Ұлттық тағамдар 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдарСабақтың мақсаты:1.Білімділік: Тақырып туралы түсінік беру, жаңа сөздерді меңгеру, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру. Тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Тапсырмалар орындау.2.Дамытушылық: сөз тіркесін дұрыс құрау қабілетін дамыту, буынға дұрыс бөлуге үйрену, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.3.Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық тағамдарын білу және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуСабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеуСабақтың...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тақырып туралы түсінік беру, жаңа сөздерді меңгеру, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру. Тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Тапсырмалар орындау.

2.Дамытушылық: сөз тіркесін дұрыс құрау қабілетін дамыту, буынға дұрыс бөлуге үйрену, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық тағамдарын білу және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі -

Сыныппен амандасу

Кім жоқ екенін анықтау

Қазір қай жыл мезгілі?

Бүгін нешесі?

Қазір қандай сабақ?

ІІ. Тіл дамыту -

Қазақ тілі сабағында деген тақырып бойынша әңгімелесу

Қорытындылау үшін сұрақтар қою:

Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?

Сабақта қандай тапсырмалар орындайсыңдар?

Сабақта қазақша сөйлесуге тырысасыңдар ма?

ІІІ. Жаңа тақырып: балалар мына есептерге назар аударыңдар. Есептерді шешіп, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

50+83=133 55-14=41

78-14 = 64 17+5=22

68+23= 91 10+6=16

145-50= 95 87-52=35

32+3= 35 5+13=18

60-9=51

133- ұ 41-т

64-л 22-а

91-т 16-ғ

95-т 35-а

35-ы 18-м

51-қ

Қандай сөз тіркесі шықты. Дұрыс «Ұлттық тағам» деген сөз тіркесі шықты. Сонымен сабақтың тақырыбы ұлттық тағамдар деп аталады.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр алуан. Негізінен ұлттық тағамдардың үш түрі бар. Олар еттен жасалған, сүт тағамдары және ұннан жасалған тағамдар.

Бүгін сабақта жаңа сөздермен танысып, сөйлемдер құрастырамыз. Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен танысамыз, мәтінмен жұмыс өткіземіз. Меңгерілетін сөздерге назар аударыңдар.

1. Жаңа сөздер:

1.мұғалім оқиды

- хормен оқиды

- сөз тіркестер құрастыру

- сөйлемдер құрастыру

- сызылған сөздерді буынға бөліп, түрлерін анықтау

- шұбат- сөзіне ауызша фонет.талдау жасау

Ұлттық тағамдар-

Сусындар-

Қымыз-

Қонақ-

Шұбат-

Аттамайды-

Дәм-

Ауыз тимей-

Қуырған бидай-

Көп күттіруге-

2. Мәтінді оқып, түсінгенін айту, сұрақтарға жауап беру

2-тапсырма, 150 бет

3. сұрақтарға жауап беріңдер.

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып жауап береді

- қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе бар ма?

- дастарқанда аттауға болады ма?

- ұлттық тағамдар қалай бөлінеді?

- ет тағамдарына не жатады?

- сүт тағамдарына не жатады?

- нан тағамдарына не жатады?

-тамақ ішуге шақырғанда не істеуге болмайды?

4. мәтінге сүйене отырып, сызбаны толықтырыңдар

Ұлттық тағамдардың түрлері

Ұлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сынып

Ет тағамдары

Сүт тағамдары

Нан тағамдары

Дәннен жасалған тағамдар

Ұлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сынып

1.

2.

3.

1.

2.

3.

1.

2.

1.

2.

3.

4.


5. Топтық жұмыс жасау

1 топ тапсырмасы: ұлттық тағамдар суреттері бойынша сөйлемдер құрастыру (бесбармақ, бауырсақ суреттері берілген)

2 топ тапсырмасы: ұлттық тағамдар тақырыбы бойынша өзара сөйлесу

3 топ тапсырмасы: жақшаның ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

  1. Қазақта (неден?) ---------------------------- үлкен нәрсе жоқ.

  2. Ұлттық тағамдар (нешеге?) ------------------ бөлінеді.

  3. Жылқының етінен (не?) --------------------- дайындайды.

  4. Суық жерде жылқының (несі?) ------------ қатпайды.

  1. «Адасқан сөздер» ойыны. Ойынның мақсаты берілген сөздерге сұрақ қою арқылы тиісті сөз табына қою.

Зат есім

Сын есім

Етістік




Керекті сөздер: Үлкен, ұлттық, жасайды, құрт, болады, дастарқан, жатады, ірімшік, дәмді, сүт, аттамайды, тамақ, пісіреді, негізгі, тәтті

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Қуырдақ және бауырсақ жасау үшін қандай тағамдар керек.

Ұлттық тағамдар 6 сыныпҰлттық тағамдар 6 сынып


Керекті сөздер: ұн, ет, тұз, су, май, сәбіз, жуа, жұмыртқа, қызанақ, тұз, май, ірімшік, құрт

Сонымен, бүгін сабақта қандай ұлттық тағамдарды білдік?

Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?

Тамақ ішуге шақырғанда не істеуге болмайды?

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Сөздер жаттау, мәтіннің мазмұнын айту

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.





«Қостанай қаласы әкімдігінің № 1 орта мектебі» ММ
















АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Ұлттық тағамдар



















Мұғалім: Мұхамедқалиева Б.М.







Қостанай қ. 2012-2013 о.ж.

© 2010-2022