Unit 5. Lesson 5. A vet (3 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Ағылшын тілі

Сыныбы: 3

Күні, айы, жылы:2.02.2016ж

Unit 5. Lesson 5.

Сабақтың тақырыбы: A vet.

Сабақтың мақсаттары:

білімділік: "A vet" тақырыбы бойынша жаңа лексиканы енгізу және алғашқы бекіту; look, for, look after фразалық етістіктерін қолданудағы грамматикалық дағдыларын қалыптастыру; Present Simple , Present Continuous бойынша етістіктерді болымды, болымсыз және сұраулы формада бекіту; жаттығу жұмысын жаза отырып білім сапасын арттыру.

дамытушылық: оқылған лексиканы белсенді ету сөздік қорды байыту арқылы оқушылардың тілін, ауызша сөйлеу және сөздерді дұрыс айту дағдысын дамыту.

тәрбиелік: Еңбексүйгіштік, ауылды жерде жұмыс істейтін адамдардың еңбегін құрметтеу, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: сөздік әдісі

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Present Simple , Present Continuous шақтарын, look, for, look after фразалық етістіктерін білу және пайдалана алу; әріпті\әріптер тіркесін оның дыбыстық формасымен сәйкестендіру; телефон номерлерін айта алу;

Тұлғалық: оқылатын тілге қызығушылық, үлкендерге\жасы кішілерге, жануарларға ықылас және қамқорлық таныту; еңбекке құрметпен қарау;

Жүйелік - әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша оқылған лексикалық- грматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану; ағылшын тіліндегі сөздер мен фразаларды есту барысында фразаларды есту арқылы қабылдау барысында тілдік түйсікке сүйену.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: сабаққа байланысты бейнетаспалар, тақырып бойынша суреттер

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, сөздік, қарындаш топтамасы.

Сабақтың барысы

1 . Ұйымдастыру кезеңі

T: Good morning, boys and girls!

P: Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning,

We are glad to see you!

T: Thank you, boys and girls!

I am glad to see you , too!

2.Сабақтың тақырыбын хабарлау: - Бүгін біз өткен сабақта бастаған тақырыпты жалғастырамыз. -Балалар қандай мамандық ең маңызды деп ойлайсындар? - Дұрыс айтасындар дарігерлер адамдарды әртүрлі аурулардан емдейді, ал жануарлардың денсаулығына қамқор болатын дәрігерді қалай атайды? - Дұрыс ветеринар немесе мал дәрігері. Ағылшын тілінде veterinarian деп аталады, ал біз осы сөздің vet деген қысқаша нұсқасын пайдаланамыз.

3. Тірек білімді белсендіру

Фонетикалық жаттығу. Ss [s], [z]

[s], [s], [s].

[s] sun, [s] see

[s], [s], [s]. the sun, to see. I can see the sun in the sky

[z], [z], [z].

[z] , [z] Please, has.

[z], [z], [z]. Look at me, please. She has a vase.

4. Жаңа білім тәсілдерін меңгеру.

Оқулықпен жұмыс

Exercise: 1 Look, listen and read.

Track 32.

This is Murat. He is a vet. He is looking for a job. He is reading a newspaper.Our farm needs a vet. If you like working outside… If you like getting up early… If you likefarm animals… Work with us! Our phone is (723) 261 5478. Our address is "Aksu" village.

Murat is on the farm. He is working now.

Oh, poor sheep, you are sick! He is giving some medicine to the sheep.

He is fixing the horse's leg.

He is giving a shot.

He's looking after the cow's baby. He loves his job.

5. Бастапқы білімді тексеру.

Exercise: 2 Answer the questions.

Exercise: 3. Learn to read.

Ph [f] - phone, photo, alphabet, phrase, elephant, dolphin.

Сергіту сәті

Hands up! Hands down!

Hop, hop

Turn around,

Bend left, bend right,

Turn around and sit down.

Білім мен әрекет ету тәсілдерін бекіту.

6. Дәптермен жұмыс

Exercise : 1. Complete the sentences with the wordsin the box.

Keys: 1. farm. 2. medicine. 3. at. 4. after.

Exercise: 2 Put for or after.

Keys: 1. after. 2. for. 3. after. 4. for.

Exercise: 3. Listen and complete the conversation.

Track 38. Keys:

Farm worker-Hello! What's your name?

Murat: - My name is Murat.

Farm worker- Are you a vet?

Murat: - Yes, I am

Farm worker- Do you like farm animals?

Murat: -Yes, I do.

Farm worker- What's your phone number?

Murat: - It's (723) 261 1426

Farm worker- Come to the farm on Monday at 9 o'clock, please.

Murat: - OK. On Monday at 9 o'clock. Thank you. Goodbye!

7. Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақта не үйрендік.Сендерге не қызықты болды? Қандай жаңа сөздермен таныстық?

Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру: 2- жаттығу


© 2010-2022