Қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Оригами

"Описание материала: Қызылорда қаласы № 101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Қарлығаш Төлегенқызы Қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Оригами. "Сабақтың мақсаты. Шаршыны айыра білуді үйрету, қайшымен қиюға дағдыландыру, схема бойынша бүктеу; көзбен өлшеу мен елесттуді дамыту. "Сабақ типі:  аралас сабақ "Сабақ әдісі: сұрақ-жауап "Сабақ көрн.: қарындаш, түсті қағаз, қайшы " барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а)Оқушылар назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске тусіру. ә) «Үндеме, бірақ қайтала» ойыны. Мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орнында отырып құралдарын көрсетуі тиіс." ІІ. Өткен сабақты тексеру. «Бағдаршам ойыны » ойыны. Оқушылар түстерді таңдап, соның ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Топ басшысын сайлаймыз.Топ басшысы бағалау парағына жауап берген оқушыл... V) Бекіту а) Қауіпсіздік ережесі. Қайшыны пайдаланғанда абай болу керек. Досыңа ұсынғанда доғал жағымен бер. Бос тұрған кезде қақпағын жауып қой. ә) практикалық жұмыс Оригами тәсілімен үшбұрышты сулық жасаймыз. б) Әр топқа тапсырма беру: І – топ: ІІ – топ: ІІІ – топ: VI. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бір отырып, бір тұрып Демімізді алайық. VII. Жаңа бөлімді қорыту. а) Ұнады ма? ә) Не жасап үйрендік? б) Көрме ұйымдастыру. в) Жұмыс орнын жинау. VIII. Бағала...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы № 101 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Қарлығаш Төлегенқызы

Қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Оригами.

Сабақтың мақсаты. Шаршыны айыра білуді үйрету, қайшымен қиюға дағдыландыру, схема бойынша бүктеу; көзбен өлшеу мен елесттуді дамыту.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап

Сабақ көрн.: қарындаш, түсті қағаз, қайшы

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылар назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске тусіру.

ә) «Үндеме, бірақ қайтала» ойыны. Мұғалім сабаққа қажетті құралдарды көрсетеді, оқушылар үндемей өз орнында отырып құралдарын көрсетуі тиіс.

ІІ. Өткен сабақты тексеру.

«Бағдаршам ойыны » ойыны.

Оқушылар түстерді таңдап, соның ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Топ басшысын сайлаймыз.Топ басшысы бағалау парағына жауап берген оқушыларға «қанат» белгісін қойып отырады. Сабақ соңында қанат белгісін санау арқылы бағалаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Кішкене кеме құрастыру.

  2. Жұмыстарын бағалау.

  3. Кеме туралы мәліметтерді еске түсіру. Жасаған кемелері туралы сұрау.

  4. Үй тапсырмасын қорытындылау.

IV. Жаңа сабақ.

а) «Ой қозғау» стратегиясы.

Сөз жұмбақ шешу, қызығушылығын ояту.

1.Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

2. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (қораз)

3. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)

4.Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз,

Бейбітшілік құсы деп

Қай құсты мақтаймыз. (көгершін)

5.Тастан-тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (лақ)

6.Көзін жұмады,

Көзін ашады.

Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады. (мысық)

7. Адамға серік,

Күзетке берік. (ит)

Сөзжұмбағымыздың ортасында қара сызықтың ішінен қандай сөзді оқи аласыңдар?

  • Оригами

  • Дұрыс. Бәріміз хормен оқып жіберейік.

Оригами- қағазды бүктеу арқылы әр түрлі фигуралар жасайтын, көнеден келе жатқан өнер.

Ал қағаз Қытайда екі мың жыл бұрын пайда болған. Оны өсімдік талшықтарынан, ағаш қабықтарынан, бамбук сабақтарынан жасаған.

Оригамидің отаны-Жапония. «Ори»-«қағаз» және «гами»-«құдай» дегенді білдіреді.

Бейбітшілік символы Хиросимадағы атом бомбасынан зардап шеккен Садако Сасаки 1000 тырна жасасам жазылып кетемін деген үмітпен тек 644 тырна бүктеп қайтыс болады. (7.01.43 - 25.10.55)

Оригами өнері VII ғ. Жапонияға жетсе, ал 1860 жылы мектепте білім берудің міндетті пәніне айналған.

Ең негізгі жұмыс құралы-қағаз болып табылады. Ең негізгі жұмыс атқаратын-ол қол.

Қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. ОригамиҚағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Оригами

Қағаздан көркем бұйымдар модельдеу. ОригамиҚағаздан көркем бұйымдар модельдеу. ОригамиҚағаздан көркем бұйымдар модельдеу. Оригами

V) Бекіту

а) Қауіпсіздік ережесі.

Қайшыны пайдаланғанда абай болу керек. Досыңа ұсынғанда доғал жағымен бер. Бос тұрған кезде қақпағын жауып қой.

ә) практикалық жұмыс

Оригами тәсілімен үшбұрышты сулық жасаймыз.

б) Әр топқа тапсырма беру:

І - топ:

ІІ - топ:

ІІІ - топ:

VI. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Бір отырып, бір тұрып

Демімізді алайық.

VII. Жаңа бөлімді қорыту.

а) Ұнады ма?

ә) Не жасап үйрендік?

б) Көрме ұйымдастыру.

в) Жұмыс орнын жинау.

VIII. Бағалау.

1. Оқушыларды мадақтау.

2. Үйге: қағаздан әр түрлі бұйымдар жасап келу.


© 2010-2022