Открытый урок на тему Лепті сөйлем

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОткрытый урок на тему Лепті сөйлемүні: 22.09. 2014 8 - сынып

Cабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

. Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын сөйлемдер

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары

Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады

Сөйлемде ақ,ау, ғой,ай шылауларының қатысымен

Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады.

Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады

Мысалы: Ол жетіп келмесі бар ма !

Аты ат-ақ екен!

Па,шіркіннің сөзі!

Жау жойылды!


Жаттығумен жұмыс: 24-жаттығу. Мәтіндегі сұраулы лепті сөйлемді ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер. Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Шығармашылық жұмыс: Өз-өзіңе сұрақ қойып,өзіңмен іштей жан тоғанысымен сөйлесетін кезің болды ма? Ойланып көріңдер де, қағазға түсіріңдер. Ішінде лепті сөйлем болатын болсын.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

  3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  4. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 25-жаттығу. Хабарлы,сұраулы, лепті сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып көшіріңдер.



Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.

Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

  • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.







Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

- Көремін, өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.
























Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп- тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу- қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу- қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.

- Бағу- қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсыңсаған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.















Булбул чаманни севар,
Одам - Ватанни.


Ватандан йироқлашган - номусдан ўлар

Ватани борнинг бахти бор,
Меҳнати борнинг - тахти.

Киши юртида султон бўлгунча,
Ўз юртингда ултон бўл.

Она юртинг омон бўлса,
Ранги рўйинг сомон бўлмас

© 2010-2022