Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш ғалымы

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш ғалымы

1.Халқының тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін зерттеген тұңғыш қазақ

ғалымын көрсетіңіздер

Л) Абай Құнанбаев М) Шоқан Уәлиханов

Н) ЫбырайАлтынсарин О) Ахмет Байтұрсынұлы

2. Ұлы ғалымның туған жерін көрсетіңіздер

С) Ақмола бекінісі Т) Ішкі Бөкей ордасы

У) Баянауыл жері Ұ) Құсмұрын бекеті

3.Ағартушы, этнограф, саяхаттанушы,зерттеуші, суреткер ғалымды

тәрбиелеген ата-анасының есімін көрсетіңіздер

Т)Құнанбай, Ұлжан Х) Шыңғыс, Зейнеп

Ц) Уәли, Айғаным Ч) Ибраһим, Қарашаш

4.Шоқан Уәлиханов Гомердің «Иллиадасымен» пара-пар деп баға берген қырғыз халқының жырын көрсетіңіздер

А) «Манас» жыры Ә) «Күлтегін» жыры

Б) «Көрұғлы» жыры В) « Алпамыс батыр» жыры

5.Шоқанға «Еуропаға ашқан терезе » деп баға берген қай орыс ғалымы екенін көрсетіңіздер

Л) С.Ф Дуров М) Г.Н.Потанин

Н) Е.П. Ковалевский О) Н.М.Ядринцев

6. Шоқан Уәлихановтың әскери дәрежесін штабс-ротмистрлікке көтерген атақты саяхаты

М) Қашқарияға саяхат Н) Қырғыз еліне саяхат

О) Жоңғарияға саяхат П) Жетісу өңіріне саяхат

7.Қашқар еліне саяхатқа барған кезінде Шоқанның қандай жасырын атпен барғанын көрсетіңіздер

Б Мұсабай В Сүнолла қожа

Д) Найманбай Е) Әлімбай

8. «Мен сізге ғашықпын. Мен сізді жақсы көргендей еш уақытта да, ешкімді де, керек десе, туған аға-інімді жақсы көрген емеспін... тағдыр сізге адамгершілік қасиеттер дарытып, тамаша адам етіп жаратқан » деген сөзді ғалымға жазған орыстың қай ақыны екенін көрсетіңіздер

Д) Ф.М.Достаевский Е) Н.Г.Чернышевский

Ж) И.С.Тургенов З)А.Н.Майков

9. Жанақ ақыннан жазып алған қазақ халқының лиро-эпостық жырын анықтаңыздар

К) «Қыз Жібек» жыры Қ) «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры

Л) «Айман-Шолпан» жыры М) «Жүсіп-Злиха» жыры

10. Шоқан Уәлиновтың Қашқария сапарында жасаған ерлігі үшін берілген марапат қандай болғанын анықтаңыздар

А) «Әулие Владимир» ордені Ә) « Кутузов» ордені

Б) «Алтын Крест» ордені В) «Даңқ» ордені

11.Шоқан Уәлихановтың бейнесін сомдаған, Шоқандай ерте үзілген дарынды жас актер кім екенін көрсетіңіздер.

М) Н. Жантөрин Н) Сағи Әшімов

О)С.Қажымұратов П) Асанәлі Әшімов

12.Шоқан Уәлихановтың немере інісі, елтаңба авторы кім екенін табыңыздар

А) Шота-Аман Уәлиханов Ә) Мақы Уәлиханов

Б) Сақыпкерей Уәлиханов В) Қоқыш Уәлиханов

13. С. Мұқановтың Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы жазған көркем туындысы

М) «Балуан Шолақ» хикаяты Н) «Өмір мектептері» романы

О) «Сырдария» романы П) «Аққан жұлдыз» романы

14 .Кеңес дәуірінде Шоқан Уәлиханов жайында зерттеу жұмысын жүргізген, «Шоқантану» ғылымының негізін қалаған қазақтың ғұлама ғалымын көрсетіңіздер

И) Әлкей Марғұлан К) Әуелбек Қоңыратбаев

Қ) Мәлік Ғабдуллин Л) Қажым Жұмалиев

15.Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы деректі роман жазған қазақ жазушысы

Ш) Тұрсын Жұртбай Э) Сапарғали Бегалин

Ю) Дулат Исабеков Я) Жарылқап Бейсенбайұлы

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

М

Ұ

Х

А

М

М

Е

Д

Қ

А

Н

А

П

И

Я


© 2010-2022