Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту.         Тіл- адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше  қатынас құралы. Тілмен сөйлесу- адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән.  «Адам тіл арқылы нені жеткізетінін білмегеннен, тілді және сөйлеу процесін өзіне бағындыра алмайды. Сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне бағынышты емес, ол- жаратылыстан пайда болған ерекше құбылыс». Адам баласы бірнеше тілде сөйле... Қ Т Б                                                                              Х       Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар: 1.     Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар. Яғни грамматикаық бірліктердің айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі. 2.     Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі.Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады. 3.     Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы. *Хабардың пайда болуы. *Хабардың жет...  Оқу  Жазу Тілдік қатынас Таңбалық қатынас  Тыңдау  Айту Дыбыстық қатынас Жазбаша ТҚ Ауызша ТҚ                   Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: 1.     Сөйлесу 2.     Оқу 3.     Жазу 4.     Түсіну Бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санайды. Сөйлесім әрекеттері: Оқылым бойынша: берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым қатынасқа кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән б... ұжымдық топтық жұптық               Жұптық оқытуқалпында тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат - екі оқушының өзара тілдесу ерекшеліктеріне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне сүйене отырып іске асырылады. Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен ауысып отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуҚазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі сабағында оқушылардың

коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Тіл- адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу- адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. «Адам тіл арқылы нені жеткізетінін білмегеннен, тілді және сөйлеу процесін өзіне бағындыра алмайды. Сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне бағынышты емес, ол- жаратылыстан пайда болған ерекше құбылыс». Адам баласы бірнеше тілде сөйлесе алады. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым-қатынас барысында үнемі қолданады.

Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. «Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет - қарым- қатынас үдрісі, сөйлеу қатынасы» екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүниежүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты қстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Оразбаева берген анықтамаға жүгенсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы асатын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретуден тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».

Қатысымдық /коммуникативтік/ бағыттылықты ұстаған әдіскерлер Е.И. Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костомаров, А.Н.Щукин, Г.В.Рогова, т.б. бұл әдістің ғылыми- теориялық және әдістемелік тұрңыдан ең тиімді екендігін дәлелдеген.

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі талабы - мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек». Осы мақсатты алға қоя отырып, коммуникативтік технологияны қолдануды жөн көрдім.

Менің проблемалық тақырыбым «Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту».

Алға қойған мақсаттарым:

  1. Коммуникативтік технологияны оқып үйрену.

  2. Тәжірибеге еңгізу.

  3. Мұғалімдер қауымына тәжірибеден кейінгі қорытындылар бойынша ұсыныстар беру.

Қарым- қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас- тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінуү, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді.

Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын хабарды іс жүзінде асырушылар- хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:

1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын - Баяншы.

2. Ақпаратты жеткізетін - Тұлғалар.

3. Ақпаратты не деректі - Қабылдаушы.

Тілдік қатынас жүзеге асу үшін баяншыдан /Б/ шыққан Хабар /Х/ Тұлғалар /Т/ арқылы Қабылдаушыға /Қ/ келіп, одан әрі арай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жұмсалады.

Ұны өрнек түрінде былай көрсетуге болады:

Қ

Т

Б

Х

Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:

  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар. Яғни грамматикаық бірліктердің айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі.

  2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі.Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады.

  3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы.

*Хабардың пайда болуы.

*Хабардың жеткізілуі.

*Хабардың қабылдануы.

*Хабардың жауабы.

Енді осы хабар қалай берілетініне көңіл бөлу қажет. Өрнек түрінде берсек:

Оқу

Жазу

Тілдік қатынас

Таңбалық қатынас

Тыңдау

Айту

Дыбыстық қатынас

Жазбаша ТҚ

Ауызша ТҚ





Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:

  1. Сөйлесу

  2. Оқу

  3. Жазу

  4. Түсіну

Бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санайды.

Сөйлесім әрекеттері:

Оқылым бойынша: берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым қатынасқа кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән береді.

Жазылым бойынша: оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі; көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп жеткізуі; суреттерді, заттарды, кейбір іс әрекеттерді бейнелеп жазып, қысқаша әңгімелеп бере білуі; естігенін не оқығанын қысқаша жаза білу қажеттігі ескеріледі.

Тыңдалым бойынша: есту арқылы қабылдау және ұғу; мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, есту арқылы қабылдау және ұғу; мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарата білуі көзделеді.

Айтылым бойынша: оқушының сөйлей білуі, айтар ойын жеткізе білуі; екінші адаммен түсінісе білуі; ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білу мақсаты қойылады.

Тілдесім бойынша: өзара пікірлесудің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсіну және оған жауап қайтара білу; тілдесім арқылы бір бірінің сезімін, көңіл күйін бөлісе алуы тиіс.

Коммуникативтік принциптер:

Тілдік бағыттар Функционалдық

Оқу материалдары Сөйлесу іс-әрекетінің

сабақтардың неліктен лексикалық, грамматикалық

сол тіл туралы емес, және фонетикалық жақтары

сол тілде өткізіліп үзіліссіз өзара сөйлеу

жатқандығының нақты үдрісінде жүзеге асады.

қарым- қатынасын Сабақта тілдік бірліктер

елестету керек меңгерілуі керек.

Оқиғалық Жаңашылдық

Оқу материалын оқушыларды Оқу материалы сабақта өзіндік

қызықтыратындай, оқиғалық жаңалығы бар және қызықты болуы

және қарым-қатынас проблемасы керек.

негізінде іріктеу және ұйымдастыру.

Дербестік бағыттары Үлгілеу

Әр оқушының жекелеген Тіл жүйесін, тілді тасымалдаушы,

тілдік ерекшеліктерін, оның қолданушы халықтың мәдениетін

бағытын, статусын есепке алу. үлгі түрінде таныстыратын,

осындай білімнің жүйелеген түрі.

Коммуникативтік әдіс. Қолдану жолдары:

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:

ұжымдық

топтық

жұптық


Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат - екі оқушының өзара тілдесу ерекшеліктеріне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне сүйене отырып іске асырылады. Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен ауысып отырады.

Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі.

Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімделудің нәтижесінде жүреді.

Оқыту кезіндегі топтар сабақтың өтуіне қолайлы шағын адамдар санынан /үш- бес адам/ тұрады және мұғалімнің алдына қойған мақсатына сай құрылады. Оқушыларды топтарға бөліп сабақ өткізу оқушылар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, оқушылардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында оқушы өзінің жеке-дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топтық қалыптарды өзара біріктіреді. Өйткені оқыту, сөйлесу процесі бүкіл топтағы адамдармен де, жеке- дара екі адамның арасында да жүреді.

Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттаса арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен екіншісінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып: әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы.

Технологияның ерекшелігі мен құндылығы оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етеді.

Скалкиннің бірнеше коммуникативтік жаттығуларын өз жұмысымда пайдаланып, осы жаттығулар арқылы аталған технологияны қалай пайдалануға болатындығын көрсеттім.

Мысалы, сабақтың басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жаттығуларын енгіземін.

- Туған жерін қалай аталады?

- Туған жерім Ақмола облысы, Ақкөл қаласы.

- Туған жерінің табиғаты қандай?

- Туған жерімнің табиғаты тамаша.

- Туған жерім сөз тіркесіне антоним ата.

- ...

- Тамаша сөзіне синонимдес сөздерді ата.

- ...

Сұрақ-жауап жаттығуларын жиі қолдана отырып, оқушылардың ойлау, коммуникативті қабілеттерін дамытуға болады. Тақырып бойынша берілген мәтінді оқып, алуан түрлі жұмыстар жүргіземін: мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, екеуара сөйлесу, диалог құрастыру, т.б.

Ситуативтік жаттығулар. Ситуациялық біреуіне диалог құрыңыз.

  1. Сіз жазда ауылда демалдыңыз, ал досыңыз қалада. Жазғы демалыс туралы әңгімелесіңіз, пікір алмасыңыз.

  2. Сіз Жазғы киім көрмесіне бардыңыз. Досыңызға көргеніңізді әңгімелеп беріңіз.

Рөлдік ситуация. Лондон - Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақтың ішіндегі ағылшын кәсіпкер, Қазақстандық боксшы және стюардессаның арасындағы әңгіме құрастыруға болады.

Бұл жаттығулар сөйлем құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын жеткізуге, еркін сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге қолайлы.

Инициативтік жаттығулар.

Оқушылар сұрақтары. Сұрақтар белгілі бағдарлама бойынша беріледі. Мысалы, оқушы тақтаға шығып, сыныптас балаларға бағдарлама бойынша сұрақтар қояды.

  • Сен жазда қайда демалдың?

  • Сен Борабай өңірінде болдың ба?

  • Борабайдың табиғаты қандай?

  • Қандай киелі жерлерде болдың?

  • Жұмбақ тастың сиқыры неде?

Сұхбат. Тілші Көкшетау қаласының көшелерінде Елордасы- Астана туралы қала тұрғындарымен сұхбат жүргізеді.

Тілші:

  • Кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Сіз Астана туралы не білесіз?

Қала тұрғыны:

  • Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қазір Астана құрылысы шапшан жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар салынып жатыр.

  • ...

Сұхбаттасудың мақсаты - сөздерді қайталау, еркін де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық материалды, конструкцияны орынды қолдануға үйрету. Сұхбаттасу оқушылардың дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлесудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақтар қою арқылы сұхбат алып жаттығады. Біреуден сұхбат алғанда оны тұжырымдап, оның қызық және ұтымды жақтарына мән береді. Сұхбаттың мақсаты - тыңдауды жақсы дамыту.

Коммуникативтік жаттығулады орындау кезінде кеткен қателерге тоқталып өтейік.

Қателер үшке бөлінеді:

  1. Фонетикалық қателер сөйлеу кезінде түзетілмейді, бірақ әрбір дыбыс

1-2 апта мерзімінде жеке- жеке, жаттығу арқылы өнделеді.

  1. Грамматикалық қателерге сыныптың назары аударылады, бірақ ұзақ түсіндіруге жол бермейді.

  2. Оқиғаларда пікір айту кезінде қатеге мүлдем назар аударылмайды, ерекше жағдай - пікірдің мағынасын түсінуге болады.

Қазақ тілі сабағында тілдік қарым- қатынас жасау үшін топтық жұмыстың бірнеше түрлерін көрсеттім. Бұл дұрыс сөйлей білуге үйретеді, оқудағы қызығушылықты арттырады, өзара қатынасты нығайтады, бір- бірін түсінуге, ұжымды қалыптастыруға, топ алдында оқушы беделін көтереді.

Технологияда жетістікке жетудің негізгі факторы мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, коммуникативті жаттығулар жүйесін ойластыру, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету, түрлі сұрақтар көмегімен проблемалық жағдай туғызу.

Бұл технология оқушының қызығушылығын арттырады, өзіндік көмек көрсету, жауаптылық, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар аудандық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Мектепте неше жыл бойы қазақ тілі пәнінен «Мемлекеттік тілді тереңдете оқыту» үйірмесін өткізіп жүрмін. Бірақ биылдан бастап үйірменің орнына факультатив өткіземін. Өйткені бесінші сыныптан қатысып жүрген оқушыларым 11 сыныпта оқиды. Сонымен қатар ҰБТ-ге дайындалып жатырмыз.



© 2010-2022