Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.11.2015

Сынып: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру,

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз - әңгімелер жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жиреншенің хан сынағына түскені

«Ыстық орындық» әдісі

  1. Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?

  2. Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?

  3. Хан Жиреншеге сексен еркек қой беріп : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

Оқып түсінік алу үшін 10 минут уақыт беріледі.


ІV. Түсінік тексеру:

Сұрақ -жауап: «Бәйге» ойыны:

1.Баяғыда кім деген шешен болыпты?

2.Ол қандай кісі болыпты?

3.Жиреншенің өз үйі, күйі әңгімеде қалай берілген?

4..Жиренше киізі қырық жамау күркесіне келіп: не дейді екен?

5..Хан Жиреншені жұмсап анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады?Сұрап келші дегенде Жиренше барып не істеді? Қандай жауап қайырды ханға?

6.Қаңбақ қандай жауап қайырыпты?

7..Хан ұялдыма?

8. Қаңбақ деген не?
9.- Қаңбақтың адамша сөйлеуі шындық па, әлде…

10. "Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?" деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?

11.Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?

12.Қанбақ сияқты өмірде адамдар бар ма?

13. Аңыздан не түсіндіңдер?

Оқулықпен жұмыс.

Сөзмаржан.

Нөкер- ханның жанында еріп жүрген адамдар

Адыр-қыр.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру:

V.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

VІ.Үй тапсырмасын беру.

Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?

© 2010-2022