Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Қыркүйек, Қазан, Қараша 6 - сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байсарина Гүлім Оразбайқызы

Көкшетау қаласы №5 көппрофильді «Таңдау»

гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қыркүйек. Қазан. Қараша.

Сабақтың мақсаты: Күз айларының ерекшеліктерін түсінеді, сөздік қорлары қалыптасады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы түсінік пысықтайды.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар жаңа лексикалық тақырыпты бір-біріне түсіндіреді, Уақыт үнемдей отыра, берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз ойларын толық айта алуға ынталанады. Өзін-өзі бағалайды. Критерийлерге сүйеніп топ басшысы топтыты бағалай алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: жаңа сөздерді тақтадан көрсету, слайд (АКТ). Ой қозғау, ЖИГСО әдісі, автор орындығы, еркін ой толғау(СТО), Диологтық оқыту, топтық әңгіме (оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер). Оқытуды басқару және көшбасшылық, Бағалау


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу

  2. Кезекшімен жұмыс

  3. Зейіндерін сабаққа аудару

  1. Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері» («Гүл шоғын сыйлау»») (3 мин)

  2. Топқа бөлу. Қиынды суреттерді құру арқылы (2 мин)

  3. Топ ережесін естеріне салу, бағалау критерийлер жазылған парақтарды тарату.

Аты -жөні

Жаңа тақырыпты игеруі

Мәтінмен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

белсенділігі




  1. Үй тарсырмасын тексеру. (суреттер мен өлең шығару)

  2. Жаңа тақырыпқа көшу

«Күз» тақырыбына байланысты слайд көру

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  1. Қандай жыл мезгілі?

  2. Күз айларын атаңдар.

  3. Күзде ауа райы қандай?

  4. Әр суреттің өзіндік ерекшеліктері бар ма?



  1. Сөздік жұмыс.

Ерте күз - ранняя осень

Мағына - значение

Шық - роса

Көбею - умножаться, увеличение

Теңелу - равняться

Алтын күз - золотая осень

Толассыз - беспрерывно

Ену - входить

Сылбыр - вялый

Қоңыр күз - поздняя осень

Күшею - усиливаться

Қырау - иней

Тоңазыту - застывать



  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

  • тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.

  2. Сөйлемдер құрау.

  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.



  1. Лексикалық тақырып. Қыркүйек. Қазан. Қараша - мәтіндерді үш топқа бөліп беру. Әр топқа басқа топтан қонақ келеді және оларға сол топта қалған адам мәтінді түсіндіріп береді. (ЖИГСО әдісі)

1 топ. «Қыркүйек» мәтінмен жұмыс.

2 топ. «Қазан» мәтін жұмыс.

3 топ. «Қараша» мәтінмен жұмыс. (10 мин)

II. кезең. Жаттығу жұмысы. Келесі тапсырма оқулықтағы 2 тапсырманы орындау.

1 топ. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрау және оларды орыс тіліне аудару.

Қыркүйек айында, жаңбырлы мезгіл, аспан бұлтты, күн қысқа, жылы жаққа, адамдар дайындалады, жылы киім

2 топ. Берілген сөз тіркестерінен 3 сөйлем құрау

3 топ. Берілген сөз тіркестерінен 3 сөйлем құрау (3 мин)

Әр топ берілген сөз тіркестері бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.

III. Оқулықтағы 4 тапсырманы орындау. Сөйлемдерді аяқтау.

1 топ. 1) Күзде күн .... . 2) Суық жел .... . 3) Ағаштардың жапырақтары .... .

2 топ. 1) Құстар жылы жаққа .... . 2) Күзде жемістер, көкөністер .... .

3) Диқаншылар егін .... .

3 топ. 1) Күз - молшылық .... . 2) Күзгі табиғат ... .

Үйге тапсырма: Сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау, 3 тап 52 бет жазбаша

© 2010-2022