Қазақтың жарық жұлдызы презентация

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың жарық жұлдызы
Мақсаты: Шоқан шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көз жеткізу. Шоқан өмірінің жарық тұстарын жеткізе отырып, оның өмір сүрген жылдарының оқиғалары мен Шоқанға әсер еткен жағдай, жалпы Шоқан туралы мағлұмат алу, достары соның ішінде Шоқанның өнеріне тоқталу.
Көрнекілігі: Шарлар, плакаттар, суреттер. Көрініске керек(көрпе, үстел, дастархан т. б.)
Мұғалім. 1. Шоқан өмірі туралы деректер. «Көкшетау» әні.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде қалың қарағай басқан тау етегінде туған делінген.
Шоқанның өз атасы Уәли Ресей мен Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кеткелі - әз Жәнібек ханға барып тіреледі.
Жәнібек сұлтан
Ер есім - хан
Жәңгір хан
Салқам Уәли - хан
Шыңғыс сұлтан
Шоқан
Фильм. «Алаш алыптары».
Көрініс. «Бала Шоқан». 7 класс оқушылары.
Мысық пен Шоқан
Қатысушылар: Шоқан, Мысық - кедей баласы - Аружан, Жақып - Шоқанның інісі - Бекзат, Айғаным - Шоқанның әжесі - Әйгерім
Шоқан: Ей, Мысық, аман ба! Мына ойыншықты кім істеді?
Мысық: Өзімдікі, өзім істедім. (Мұрнын тартып, ойыншықтарын көрсеткісі келмейді)
Шоқан: Сен немене, мені жатырқап қалғансың ба? Әкең қайда?
Мысық: Әкем үлкен төренің аулына кеткен.
Шоқан: Сен мына ойыншықтарды маған бересің бе?
Мысық: Жоқ, бермейм, кешегі баладай, сен де алып қашасың!
Шоқан: Қорықпа, мен тимейм. Кәне, көрсетші. (Ойыншықтарға қарап): Өзің шеберсің ғой! Маған ана (саусағымен көрсетіп) балшық атыңды берші. Ақысына не аласың?
Мысық: Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?
Шоқан: Бәрін берем! Сен маған ойыншығыңды бер. Жүр біздің үйге! Апамнан көп қант - бауырсақ әперем.
Мысық: Иә, бармайм, қорқам, сіздің ауылдың балары - тентек, иті - қабаған, мені итке талатады.
Шоқан: Жоқ, мен тигізбейм, өзім ертіп апарам!
Мысық: Иә, апаң ұрсады, қорқам! (Шоқанға ойыншық түйені береді)
Шоқан: Өй, кәдімгі түйе ғой мынау! (таң қалып, ойыншықты айналдырып қарай бастайды) - Өй, өзің қандай шеберсің! (қуанып): - Жүр менімен! Апам ұрыспайды.(Екеуі Шоқанның ауылына қарай келеді. Олардың алдарынан Шоқанның тентек інісі Жақып жүгіріп шығады ).
Жақып: Ей, мынау Мысық па?! Қайдан тауып алдың? (Мысықты итереді)
Шоқан: Өй, жынды, әрі кет, онда нең бар?! (Жақыпқа қарай жүгіреді, ол қаша жөнеледі. Мысық жылап, кейін шегіне бастайды.)
Шоқан: Мысық, неге жылайсың? (Інісіне ызасы келеді. Мысық барғысы келмесе де, оны қолынан тартқылап үйге кіргізеді. Мысық тұрып қалады, әрмен қара өтуге қорқады. Кеткісі келеді, бірақ иттен қорқады.)
Шоқан: Мысық, бері жүр.
(Үйдің ішінде үстелдің қасында Шоқанның әжесі Айғаным отырады. Жанында - қолына қамшы ұстап Жақып отыр. Ол Мысыққа ызалана қарап, тұра ұмтылады): Жақып: Өй, қара өзін! Неге келдің?! Әйдә, шық! (Шоқан олардың арасына тұра қалып): Шоқан: Аулақ кет, мұнда нең бар?! Қорқытпа, тиіспе! Бұл - менің жолдасым! (әжесіне қарайды. Ал әжесі Мысыққа бір, Шоқанға бір қарайды.) Әжесі: Шоқан - ау, мынауың әлгі бір былтырғы сары бала ма? Үсті - басы немене?! Қасына жоламашы. Ойнауға бір жөні түзу бала табылмады ма? (Мысыққа қарап): - Әй, сен әлгі күзетшінің баласысың ба? Мұнда қайдан келдің? (Мысық қорқып, аяғының астына қарайды. Шоқан ұялады.) Шоқан: Қорықпа. Иә, мен кетем. Бағана айттым ғой, ұрсады деп. (Кейін шегіне бастайды. Шоқан Мысық: оны тоқтатып):
Шоқан: Әже, мына Мысыққа бауырсақ берші.(Әжесі қызметші әйелді шақырады.)
Әжесі: Әй, Қанипа, ана балаға бауырсақ әперші, отырғызып қымыз бер. Шоқанжан ертіп келіпті ғой. (Жақып Шоқаннан қорқып әжесінің арт жағында отыр, Мысыққа жасырын жұдырығын көрсетеді. Қызметші әйел қымыз бен бауырсақ әкеледі. Мысық отырып, қымыз ішеді.)
Шоқан: Сен немене, әлі қорқып отырсың ба? Жеп қой, қалғанын салып ал. (батылырақ сөйлейді. Мысық та өзін еркіндеу ұстайды. Бауырсағын жеп, аузын жеңімен сүртеді. Орнынан тұрып, есікке беттейді. Бірақ қимылсыз тұрып қалады: иттен қорқады.)
Шоқан: Иттен қорқып тұрсың ба? Кәне, жүр! Ертең саған келем. Маған түйе істеп қой!
Мысық: Жоқ, мен құс істеймін. (мұрнын тартып)
Шоқан: Иә, иә, істе, тіпті жақсы! (Мысық кетеді)
Слайд. Шоқан Уәлиханов халқымыздың тұңғыш археологы.
Шоқан Уәлихановтың сапарларының ішіндегі ең қауіптісі, ол Қашқарияға Әлімбай деген лақап атпен керуенбасы болып кіреді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет - ғұрпы, діни - ұғымдары жайында материал жинап қайтады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. П. П. Семенов - Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов - Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858 - 1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды.

© 2010-2022