Сөз бен мағына. Қазақ тілі 5-сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз бен мағына. Қазақ тілі 5-сыныпСөз бен мағына. Қазақ тілі 5-сыныпСөз бен мағына. Қазақ тілі 5-сыныпСөз бен мағына. Қазақ тілі 5-сыныпҚызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,

Алдашбай ахун ауылы

№111 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы


Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Сөз бен мағына

Сілтеме

Оқулық,қосымша ресурстар,

Сабақтың мақсаты

Қазақ тілінің сөздік құрамына кіретін сөздер мен олардың қолданылуы туралы білу. Сөз байлықтары мен сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін меңгерту.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Серпілген саулдар», «Бір әріптің ізімен», «Сен- маған, мен-саған» топпен, жеке жұмыс.

Оқыту нәтижелері

Қазақ тілінің сөздік құрамына кіретін сөздер мен олардың қолданылуын айқындай алады.Сөз байлықтары мен сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың кезеңдері

Ресурстар

\Керек жабдықтар\

Оқыту моделі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2-3 мин

Нақыл сөздер арқылы топқа бөлу

Топқа бөлу

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа назарын аудару, нақыл сөздер арқылы топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындау.

Сөздер бойынша топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Жеке жұмыс

28-жаттығу. Түсіндірме сөздіктен мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздер жазып келу.

Оқушылар жаттығуды орындап келеді

Үй тапсырмасын бекіту

Жеке жұмыс

Мұғалім оқушыларға «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы сұрақтар қояды.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды

Жаңа сабаққа даярлық

Жеке жұмыс

А) Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

(Ж. Молдағалиев)

Мағынаны тану

Лексика - белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз - зат не құбылыс атауы.

Сөздерді өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?

Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.

«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.

- Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?

- Мағына

- Мағына - сөздің ішкі мазмұны

- Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?

- Жоқ

- Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.

Сөз

С

Атауышсөз Көмекші сөз Одағай сөз

Ұлт туралы пай-пай

Дала үшін паһ

Кең қарай алақай

Оқушылар ойланып жауап береді.

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

Сө бен мағына

Оқулықпен жұмыс

І топ 29-жаттығу. Лексикалық мағынасы бар сөздер мен жоқ сөздерді жазу.

ІІ топ. 30-жаттығу.

Лексикалық мағынасы бар сөздерді жазу.

Оқушылар өз топтарына берілген тапсырманы топпен орындайды.

Дамытушылық тапсырма

Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырма беріледі.

Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды.

( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.

( пияз)

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті

Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.

Оқушылар шеңберге тұрып жауап береді.

Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс

«Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы бекіу.

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Оқушылар сұраққа жауап іздеп,өз ойларын айтады.

Бағалау

Бағалау парақтары

Жеке жұмыс

Өзін-өзі бағалау парағын тарату

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, лексикалық мағыналарын анықтау.

Рефлекция

Бүгін мен не үйрендім? Мен не үйренгім келеді?



© 2010-2022