Қазақ тілінен ашық сабақтың жоспары. Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері ( 4-5 сынып)

Сабақтың  тақырыбы:  Жыл  мезгілдері                                                     5-сынып Сабақтың  мақсаты:   1.Білімділік:  Тақырып  бойынша  жаңа  сөздермен  танысып,  сөз тіркестерін  жасату.  Берілген  сұрақтарға  толық,  дұрыс  жауап  беруге  дағдыландыру.   2. Дамытушылық:  Оқушылардың    ой-өрісін,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Берілген  тапсырмалар  арқылы  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  молайту.   3.Тәрбиелік:  Туған  жерді  құрметтеуге,  табиғатты   аялауға   тәрбиелеу. С...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері 5-сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін жасату. Берілген сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын молайту.

3.Тәрбиелік: Туған жерді құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: жұмбақ шешу, сұрақ-жауап , суретпен жұмыс, әңгіме құрастыру.

Көрнекіліктер өлең, жаңа сөздер, сюжетті суреттер, жұмбақ.

Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Түгелдеу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін қай күн?

-Ертең қай күн болады?

-Кеше қай күн болды?

II. Фонетикалық жаттығу: Көктем келді көгілдір,

Жер бетіне төгіп нұр. (ө, і)

III. Жаңа сабақ : -Бүгін біз жыл мезгілдері деген тақырыбпен танысамыз. Сабақ үстінде жаңа сөздермен танысамыз, сөз тіркестер құрастырамыз, әңгімемен жұмыс жасаймыз, жұмбақ шешеміз.

Сөздер -Ал енді тақтаға қараңдар жаңа сөздермен танысайық, мен сөздерді айтамын оқушылар қайталайды.

Жұмбақ: - Бір ағашта он екі ұя,

Әр ұяда отыз жұмыртқа.

-Бұл не?

-Он екі ай, отыз күн.

Сұрақтар: -Жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

- Олар қайсы?

- Олар көктем, жаз, күз, қыс.

- Бір жылда неше ай бар?

- Бір жылда он екі ай бар.

-Қыс айлары қандай?

-Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Көктем айлары қандай?

- Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр.

- Жаз айлары маусым, шілде, тамыз.

- Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.

V.Әңгіме: -Енді мына әңгімемен жұмыс жасаймыз. Мына әңгімені оқимыз, аударамыз.

а).Сөз тіркестерін құру: с месяца марта, травы растут, наполняются водой.

б).Әңгімені бір-бір сөйлемнен оқыту ( қателерін дұрыстау ).

в).Таныс сөздерді табу, аудару.

г).Сөйлемдерді қазақшаға аудару: Весна начинается с месяца марта. Весной дни становятся длиннее ,а ночи короче.

д).Қосымша сөйлемдерді айтқызу.

е).Сұрақтар қою: -Қыс қай айдан басталады?

-Қыс айлары қандай?

-Көктем қай айдан басталады?

-Көктемнің бірінші айы қай ай?

-Жаз, күз қай айдан басталады?

-Наурызда күн не істейді?

- Көктемде сайлар неге толады?

- Күн мен түн не істейді?

- Нелер ұшып келеді?

-Нелер шығады?

-Саған көктем мезгілі ұнайды ма?

VI.Суретпен жұмыс: -Ал енді мына суретке қараңдар, осы сурет бойынша сөйлемдер құрату. Көмекші сұрақтар: - Жылдың қай мезгілі?

-Не еріп жатыр?

-Адамдар қандай киім киді?

-Балалар не істеп жүр?

VI. Қорытынды: -Бүгін біз қандай тақырыбпен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Олар қайсы?

-Саған қай жыл мезгілі ұнайды?

Сөздерді теріп алу: -Берілген әріптерден сөздер теріп алыңдар ( қыста, көктем, жаз, күз)

VII. Үй жұмысы: мазмұнын айту.

VIII. Бағалау: жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022