Қазақ тілінен сабақ жоспары

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Целинный орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.В. Гладких ашық сабақ Сынып: 1 Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидектер Сабақтың мақсаттары: 1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, оларды тілдік қатынаста пайдалану; жеміс-жидек түрлерімен таныстыру. 2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. 3. Әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма, түсі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 1

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидектер

Сабақтың мақсаттары:

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, оларды тілдік қатынаста пайдалану; жеміс-жидек түрлерімен таныстыру.

  2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

  3. Әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, тыңдап түсіну, ойландыру, көрнекілік, жаттығу, ойын тәсілі

Сабақтың көрнекілігі: төл дыбыстар, суреттер, кесте, интербелсенді тақта,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, әдеп.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені

1. Амандасу(дөңгелекте)

-бір-біріне сәлем берейік, маған сәлем беріңдер

-санайық бүгін біз нешеуміз?

-қазір қандай жыл мезгілі?

-қыс айлары қайталайық: желтоқсан, қаңтар, ақпан

-бүгін аптаның қай күні?

2.Көңіл-күйдің үйшігі. Рефлексия.

3. Ауызекі сөйлеу. Айтылым.

-ыр- ыр-ыр ырылдайды қасқыр,

-кі-кі-кі бұландайды түлкі,

-ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян.

-ю-ю-ю қорбандайды аю.

ІІ. Өткенді қайталау

Ойын «Сиқырлы ағаш»

Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сөз орысша жазылады, өткен тақырып бойынша. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сөзі қазақ тіліне аударады. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Әр оқушының еңбегін бағалаймын.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

  • Ал, бізге қыздар өлеңдер дайындап әкелді. Қане тыңдаймыз:

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем, шіркін -ай!

Қарай бергің келеді,

Дүркін, дүркін, дүркін -ай!

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Апорт деген алманың,

Таттың ба сен бал дәмін?

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.

(қыздардың қолында алма, шие, құлпынай суреттері)

  • Осы суреттерге қарап, қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырыбымыз қандай болады? Дұрыс, «фрукты и ягоды», қазақша «Жеміс-жидектер»(слайд 1) Біз бүгін бақшаға барамыз, онда тақырыппен танысамыз.

  • Бүгінгі сабақтың мақсаттары: (2 слайд)

ІҮ. Жаңа сабақ

  1. Жаңа сөздерімен жұмыс . Аудирование.

  • Интербелсенді тақтадан қарайды, тыңдайды, қайталайды.

  • Жуан және жіңішке болып екі топқа бөлінеді. Т. Валяева технология бойынша: «екі ел: көктем және қыс, көктемде жіңішке сөздер тұрады, қыста жуан сөздер тұрады.» (3 слайд)

  • Сөздерді буынға бөледі, екі оқушы тақтада жұмыс істейді(схема).

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестері құраймыз. (себет, суреттер)

«Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады.

  1. Сергіу сәті

  2. Жазылым. Жұмыс дәптерде тапсырма орындайды.

Ү. Бекіту кезені

1. Ойын «Қатені тап» Тақтада қатемен жазылған сөздер бар, қатені табу керек. (4 слайд)

2. Ойын «Дұрыс аудармасын тап»(5 слайд)

3. Ойын «Лото»

4. Тілдесім. Қарапайым үлгілерді пайдаланып, тақырып көлемінде сөйлейді. «Мен жеймін» және «Мен жемеймін» үлгілері меңгереді.Үлгі: жейтін жемістер себетке салады: «мен алманы жеймін»; жемейтін себетке салмайды: «мен лимон жемеймін» (6 слайд)

ҮІ. Қорытындылау

  • Бүгін біз не істедік?

  • Қандай тақырыппен таныстық?

  • Енді қандай жаңа сөздерді білеміз?

ҮІІ. Рефлексия. Көңіл-күйдің үйшігі

ҮІІІ. Бағалау.



Қазақ тілінен сабақ жоспары:



Қазақ тілінен сабақ жоспары:


© 2010-2022