жүйке – нерв Залал – вред Үңілу – всматриваться Жүйе - система 4-раунд. Жазба жұмыс: Синтаксистік және морфологиялық талдау жасау. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын  құрылғы, ол – есептеулерді ақпараттарды қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және шығаруға арналған машина.             Компьютердің залалы көздің көруіне, омыртқаның қисаюына және жүйкенің бұзылуына әкеліп соғатындықтан, бізге оның алдында үнемі отыруға болмайды. 5-раунд. Жағдаят бойынша әңгімелеу (суреттер). 1-жағдаят: «Сенің компьютерің бұзылып қалды. Оны жөндету үшін компь... Компьютердің пайдасы жоқ.   Жоқ, компьютердің пайдасы бар. Өйткені уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.  Көздің көру қабілетін төмендетеді ме?   Иә, ұзақ отырсаң, көздің көруін төмендетеді. Жүйкеге салмақ түсірмейді.  Омыртқа қисаймайды. Жоқ, жүйкеге зияны бар. Адам ашушаң болады, сондықтан көп отырмау керек.  Бағалау. Әр раундтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.  Әр топ өздерінің ұпайларын есептейді (жүргізушімен бірге).  Жеңген топ анықталып, бағаланады. Үйге тапсырма: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы шағын эссе жазу.                                                                                                                                 
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Не? Қайда? Қашан? ойын-сабақтың тақырыбы: Компьютер не үшін керек?

Мақсаты: Білімділік. Компьютер туралы алған білімдерін бекіту. ҰБТ-ға дайындықтарын нығайту. Синтаксистік, морфологиялық талдау. Компьютердің жаңа мүмкіндіктерімен байланысты жаңа сөздерді меңгерту, оларды қарым-қатынас кезінде пайдалануға төселдіру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан қалыптастырып, сауатты жазуларын, компьютердің рөлін жатық тілмен айта алуға баулу.

Тәрбиелілік: Компьютерге тәуелді болмай, оның пайдасы мен зиянын ескеріп, денсаулықтарына сақтықпен қарау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта. Сағат. Қара жәшік.

Пәнаралық байланыс: информатика.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәлелдеу, баяндау.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қатысушылар - жүргізуші (мұғалім), қатысатын екі топ.

Ойын-сабақтың шарты:

Сұрақты таңдау үшін алдарыңыздағы айналманы басасыздар, ол тоқтаған уақытта көрсетілген сұрақ (белгілі бір атпен шығады) айтасыздар. Жүргізуші сіздерге сұрақпен таныстырады (немесе интерактивті тақтада жазулы тұрады). Осы уақыт аралығында сіздер өзара келісіп сұрақтың жауабын айтасыздар да, дұрыс жауапты тыңдайсыздар. Егер жауап сәйкес келсе, сіздердің раундты ұтқандығыңыз. Әр раундтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі. Ал сәйкес келмесе, келесі топтың есебіне шешіледі.

1-раунд. Қара жәшіктен шыққан сұрақтарға жауап беру керек (логикалық сұрақтар).

1) Үйдің терезесінде жазылған сөздерге қатысы жоқ жауапты табыңдар.

А) тасымалданбайтын сөз

В) бір буынды сөз

С) жуан буынды сөз

D) үш дыбыстан тұратын сөз

Е) тек қатаң дыбыстан құралған сөз.

2) Компьютерде берілген тура толықтауышы бар сұраулы сөйлемді табыңдар.

А) 2 В) 1 С) 3 D) 4 Е) 5

2-раунд. Үй жұмысын тексеру. Үш сұрақ беріледі

  1. Компьютер деген не? (ағылш. computer - «есептегіш». Ол - ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы, ол -есептеулерді жүргізуге, ақпаратты қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және нәтижесін шығаруға арналған машина.

  2. Компьютер неліктен дербес деп аталады? (Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз).

  3. Пернетақта деген не? (компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді).

Екінші топқа:

  1. Тінтуір деген не? («графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді).

  2. Жүйелік блоктың қызметі жайлы не айтасыздар? (дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан).

  3. Принтер мен сканердің айырмашылығы қандай? (Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканерлер қара, ақ түсті немесе түрлі-түсті болады).

3-раунд. Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздердің қайсысына фонетикалық талдау жасағанда, жоғарыдағы талдаумен бірдей болады?

  • Дауыссыз, ұяң дыбыс.

  • Дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң дыбыс.

  • Дауыссыз, үнді дыбыс.

  • Дауыссыз, қатаң дыбыс.

  • Дауысты, жіңішке, езулік, ашық дыбыс.

Омыртқа - позвоночник

Қисаю - кривиться

Жүйке - нерв

Залал - вред

Үңілу - всматриваться

Жүйе - система

4-раунд. Жазба жұмыс: Синтаксистік және морфологиялық талдау жасау.

Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы, ол - есептеулерді ақпараттарды қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және шығаруға арналған машина.

Компьютердің залалы көздің көруіне, омыртқаның қисаюына және жүйкенің бұзылуына әкеліп соғатындықтан, бізге оның алдында үнемі отыруға болмайды.

5-раунд. Жағдаят бойынша әңгімелеу (суреттер).

1-жағдаят: «Сенің компьютерің бұзылып қалды. Оны жөндету үшін компьютер жөндейтін шеберге телефон шалып, жағдайды түсіндір».

2-жағдаят: «Мен жаңа компьютер сатып алғым келеді. Маған кеңес беріңіздерші: қандай компьютер несімен артық?» (компьютерлердің зияндылығы аздығына да көңіл бөл)

6-раунд. Сабақты қорытындылау. Комьютердің пайдасы мен зияны туралы жазу керек.

Компьютердің пайдасы жоқ.

Жоқ, компьютердің пайдасы бар. Өйткені уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Көздің көру қабілетін төмендетеді ме?

Иә, ұзақ отырсаң, көздің көруін төмендетеді.

Жүйкеге салмақ түсірмейді.

Омыртқа қисаймайды.

Жоқ, жүйкеге зияны бар. Адам ашушаң болады, сондықтан көп отырмау керек.

Бағалау. Әр раундтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі. Әр топ өздерінің ұпайларын есептейді (жүргізушімен бірге). Жеңген топ анықталып, бағаланады.

Үйге тапсырма: Компьютердің пайдасы мен зияны туралы шағын эссе жазу.










© 2010-2022