«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, жаңа сабақты түсіндіру. Жалаң және жайылма сөйлемдерді сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.                                    ә) Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.                             б) Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрби...
Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матылова Лаззат Орынгалиевна

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, жаңа сабақты түсіндіру. Жалаң және жайылма сөйлемдерді сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.

ә) Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

б) Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта,аудио дыбыс,флипчат

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. (психологиялық дайындық)

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Ой қозғау.

  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Қазір қыс мезгілі.

  • Қыс мезгілі қандай болады?

  • Қыс мезгілі суық, аязды, боранды болады.

  • Дұрыс айтасыз.

  • Бірақта қыс мезгілінде де қыстап қалатын құстар да болады.

  • Олар қандай құстар? Кәне,есімізге түсіріп көрейікші.

  • Қыс мезгілінде қыстап қалатын қандай құстар?

Сызбамен жұмыс.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

  • Көгершінді қандай құс дейміз?

  • Бейбітшілік құсы дейміз.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

  • Бүгінгі сабағымызда осы «Бейбітшілік құсын» қаһарлы,аязды қыстан құтқаруға көмектесеміз.

  • Ол үшін Ақкөгершіннің тапсырмаларын орындап көрелік.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс) «Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Жұмбақ шешеу. Суретпен жұмыс

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

-Қар қай кезде болады? Балалар суретке қарап әңгіме құрындар.

-Қыста. Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне

талдау.

Қыс келді. Балалар шаңғымен сырғанады.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жалаң сөйлемдер: Бағдаршам жанды. Оқушы жазды. Нұргүл сырғанады.

Жайылма сөйлемдер: Демалыс күні анам дәмді бауырсақ пісірді. Қыста жер ақ қарға оранады. Жаяу адам соқпақ жолмен келеді.

Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Венн диаграммасы толтыру.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Жұмбақтар шешу.

Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)

Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Қорытынды бөлім.

«Ақ көгершін» әнін хормен орындау.

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Сабақтың соңы.

Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы:

«Жалаң және жайылма сөйлем»

( 3 класс)

«Жалаң және жайылма сөйлем» ( 3 класс)

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Матылова Л.О.

© 2010-2022