Статья о трехмесячных курсах Менің іс-тәжірибеден түйгенім

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья о трехмесячных курсах Менің іс-тәжірибеден түйгенім

Нуртаева Эльмира Нуртаевна

«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебі»

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Көксу ауданы

Менің іс-тәжірибеден түйгенім

Мектептегі іс-тәжірибе кезінде ата-анамен байланысты жандандырып, коучингтер мен сабақтар арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ойын жетілдіру жұмыстарын жоспарладым.

Аз да болса 8 жылдық еңбек жолымда неше түрлі мұғалімдерді кезіктірдім. Адамның баласы бес саусақтай бірдей болмайтыны сияқты, менің мектептегі әріптестестерім да бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, өз жұмысына немқұрайлы қарайтыны да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да бар. Бірақ мен әріптестерімнің жоғарыда аталған жеке дара қасиеттерінің бар екендігін ескере отырып, тренерімнің бұрын маған берген «Психологиялық айкидо» еңбегін негізге ала отырып, психологиялық тактикаға көштім. Әріптестерімнің барлығын жұмысыма тартып, оқытуда жаңа көзқарас енгізуге, алдарындағы оқушыларын білім нәрімен сусындатуға жаңа ынта-жігермен кірісіп кетуіне өз үлесімді қосуға тырыстым.

Коуч мұғалім мектеп әкімшілігімен жүргізілген аралық бақылау кезінде «Менің пайымдауымша, алдағы уақытта бағдарлама идеясы жеті модуль біздің мектепке кеңінен енгізілсе деп ойлаймын. Осы бағдарлама модульдерін жүйелі пайдалану арқылы бізді және оқушыларды үлкен жетістіктерге әкелері анық» деген пікір айтып өтті.

Тәлімгер мұғалім «Шульман айтқандай мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Мен өз сабақтарымда соны байқадым. Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық деп ойлаймын» деді.

Тәлім алушы өзіне жүргізілген тәлімгерлік үдерісі барысында көз алдымызда өзгеріп сала берді. Мұғалім әр уақытта сабақтарын күні бұрын жоспарлауды өзіне бекітілген тәлімгерден, коучтан, тіпті кейде көшбасшы мұғалім ретінде менен де «Мына сабағыма "Деректі диктант" әдісін, "Өзіндік мысал" ойынын, "Идеяны суреттеу" әдiсiн кіргізсем болады ма, үйлесе ме?» деген сауалдарды жиі қоюды әдетке айналдырып алды. Сабақтарын өткізгеннен кейін тәлімгерімен жүргізілген кәсіби әңгіме барысында «Мен үшін сабақтағы басты тұлға - оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлау дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді нәтиже берген әдіс - сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылды. Менің әр сабағым диалогтан құрылады десем де болады, себебі математика сабағы болса да көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне мән беремін. Өйткені, түрлі есептер шығару барысында ережелерді жақсы білмесе, есептердің жауабын таба алмайды. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Қуанышты сезіммен мынаны айта кеткім келіп отыр: бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете алмас еді деп ойлаймын. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай әсерде болдым. Енді келер жылдан бастап сабақтарымды осындай жаңа әдіс бағдарламасымен өткізуді жоспарласам деп отырмын.

Ал ата-аналар болса, оларға жүргізілген коучинг барысында мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Мұғалімдер ата-аналарға үнемі осындай көзқараста болса екен, мынадай жұмыстарды жиі жүргізсе, ата-ана мен мұғалім арасындағы кедергі жойылады деп сенімді пікірлер білдірді.

«Оқушылар да ата-аналары секілді сабақтарда өз беттерімен жұмыс істеуді тез меңгеріп кетпесе де, сабақ барысында «үнсіз» оқушылар да аз да болса сөйлеп, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектесті» деп менің шығармашылық тобымдағы мұғалімдер өздерінің кері байланыстарын осындай үлгіде берді. Күнделікті сабақтардың мектеп тәжірибесіндегі сабақтардың айырмашылығын топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады.

«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп
француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай мен өзіме лайықты мамандық таңдадым деп ойлаймын, сонымен қатар, мектептегі тәжірибе бұл тек ғана біліктілігімді арттырудағы алғашқы қадамдардың бірі деп есептеймін.


© 2010-2022