Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары

Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары. Сабақ  қолданылған көрнекілігімен ұсынылып отыр. Сабақтың тақырыбы: Түстер.  Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.  Көрнекілік: «Түстер» тақырыбындағы мазмұнды суреттер.  Мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен танысу. Сөздік қорын молайту. Сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету. Сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту.  Тәрбиелік: Өмірді, табиғат ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары. Сабақ қолданылған көрнекілігімен ұсынылып отыр.

Сабақтың тақырыбы: Түстер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілік: «Түстер» тақырыбындағы мазмұнды суреттер.
Мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен танысу. Сөздік қорын молайту. Сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету. Сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өмірді, табиғат көрінісін бағалай білуге тәрбиелеу.
Оқушы нені білу тиіс:
«Түстер» тақырыбы бойынша сөйлей білу. Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді сөйлемде дұрыс қолдана білу. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алу.
Оқушы нені игеруі қажет: Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, жаңа сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс айтуға, суретті бояуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Сәлеметсізбе!
Сабақтың негізгі бөліміне дайындалу:
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Түстер».Түстер туралы не білесіңдер? Қандай түстер болады? Әр затта өз түсі бар.
Сабақтың негізгі бөлігі:
- Бүгін біздің сабағымызға қонақ келді. Бұл Жас суретші. Ол бізді түстер әлемімен таныстырып өтеді.
- Қараңдар, ол бізге сурет салып келді. Бұл не?
-Шар.
-Шар қандай? (қызыл). Тағы да қызыл түсті бізде не бар?
- Ал мынау не? ... (осы түрде қара, ақ, көк, жасыл, көгілдір, қоңыр, сары, қызыл сары түстермен танысу).
-Жұмбақ жасыру:
Ағайынды бәрі:
Шықса көк, түссе сары. (Жапырақ)
-Фонетикалық жаттығу.
-қо, -қо, -қо -қоңыр
-қы, -қы, -қы - қызыл
-қа, -қа, -қа - қара
-Жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Тынығып алайық. Орнымыздан тұрамыз. (сергіту сәті)

Орнымыздан тұрамыз.
Қолды белге қоямыз.
Басты оңға бұраймыз.
Басты солға бұраймыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.


- Жақсы, орнымызға отырамыз. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түстер бізге керек пе? Не үшін керек?
-Жақсы, ал енді, балалар, сендердің түсінігін тексеру мақсатында біз келесі тапсырманы орындаймыз: мен сендерге түссіз суретті беремін, сендер оны мен айтқан түспен бояйсыңдар. Бірақ алдымен қолдарымызды дайындап қояйық:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.

Дәптермен жұмыс.
Қорытынды: -Балалар, сабақ барысында жақсы жұмыс істедіңдер. Сендерге көп рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары



Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары




Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары


Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары


Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары








Бірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспарыБірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспарыБірінші сыныптағы қазақ тілінен «Түстер» сабағына сабақ жоспары














© 2010-2022