Конспект урока на тему: Атамекен

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урока на тему:АтамекенСабақтың тақырыбы: «Атамекен».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: Оқушыларға Й,У дыбыстарының жазылу емлесін түсіндіру.Лексикалық тақырыпты толық қамту. Отаным-Қазақстан тақырыбына әңгімелесу.

  2. Дамытушылық: Тіл мәдениеттілігін, сөздік қорын дамыту.тіліміздің інжу-маржанындай көрінетін сөз орамдарын қаймағын бұзбай орынд жұмсай білуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Өз Отанының, өз туған жерінің патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға баулу, тәрбиелеу.қазақ елінің, киелі қазақ жерінің бүкіләлемдік дәрежесін нығайту үшін өз үлесін қосуға шақыру.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Шағын мәтіндегі туған жер туралы айтылатын сөйлемдерді теріп жазыңдар.

Туған елімнің көп қалаларында болдым. Бірақ қайда барсам да, өзімнің туған қаламды ұмытпадым. Әрине, басқа елді көріп, қызығың, бірақ туған жеріңді сағынып тұрасың. Өйткені туған жерің әрқашанда ыстық!

ІІІ. Жаңа сабақ.

Й,У дыбыстары

И әрпі қазақ тілінде ій, ый қосарлы дыбыстарын таңбалайды. Жіңішке айтылатын и-дің алдынан і, жуан айтылса ы әріптері жазылмайды: би, тиек, киім, имек, иіс, ине, сиыр, қиыр, қиын, жиналыс.

Ескерту: ый қосарлы әріптері тек тый, сый деген сөздерде ғана жазылады: сый, сыйлық, сыю, сыяды; тый, тыю, тыйылды.

У әрпі қазақ тілінде ыу, іу, ұу, үу қосарлы дыбыстарын таңбалайды: оқу (оқыу), тоқу (тоқыу), жу (жұу), жүру (жүрүу).

У әрпі орыс тілінен енген сөздерге жалаң у дыбысын таңбалайды: драматург, молекула.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.

Қ(и)яр, с(ый) лық, с(и)ыр, ж(и)алыс, т (ый)ылды, қ(и)ын, ж(и)ырма, с(ый)лады, ж(и)нады,

ж(и)намады,с(ый)ламады, с(ый)мады, с(ый)ды, т(ый)ылмады, т(ы)ю.

Лексикалық тақырып.

Мәтінді оқу. Отаным-Қазақстан.

Арғы тегі ғұндар, сақтар,скифтер деп аталатын қазақ халқы үш мың жыл бойында туған жерін қорғау үшін күресіп келді. Халқымыз Алтай мен Еділ, Тянь-Шянь мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты сақтап қалды.

Қазір қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылған. Біздің республикамызды дүние жүзі елдері таныды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.

Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара түсіністікте өмір сүреді. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы осы достастықтың ұйтқысы болып табылады.

Біздің еліміздің мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді. Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді.

Жаңа сөздер:

Арғы тегі-предки

қорғау үшін-чтобы защитить

күресіп келеді-боролись

Орасан зор аймақты-очень большую территорию

сақтап қалды - сохранил

Дүние жүзі елдері- все страны мира

түсіністікте - в согласии

Құрметтейді-уважает

гүлдендіру үшін - ради процветания

Жазылым.

  1. Берілген сөздерді, сөз тіркестерін оқып, олардың мағынасын басқа сөздермен жазыңдар.

Туған жерін-Отаның, орасан зор аумақ- кең - байтақ, дүние жүзі елдері- күллі ғалам, таныды- білді, өзара түсіністікте өмір сүреді- тату -тәтті өмір сүреді, құрметтейді- қадірлейді, гүлдендіру үшін-көріктендіру.

  1. Берілген синонимдерді жақ ішіндегі тиісті сөзбен тіркестеріп жазыңдар.

1.Маңызды, мәнді (жұмыс, мәлімет, әңгіме, күш, табыс).

2.Құрметті, сүйікті, қалаулы, қастерлі (Отаным, дос, жер, азамат).

3.Мықты, күшті, берік, жігерлі, мызғымас (ана,сенім, достық, шекара, ел).

4.Әсерлі, тартымды, қзықты, күлкілі (көрііс, сөз, оқиға, сықақ).

4.Отан туралы мақалдардың екінші жартысын тауып жазыңдар.

1.Отансыз адам -ормансыз бұлбұл.

2.Отанды сүю-отбасынан басталады.

3.Отанға опасыздық еткенің-сатқаның


Отандас

ОТАН Отаншыл

Отансүйгіш

ІҮ.Бекіту.

Тест арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үй жұмысы.

Өлеңді жаттау. «Қазақ жері»

ҮІ. Бағалау.



© 2010-2022