Урок по казахскому языку Отбасы мүшелері

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.
Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.
Тәрбиелік: Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап
Көрнекілігі: сөйлем құрау, карточкалар
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы әңгіме құру

II Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.
III Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Тірек сызбадағы сөздер
V Сабақты түсіндіру:

Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.
Ендеше мына мақалға назар аударайық:
Әке- асқар тау,
Ана-бұлақ,
Бала-құрақ.
Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағы құрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, бұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс, _бұрыс еместігін анықтау.
Мәтін.
Менің отбасында бес адам бар. +
Олар анам, әкем, сіңілім, мысығым және мен. _
Cіңлім, інім бар. +
Менің әкем дәмді тамақ пісіреді. _
Менің анам ағаш жарады. _

Дәптермен жұмыс.
6 тапсырма 15 бет. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Дарынды оқушымен жұмыс қысқаша монолог айтту «Менің отбасым туралы».
Суреттерге қарап өз отбасының мүшелері кім болып істегендері туралы айту.
Қорытынды: Бір _біріне тақырып бойынша сұрақ қою.

Бағалау.
Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау, 7 бет 9 тапсырма.


© 2010-2022