Ағылшын тілін үйрену жолдары

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілін үйрену жолдары

Үш тілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың "Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.

Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі" деген салиқалы үндеуінен бастау алуға болады.

Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту.

Ағылшын тілі - қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет" [1]. - деп ерекше атап көрсеткен.Олай болса біздей жастар тіл үйренуді басты назарда ұстап,қолға алау қажет.

Жалпы тілін үйрену үшін алдыңызда үлкен мақсат болу қажет. Тіл білуге деген қызығушылық,ізденіс пен ынтасы-жігері бар кісі тілді үйренетін сөзсіз. Тілдік ережелерді басшылыққа ала отырып, үйренуге қадам жасаңыз. Ұстаздан білім алумен шектелмей,өздігімізден үйреніп,білімізді шыңдай түсу үлкен табысқа әкеледі. Жақсы ұстаз,жол көрсетуші болуы керек әрине. Егер де бағыт бағдар алмасақ, қалай әрекет етуді білмегендіктен, бағыт бұлыңғыр болғандықтан, үйренуге деген талпынысты жоғалтуымыз мүмкін.

Қазіргі кезде тіл үйренушілерге көп мүмкіндіктер бар.

Грамматикалық оқулықтар, бағдарламалар,ғаламтор желісі тағы басқа. Біз достарымызбен бірге отырып,ағылшын тілін үйренуге, және еркін сөйлеуге машықтанып жүрміз. Өзара пікірлесіп, тіл үйренудегі тиімді жақтарын жинақтап, ағылшын тілін меңгеруде кездесетін тиімді жолдарды ұсынуды жөн санадық. Сонымен ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолдары: 1 .Күнделікті 5 немесе10 сөзді жаттауға тырысыңыз Мысалы:Жаңа сөздер

1 Expensive дорогой

2 Cheap дешевый

3 Long длинный

4 Short короткий

5 Fat толстый

2. Бұл сөздерді жазып алып, қайталап есте сақтау үшін әрдайым өзіммізбен

бірге алып жүреміз. 3. Ал жаттап алған соң ,тек қана аудармасын қарап отырып ағылшыншасын айту тиімді. Мысалы: дешевый дорогой длинный короткий толстый.

4.Сөздік қорыңызды көбейту керек. Көп уақыт бойы сөздікке телміріп есте сақтаудан шаршайтын боларсыз. Ендеше визуалдылыққа көшіңіз.

1.Busy -занятый 2. Successful -успешны

5.Жаттаған сөздерді сөз тіркестерімен немесе сөйлем құрауда қолдан.

6. Үйренуді мақсат еткен тілде әрдайым есте ұстап,сөйлеуге жаттығыңыз. 7.Бейнебаян көріністерді көбірек көріңіз.

8.Әнді де ағылшын тілінде көбірек тыңдағанда,көп пайдасын тигізеді.Тыңдалым арқылы, айтылуын жақсарта аласыз. 9. Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін сайттарды қолдану арқылы аудиотаспаларды тыңдау,тіл үйренуге қызықтыра түседі.сонымен қатар есте жақсы сақтауға үйретеді.Әрі айтылуын анағұрлым жақсартуға болады. 10.Ойын арқылы ағылшын тілін үйренуге болатын сайттарда бар.Айта берсек, көптеген тіл үйренуге мүмкіндіктер бар.Тиімді жолдарды қарастыра отырып,өзгеде кісілердің ақыл кеңесі, пікірлерін,ақпараттарын қолдану бізді алға жетелейді.Мысалы: Арнайы курстар мен үй тапсырмасынсыз-ақ, ағылшын тілін үйренуге болады.деген тақырып бізді қызыктырды. Бейнебаян көріңізYouTube-тан ағылшынша кинолар мен сериал, роликтерді көрер [1]. болсаңыз, онда уақыт алдында кінәлі болмайсыз. Және ағылшын тілін үйреніп те қаласыз. House M.D. или Misfits сізге ағылшынды 100 пайыз үйретеді деп айта алмаймыз. Алайда, ағылшын сөзіне құлағыңыз үйреніп, айтылуының дұрыс жолын, лексикасын біршама біліп қаласыз. Ол үшін субтитрі бар, көруге оңай кинолардан бастағаныңыз дұрыс болар. Сол арқылы күрделі киноларды көруге икемделіп, субтитрді қажет етпейтін де боласыз. Бұның бәрі жай айтыла салған сөз емес. Сондықтан күнде бір уақытта ағылшын тіліне көңіл бөліп тұрыңыз. BBC арнасының жаңалықтарымен басталған ағылшын тілін үйрену ниетіңіз бірнеше ай уақыт көлемінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуі әбден ықтимал.

Интернет желісінде жаңалықтар мен кинолардан басқа ағылшын тілін үйрену сабақтары бар. Аталған сабақтар жетіп артылып жатыр. Күніне қаншама ерікті

адамдардың оқып үйренуі үшін материалдар қосып, үсті-үстіне үстемелеп жатады. Солардың ең жақсыларын кіріп көріңіз.

Кітап оқыңыз

Әйтсе де, көгілдір экран алдында отыруға ата-анаңыз рұқсат етпесе, онда сізге кітап көмектеседі. Кітап болғанда да тілі жеңіл, тұрмыстық кітапты айтып отырмыз. Бұндай кітаптардың пайдасы ағылшын тілін үйренушілерге аз тимепті. Оны санамалып жеткізе алмаймыз. Ең бастысы, сіз күніге таңғы салқын ауамен ерте тұрып кітап оқып, оны түсінуге зер қойсаңыз, алда-жалда арнайы курстарға барып жүргендерден де артық білім алуыңызға болады. Себебі, таңертең оқыған кітап басқа уақытта оқыған кітаптарға қарағанда өтімді болады. Түні бойы демалған ми клеткалары кез келген ақпаратты жинап алуға бейім тұрады. Оның үстіне көзқарасыңыз бір ғана дүниеге бағыт алады. Тағы бір ескертетін жағдай, өзіңізді қинап еш уақытта кітап оқымаңыз. Ол сіздің пайдаңызға емес, үлкен бір олқылыққа айналуы мүмкін. Уақытыңыз бір мезетке босап қалса, қойын қалтадан кітапты суырып алып, оқыған дүниеңізді бір қарап шығуыңызға болады. Есіңізге барлық бұрынғы оқығандарыңыз қайта келіп, одан бетер жақсы сақтала түседі.

Демалыңыз

Шаршап келіп, төсекке жата тұрғыңыз келеді. Бір сәтке болса да тынығып алуды артық көрмейсіз. Алайда ұйықтап та қатырмайсыз. Себебі, жан-жағыңыз шулап жатқанда тынығу қайдан болсын. Ал сол бағытта ағылшын сөздері (қазақшасымен) тұрса, не болар еді? Онда міндетті түрде оқисыз. Біздің психология солай құрылған. Тіпті, қарап жатып та жаттап аласыз. Ол үшін өзіңіз көп жүретін немесе тынығатын кереуеттің маңдайшасына, қабырғаның орта тұстарына, көзіңіз түсетін жердің бәріне де іліп тастаңыз. Соларды күнде қарап жүргенде, көзіңізге оттай басылып қалады. Әрине, бұл жерде көздің көп нәрсе атқарары белгілі. Өйткені, естігеннен гөрі, көзбен көрген дүниелер жадымызда жақсы сақталады. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр. [2]

1 .Тіл үйренумен күн сайын айналысыңыз! Аптасына 10-12 сағат оқығанда ғана сәттілікке жетуге болады.

2.Сабақтарды түрлі нысандарда өткізіңіз (грамматикасын үйренуден шаршасаңыз - оқыңыз; оқудан шаршасаңыз - үйреніп жатқан тілдік аудиокурсты, радио немесе магнитофон және т.б. тыңдаңыз; үйреніп жатқан тілде фильмдер көріңіз).

3. Тізім бойынша емес, сөйлем құрамындағы сөздерді жаттаңыз (белгілі бір жағдайларда). Сізге «айтқым келіп еді», «назарыңызды аударғым келеді», «менің ойымша», «мән-мағынасы бар», «ойлануға бір минут уақыт беріңіз» және т.б. ауызекі сөздері біліп алыңыз, ал одан кейін әңгіме барысында кезекті сөздеріңізді ойыңызға түсіріп алу үшін уақыт ұтатындай, белгілі бір қыстырма сөздерді сөздік қорыңызға қоса бересіз.

4. Сол тілде сөйлей алатын адамдармен сөйлесудің кез келген мүмкіндігін пайдаланыңыз (бірақ тіл ортасына тек негізгі тілді жеткілікті білгеннен кейін ғана бару керек).

5. Өзіңізге ана тіліңізде қызықты болатын, тілдік қатынастардағы мәтіндерді мүмкіндігінше жаттап алыңыз.

6. Үйреніп жатқан тілдеріңізде көп оқыңыздар, онда да өзіңізге қызықты тақырыптарды оқыңыздар. Сонда ғана сіз өзіңізді оқуға міндеттемей, «одан кейін не болар екен» деген сұрақ оқуға итермелейтін болады. Мақалдар, мәтелдер, жаргондар және т.б. олардың мәндерін барынша кеңінен жаттау керек, (егер етістігі болса) оларды бірінші жақта айтып үйренген жақсы.

Қазіргі заманда шет тілдерін үйрену үшін Интернет көп мүмкіндік беріп отыр. Көптеген пайдалы сайттар тегін, дегенмен олардың ішінде де ақылы түрде қосымша (кеңейтілген) қызметтер ұсынады. [3].

«Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі - жаңа саясатқа кірудің басты кілті», - деп елбасымыз айтқандай қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси-әлеуметтік және мәдени қарым-қатынас жасау үстінде. Осыған орай қазіргі заман мектебі де түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс. Сол себепті оқушы бірнеше тілді меңгеруге тиіс.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор. Әсіресе, қазақ және орыс тілдерінің байланысы ерекше орын алады. Бұл тілдердің басты мақсаты - оқушылының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың бойына қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, және қарым-қатынасты дамыту. Осыған орай оқушылардың бойына бағдарлама талаптарына сай іскерліктерді қалыптастыру.

Тілді үйренудің басты мақсаты - оқушының іштей талпынысына, сана-сезіміне, ұмтылысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап, ағылшын тілін балалар үйретуде - әр шет тілі үшін үлкен еңбекті, көп тер төгуді талап етеді. [4]

Әдебиеттер: el.kz/m/articles/view/content-19737 massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/1147/

bigox.kz/shet-tilin-bilu-ne-ushin-kazhet-olardy-ujrenu-zholdary/

sc0011.bulandy.akmoedu.kz/documents/view/7DBD7BD6A6767BCB.htm

«ЖАС ДАРЫН»

V Республикалық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференциясына

1.Автордың аты-жөні (толық)__ Жорабек Әсем Зұлхарнайқызы, Малдыбай Аружан Кенжәліқызы, Мәмбетжан Назым Аманкелдіқызы

2.Ғылыми жетекшінің аты-жөні_Сентаева Салима Турмахановна

3.Жұмыс орны (қызметі) № 23 Ж.Қизатов атындағы мектеп- лицей ағылшын тілі пән мұғалімі

4.Мекен-жайы (жұмыс орнының) Әбілхайыр хан 36 А

5.Байланыс телефондары_ 8707 182 60 57

6.Е- mail (міндетті түрде ) [email protected]

7.Мақала тақырыбы Ағылшын тілін үйрену жолдары

8.Бағыты : Филология

Конференция мына бағыттар бойынша мақалалар қабылдайды:

№ п/п Секция e-mail

[email protected]

2. Филология



© 2010-2022