Әл - Фараби. «Қашықтасың туған жер»

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 06.10.2015ж

8 сынып Қазақ әдебиеті

Сабақ атауы

Әл - Фараби. «Қашықтасың туған жер»

Жалпы мақсаттар

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.

Оқыту нәтижелері

Әл - Фараби өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейте отырып,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Пікірлерін жүцелі жеткізу дағдылары қалыптасады.

Негізгі идеялар

Көз жіті,құлақ сақ,көңіл кең болу керек.

Ж.Баласағұн

Сілтеме

Оқулық. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы және К.Құрманбай. Қазақ тілі мен әдебиеті 2008 жыл №6


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты жеміс себеті арқылы 3 топқа бөлу

Оқушылар өз таңдауы бойынша топа бөлінеді

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру.

  1. Әл - Фараби кім?

  2. Олардың шығармалары не жайында айтылады?


Берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру,сұрақтарға жауап беру.

Ой қозғау

Бейнебаян.Кім не біледі?

Оқушылар бейнебаян тыңдау арқылы ой түйеді

Тұсаукесер

Жаңа тақырып Әл - Фараби өлеңдеріне талдау жасау

Тақырып ашылғаннан кейін өлеңді мәнерлеп оқу.

Тапсырма көздері

І топ Алма.

Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын,идеясын ашу.

ІІ топ. Өрік

Өлеңге сатылай кешенді талдау.

ІІІ топ. Банан

Мен білген Әл - Фараби постер қорғау


Оқушылар топпен жұмыс атқарады,әр топ өз ойларын айтады,постер қорғайды

Бағалау

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Оқушылар өз бағаларын береді.

Тапсырма көздері

І топ.Алма

Әл - Фараби өмірі мен шығармаларына хронологиялық кесте жасау.

ІІ топ. Өрік

"Менің туған жерім" эссе жазу

ІІІ топ. Банан

Венн диаграммасы.Әл - Фараби мен Абай

Ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, ойлау дағдысын арттырады.Топ бірлесе отырып жұмыс жасайды,тапсырманы орындауға тырысады.

Сергіту сәтті

Қара жорға биі

Оқушылар бейнероликке қарап билейді.

Кейінгі тапсырма

«Ыстық орындық»әдісі арқылы сұрақтар беріледі.Топтан оқушылар шығып жауап береді.

Ашық сұрақтар қою дағдылары,өз ой - пікірін,көзқарастарын білдіруге мүмкіндік туады.

Жинақтау

«Стол түйіні» әдісі арқылы сабақта алған білімдерін жинақтау.Әр топ бүгінгі сабақтан алған, түйгендерін стол әдісі арқылы түйін жасайды.

Оқушылардың ойы жинақталып,өз ойын дәлелдеп үйренеді

Бағалау

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Топ басшылары өз тобына баға береді.

Кейінгі тапсырма

Қосымша дерек жинау.Өлеңдерін жаттап келу.

Өлеңді жаттап келеді

Кері байланыс

Рефлекция

Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу.

Ұсынылған стикерді толтыру



© 2010-2022