Шығарма «Қазіргі хатшылық іс»

"Хатшылық істің негіздері. "Жоспар: "1) Референт-хатшыға мінездеме. "2) БҚҚ құқықтары мен міндеттері, тапсырмалары. "1. Референт-хатшыға мінездеме: «Секретарь» сөзі ортағасырлық «секретариус» латын тілінен (sekretarius) – сенім білдірілген адам дегеннен шыққан. Басқаруды құжатпен қамтамассыз ету қызметі ұйым басшысына бағынатын құрылымдық бөлімшенің құқығымен әрекет етеді. Тұрпатты құрылымдардың анықталған ұйым топтарына жататындығына байланысты, іс жүргізудің келесі қызметтері құралады. 1) Министрліктердегі және ведомстволардағы істерді басқару. Істерді басқару құрамына хатшылық (қабылдау бөлмесі, министр хатшылығы, министрдің орынбасары, алқа, хаттама бюросы ), министрдің жанындағы инспекция (ведомстваның басшылары, кеңсе және т.б.), хаттар бөлімі, құжаттармен жұмысты жетілдіру бөлімі, және техникалық құралдарды енгізу, орталық мұрағат кіреді. 2) Мемлекеттік кәсіпорындардағы, ғылыми–зерттеу, жобалық, конструкторлық ұйымдардағы, жоғарғы оқу орындарындағы кеңсе. Бөлімшелер: · есепке алу және тіркеу · бақылау · құжаттармен жұмысты жетілдіру · шағымдарды қарау · хатшылық · экспедиция · машина жазба буыны · мұрағат · көшірме көбейту буыны
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хатшылық істің негіздері.

Жоспар:

1) Референт-хатшыға мінездеме.

2) БҚҚ құқықтары мен міндеттері, тапсырмалары.

1. Референт-хатшыға мінездеме:

«Секретарь» сөзі ортағасырлық «секретариус» латын тілінен (sekretarius) - сенім білдірілген адам дегеннен шыққан.

Басқаруды құжатпен қамтамассыз ету қызметі ұйым басшысына бағынатын құрылымдық бөлімшенің құқығымен әрекет етеді. Тұрпатты құрылымдардың анықталған ұйым топтарына жататындығына байланысты, іс жүргізудің келесі қызметтері құралады.

1) Министрліктердегі және ведомстволардағы істерді басқару. Істерді басқару құрамына хатшылық (қабылдау бөлмесі, министр хатшылығы, министрдің орынбасары, алқа, хаттама бюросы ), министрдің жанындағы инспекция (ведомстваның басшылары, кеңсе және т.б.), хаттар бөлімі, құжаттармен жұмысты жетілдіру бөлімі, және техникалық құралдарды енгізу, орталық мұрағат кіреді.

2) Мемлекеттік кәсіпорындардағы, ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық ұйымдардағы, жоғарғы оқу орындарындағы кеңсе.

Бөлімшелер:

  • есепке алу және тіркеу

  • бақылау

  • құжаттармен жұмысты жетілдіру

  • шағымдарды қарау

  • хатшылық

  • экспедиция

  • машина жазба буыны

  • мұрағат

  • көшірме көбейту буыны

3) Жергілікті өзін-өзі басқарудағы, қоғамдық ұйымдарды басқыру аппаратындағы - жалпы бөлім, хатшылықтан, кеңседен, бақылау тобынан, хаттамалық топтан, құжаттармен жұмысты жетілдіру тобынан, хаттар бөлімінен, машина жазба бюросынан, көшірме-көбейту бюросынан және мұрағаттан тұрады.

4) БҚҚЕ қызметі жоқ болса құрылымдық бөлімшелерде құжаттар мен жұмысты хатшы немесе арнайы тағайындалған адам жүргізетін ұйымдардағы- хатшы.

2.БҚҚЕ қызметінің құқығы мен міндеттері :

  • құрылымдық бөлімше басшыларынан құжаттармен жұмыстың белгіленген тәртібін орындауды талап ету және бақылау.

  • БҚҚ ұйымдастырудың тексерісін жүргізу.

  • құжаттарды пысықтауға қайтару.

  • өз құзыреттілігінің шамасында құжаттарға қол қою және бұрыштама соғу.

  • құрылымдық бөлімшелер және жұмысшылардың қызметтік нұсқаулары туралы ережелер әзірлеу.

  • құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібіне жауапкершілік. жұмысшының еңбек ету жағдайын қадағалау.

БҚҚ қызметінің негізгі мақсаты - басшылықты ұйымдастыру, үйлестіру. БҚҚ жөніндегі жұмыстарды бақылау және іске асыру.

Тапсырмалар:

  • Құжаттармен жұмыс істеу түрлерін және әдістерін жетілдіру.

  • Бірыңғай құжаттау тәртібі.

  • Құжат айналымын қысқарту.

  • Нормативтік, әдістемелік құжаттарды әзірлеу және енгізу.

Тақырыпқа сұрақтар

  1. Секретарь сөзі қай тілден шыққан ол нені білдіреді?

  2. Ол нені білдіреді?

  3. БҚҚЕ қызметінің құқығы мен міндеттері?


© 2010-2022