Внеклассное мероприятие на тему праздник «Наурыз» 5-9 класс

Мероприятие посвященное празднику «Наурыз» Праздник Наурыз это праздник нового года по восточному календарю.       Цель данного мероприятия привитие патриотизма. В ходе мероприятия исполняются песни проводятся конкурсы по национальным и другим видам игр. Например: 1.Покажи на что ты способен – во время этого созтязания присутствующие демонстрируют свои таланты, это такие, как умение петь, плясать, рассказывать смешные истории. 2.Армреслинг-принимают участие в основном молодые парни. 3.Перетягива...
Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз

(атты Наурыз мейрамының өткізілу жоспары)

Сыныптан тыс іс-шара

Жүргізуші: Құрметті ауылдастар жиналған қауым «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» атты наурыз мейрамына қош келдіңіздер. Осы кеген Наурыз мейрамы барлығыңызға құт береке әкелсін, Ұлыстың Ұлы күні ақ мол болып денсаулықтарыңыз жақсы болсын.

Наурыз - көктем мен Жаңа күн мерекесі - Наурызды кеңінен атап өту дәстүрі бүгінгі күні қайта оралып ел мейрамына айналды. Игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халақтық мерекеге қазір үлкен мән беріліп, өнер мен еңбектің өрлеуі жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, өнер мен еңбектің өрлеуі жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның біз үшін мәні өте зор.

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,

Сүрамаймыз алғаста ақыда біз.

Үй - дастархан, даламыз - сахнамыз,

Ұлы мейрам наурызды шақырамыз

Құрметті жиналған қауым мен сіздерді бүгінгі наурыз мейрамы тойының өткізілу бағдарламасымен таныстырып өтейін:

Бүгінгі тойда әртүрлі ұлттық ойындар мен жарыстар өткізіледі, сайыстарға қатысамыз деген үміткерлер өз таңдаулары бойынша жазылыңыздар. Өткізілетін ойындар олар:

Өнер сайысы

Қатысушылар өз өнерін көрсетеділ ән, би, өлең наминациялары бойынша. Өнер сайысына қатынасамыз деген үміткерлер Бектұрсынова Толғанайға барып жазылсын, жақсы өнер көрсеткен адамдар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қол күресі.

Жарысқа қатысамыз дегендеріңіз, Бектұрсынов Т.Б. барып жазылыңыздар, сыйлықтар дайын.

Арқан тарту. (команда 4 кісі)

Жарысқа қатысамыз дегендеріңіз, Бектұрсынов Т.Б. барып жазылыңыздар, сыйлықтар дайын.

Воллейбол ойыны: (команда 5-6 кісі)

ойынға командалар қатынасады қатысамыз деген командалар Файзуллин Қуанышқа барып жазылады.

Күрес:

Жарысқа қатысамыз дегендеріңіз, Бектұрсынов Т.Б. барып жазылыңыздар, сыйлықтар дайын.

Теннис:

жарысқа қатынасамын дегендеріңіз Файзуллин Қуанышқа барып жазылыңыздар.

Жабағы жарысы:

Қатынасатын үміткерлер Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлына барып

жазылады.

8.Біздің ұйымдастырған тағы бір сайысымыз «Бауырсақ» піваіру деп аталады.

Жарыстар мен сайыстардың соңында жеңімпаздарды марапаттау жүргізіледі.

Жүргізуші:

Ежелгі шығыс елінің,

Аңсаған арман, ойы бар.

Тарқайтын жері шерінің,

Дәстүрлі наурыз тойы бар.

Кеңінен елге тараған,

Негізі елде қаланған.

Еңбек, шаттық, жыл басы,

Наурыздан басталған.

Ән сайысын бастаймыз. Кезек әншілер мен бишілерге беріледі.

Ән сайсымен қатар басқа жарыстар бірге жүргізіледі.

Шырқап салған әнімен,

Мерекелік сәне мен.

Топталып, ойнап, қыдырып,

Бөлісіп ішкен дәнімен.

Су сылдырап жер көктеп,

Наурыз келсе жыл басы.

Бау-бақша, егін өрнектеп,

Өзгерер өңір тұлғасы.

Кезек әнге беріледі:

Келдіғой көктем, құдірет біткен ғажайып,

Құрметтеп оны, күліп ал, жұмыла халайық.

Қалада, қырда жаңа жыл тойын дүрлетіп,

Алаулатып Наурыздың отын жағайық.

Ән мен биге кезек беріледі:

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап

Ақ дастархан жайылды

Ошақта от жалындап

Нағыз күні ұлы істің

Салтанаты дәстүрдің

Ел тұр жайып құшағын

Күйге қосып құс әнін.

Құттықтау сөздер мен ән айтылады.

Қыр астында қыс қалды

Қар еріді, су ақты.

Алып келді құстарды,

Алып келді шуақты.

Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Ән айтылып, қатысушылар өз өнерін көрсетеді, басқа жарыстар да жалғасып жатты. Пайда болған қорытындылармен қатысушылар таныстырылып отырады.

Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Құт береке Наурыз айым келді деп,

Жер түледі жасыл желег желбіреп.

Кезее өнер сайысына қатысушыларға беріледі.

Айналайын атамекен кең далам,

Толықсиды нұрға балқып елжіреп.

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғатта мәз мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Құрметті қонақтар Наурыз тойына қатынасушылар, келесі кезекте жеңімпаздарды марапаттаймыз және Наурыз тойының соңында барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.



© 2010-2022