Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев, Д. Әбілов

 Сабақтың мақсаты: 1 Өрелі ақындар туралы мәлімет беру,өлеңнің мәнін ашу,Отан, жер,ел,тіл туралы ұғымды кеңейту. 2Тілін,жерін,елін,ұлттық дәстүрін,тарихын білуге,сүюге,қорғауға,мақтан тұтуға тәрбиелеу. 3Сөздік қорын,оқу мәнерін,сөйлеу машығын дамыту,өмірге,елге деген көзқарас қалыптастыру,ойын,қиялын,танымдығын шарықтату,өз бетінше ой толғату,пікір таластыру,сабаққа қызығушылығын арттыру. « Қуат алып Абайдың тіл күшінен,жыр жазамын Абайдың үлгісімен»,Оның есімі: Алматы қаласында М.Мақатаев ескерткіші,мектеп аты,көшелер,мұражайы бар,2011жылы 80 жылдығын халқы атап өтті.Нені сүйді? Елін,жерін,ауылын,тілін,дәстүрін,тарихын. Дихан Әбілов-қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Шығармалары: « Отаным», « Туған тілім», « Менің елім» , « Қазақстан»,т.б. « Қуат алып Абайдың тіл күшінен,жыр жазамын Абайдың үлгісімен»,Оның есімі: Алматы қаласында М.Мақатаев ескерткіші,мектеп аты,көшелер,мұражайы бар,2011жылы 80 жылдығын халқы атап өтті.Нені сүйді? Елін,жерін,ауылын,тілін,дәстүрін,тарихын. Дихан Әбілов-қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Шығармалары: « Отаным», « Туған тілім», « Менің елім» , « Қазақстан»,т.б.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылы

№12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Майтбасова Бақтыгул Дабыловна

Стажы: 8 жыл

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев, Д.Әбілов

Үш бақытым . Туған тілім

Сабақтың мақсаты: 1 Өрелі ақындар туралы мәлімет беру,өлеңнің мәнін ашу,Отан, жер,ел,тіл туралы ұғымды кеңейту.

2Тілін,жерін,елін,ұлттық дәстүрін,тарихын білуге,сүюге,қорғауға,мақтан тұтуға тәрбиелеу.

3Сөздік қорын,оқу мәнерін,сөйлеу машығын дамыту,өмірге,елге деген көзқарас қалыптастыру,ойын,қиялын,танымдығын шарықтату,өз бетінше ой толғату,пікір таластыру,сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,талдау-жинақтау,түсіндіру,өз бетінше,пысықтау,ой-толғау, т.б.

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық,М.Мақатаев,Д.Әбілов портреті,мақал-мәтел,топтама,ҚР-ң Конституциясынан заңдар.

Сабақтың барысы

1Ұйымдастыру кезеңі

1 Оқушыларды сабаққа дайындау,оқу құралдарды реттеу;

2Сергіту сәті.

Ана тілің -арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте.

2 Мақсат қою кезеңі

1Өлеңнің мәнін ашу; 2 Өлеңді оқып,өз пікірін қосып ой толғату;3М.Мақатаев,Д.Әбілов туралы мәлімет алу;4ҚР-ң тіл туралы заңын біліп жүру;5Мәнерлеп,көркем оқу,көркем сөйлеу;6Отанын,жерін,тілін сүю,қорғау,мақтан тұту,ой толғау.

3. Жаңа сабақ

1 Сабаққа дайындық кезеңі - Танымдық сұрақтар:

1.Біздің еліміз қалай аталады? 2.Ел ордамыз қай қала?3.ҚР-ң жері нешінші орында тұр?4.Еліміздің мақтанышына айналған не бар?5.Қазақ жерін,елін ,тілін,дәстүрін қорғаған кімдержәне неге? 6.Бабалар аманаты не еді?7.Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Ой-толғату

2.Тақырыпты,мақсатты хабарлау.

Семантикалық карта бойынша таныстыру

М.Мақатаев-1931-1976 ж. Алматы облысы,Райымбек ауданы.Шығармашылығы: «Өмірдастан», « Шекарашы» , « Аманат» ,т.б. Үлгі сөзі: « Қуат алып Абайдың тіл күшінен,жыр жазамын Абайдың үлгісімен»,Оның есімі: Алматы қаласында М.Мақатаев ескерткіші,мектеп аты,көшелер,мұражайы бар,2011жылы 80 жылдығын халқы атап өтті.Нені сүйді? Елін,жерін,ауылын,тілін,дәстүрін,тарихын.

Дихан Әбілов-қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Шығармалары: « Отаным», « Туған тілім», « Менің елім» , « Қазақстан»,т.б.

3.Дәптермен жұмыс Түртіп алу.

4.Өлеңді мәнерлеп оқыту

5.Әр шумақ бойынша талдау кезеңі.

1 топ-халқы туралы,2топ-тілі туралы,3топ-Отаны туралы

6.Салыстыру кезеңі,ұқсастықты табу

Сергіту сәті

1-өлеңде: Үш бақыт-үш қастерлі ұғым,халық,ел,тіл.Отан. 2-өлеңде :Туған тіл,тілдің құдіреті,кереметтігі

4.Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін зерттеу кезеңі

1.Өлеңді мәнерлеп оқыту

2.Өлеңнің негізгі мәнін ашу

3.Ой-толғау 1-топ « Тілді қалай сақтаймыз?» ,2-топ « Тілін білмейтін адамдарға деген өз көзқарастарың туралы ?»,

3-топ « Отанды қорғау дегенді қалай түсінеміз?»

5.Бекіту кезеңі

1.Отан туралы ақындардың сөздеріне жазылған әндерді шырқау « Отан-ана»

2.Отан туралы ,тіл туралы,тарих туралы айтылған мақал-мәтел.

3. Ой-толғау жазу

Бүгінгі сабақтан не алды?, М.Мақатаев ,Д.Әбілов өлеңдері неге арналған?,Қазақ тілі туралы заңда не делінген?,

Қазақ тілі қоғамдары не қорғайды?, Тілді қалай қорғар едің?,Үш тілділік дегенді қалай түсіндің?

6.Үйге тапсырма,бағалау

1.Шығарма « Тіл-тағдырым»,мақал-мәтел жаттау,өлеңді мәнерлеп оқу,жаттау.



© 2010-2022