Досымның келбеті атты тақырыпта 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Айы, күні, жылы.Сыныбы. 6Сабақтың тақырыбы. Досымның келбетіСабақтың мақсаты: І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту. ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар....
Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айы, күні, жылы.

Сыныбы. 6

Сабақтың тақырыбы. Досымның келбеті

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

ІV Жаңа сөздер.

Сөздік

келбет - черты лица, облик қолаң шаш- с густыми черными волосами

пісте мұрын- маленький нос бойшаң- высокорослый

шындық- истина аласа бойлы- низкого роста

шыншыл-правдолюбивый аңтарылып тұру- растеряться

беттеген- направился

V Дәптермен жұмыс

4-тапсырм. Керекті сөздерді қойып жазыңдар.

Менің ... көп. Серік деген досым ..., ... . Сабағын да ... оқиды. Ал Ерасыл деген досымды өзім де ... . Бірде күндегі әдетімізше, сабақтан ... қайттық. Алдымызда бір бала ... жеп барады екен. Сонда Ерасыл жүгіріп барып, әлгі ... балмұздағын ала қашты. Мен қатты ... . Кейде ол қараптан- қарап ... бастайды. Оны тез ұмытып кетеді. Мүмкін жаратылысы ... шығар. Кейін ... деген ойдамын.

(Түсінбеймін, тәртіпті, жанжал, сыпайы, жақсы, досым, балмұздақ, бірге, түзелер, баланың, ұялдым, сондай)

5-тапсырма. Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын түсініп алыңдар. Сын есімдерді тауып олармен сөйлем құраңдар.


  1. Сыпайы сырын сақтар.

Әдепті арын сақтар.

  1. Үлкенді сыйласаң,

Кішіге сыйлы бласың.

  1. Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.


VІ Тақтамен жұмыс

«Демалыс» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.

VІІ Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Диалогты оқып, жалғастырыңдар.


  • Данияр, менің досыммен танысып қой, аты Иван!

  • Менің атым Данияр, танысқаныма қуаныштымын!

  • Мен де қуаныштымын?

  • Иван, сен қай қалада тұрасың?

  • Мен Астана қаласында тұрамын.

  • Екеуің қалай таныстыңдар?

  • Біз жазғы демалыста, балалар лагерінде таныстық.

  • Еркіннің саған қандай қасиеті ұнайды?

  • Ол өте шыншыл әрі бауырмал.

  • Оның ән айтатынын білесің бе?

  • Иә, ол қазақтың дәстүрлі әндерін тамаша орындайды!

Досымның келбеті атты тақырыпта 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Шыншыл Ораз.

Ораз бен Арман есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған ораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең ауып алды. Сыртқа беттеген . Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.

-Қорықпа. Сүтті мысық төгіп ктіпті дейміз, - деді Арман.

-Мен өтірік айтпаймын . Байқаусызда төгіп алдым деп, шындықты айтамын, - деді Ораз.

Досымның келбеті атты тақырыпта 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Ораз бен Арман не істеп жүр?

-Олар допты қайда дәлдеп соқты?

-Ораз нені іздей бастады?

-Ол нені қағып кетті?

-Ораз қандай бала деп ойлайсың? Арман ше?

VIII Шығармашылық жұмыс


IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

XI Үй тапсырмасы

Қайталау


© 2010-2022