Ағылшын пәніне арналған қысқа мерзімді жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 2 а

Күні

Тақырыбы


Сауысқан мен көкек


Мақсаты


Ертегі мазмұнын түсініп оқуға, оқушылардың қиялын ұштап, еркін сөйлеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

А. Ертегіні түсініп оқиды.

В. Ертегіні сипаттайды, бөліктерге бөледі.

С. Өз бетімен деректер жинап, өмірмен байланыстыра талдайды.


Дереккөздер,

құрал-жабдықтар

Әдебиеттік оқу оқулығы 2- сынып. Оқулық авторы Б.АТұрғынбаева,

З. Муфтибекова 2013жыл.

Интерактивті тақта, оқулық, ресурс парағы ,флипчарт, интернет материалдары, рефлексия парақтары


Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды топқа бөлу.

Кедей алтын балтаны алды?

Алтын балта жалқауларға қызмет етуі мүмкін бе?

Кедей ақылды, адал адам.

Бай дүниеқоңыз

Ертегі кейіпкерлері бай мен кедей?


«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.

Топтық ережені еске түсіру.

Топтың ережесі.


Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

Оқушылар өз ойын айтады.

Тапсырмаларға жауап береді.

Жалған - аяқпен тарсылдатады.

Шындық - қолдарын шапалақтайды.

Бармақпен бағалау әдісі.

- бірін бармақтың суреті бар смайликпен бағалайды.

Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.

Топтық ережені сақтайды


Тұсаукесер

Қызығушылықта ояту.

Қонақ шақыратын құс

Қулығын асыратын,

Жұмыртқасын өзі баспай,

Басқа ұяға жасыратын,

Өзін - өзі әйгілейтін,

Қандай құс,

Оңайға бас ұратын?

-Көкек туралы не білесіңдер?

-Басқа құстар көкектің жұмыртқасын неліктен басып шығарады.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Сонда көкектің пайдасы ........

Қызықты мәлімет.

-Көкек балапаны өте пысық болады. Жұмытқадан шығып көзін ашқан кезде, ұядағы басқа құстардың балапандарын ұяның шетіне қарай ысырып, құлатып жібереді. Ұядағы өзінен басқа балапандар өскенге дейін осылай әрекет етеді. Балапан осы әрекетін 4 күнде жасап үлгермесе, қалған күндері мұндай қасиеті жойылады.

-Бірақ барлық құс көкек сияқты емес. Балапанының жағдайын ойлап берік ұя жасайтын құстар өте көп.

Солардың бірі - сауысқан.

-Ол бір күні көрші көкекпен сөйлеседі. Не туралы сөйлескен екен?

Болжау

-Білгілерің келе ме?

-Ендеше сауысқан мен көкек ертегісін оқып, топта талдайды.


Оқушылардың жауабы.

Сауысқан

Көкек





Дарынды және талантты оқушылар айтады.


Оқушылар тыңдайды.





Негізгі бөлім

Көкек пен сауысқанды салыстыру.

Жеке жұмыс.

Топтық жұмыс.

Қорғау

-Қазіргі кезде ата - анасы жоқ немесе анасы тастап кеткен жетім балалар көбейіп кетті. Олар балалар үйінде тәрбиеленуді. Балалар анасын сағынады, күтеді. Бірақ аналары көкек ана сияқты балаларын іздемейді.

Сендер ана қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Топтастыру



Өз ойларын айту.

Бармақпен бағалау

Қорытынды

АВСД әдісі

1.Көкек ерте тұрып не деп айқайлады.

А) Ұя керек В) Құрал керек

С) Сазбалшық Д)Сауысқан

2.Сауысқанның ұясы ...

А) Әдемі

В) Жас бұтақтармен таспалып, берік етіп, шыммен, өсімдік тамырларымен байлап, ішін сазбалшықпен сылады.

С) Үйдің іргесіне балшықпен салды.

Д) Жас бұтақпен, таспалады.

3. Көкек қандай әріпке тілі келмей қалды?

А) А В)К С)Р Д)Ө

4. Жұрт оны кекетіп ....

А) керек В) көлек С) сақау Д)көкек

Үйге тапсырма

«Емші Еңбек» атты кұлдіргі мысал ойлап жаз.

Рефлексия СМС - хабарлама

Оқушылар А -қызыл, В -сары, С -жасыл, Д - көк түстер арқылы дұрыс жауаптарын тауып, түстердің біреуін көтереді



Білім кілті арқылы бағалау

Энциклопедиядан құстардың ұя салуы туралы деректер іздестіріп келеді.


Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Қызылоба ауылы

Е.Ш.Орақбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Губашева Эльвира Сырымқызы


© 2010-2022