Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы қазақ әдебиетінен ашық сабақ

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, Абай әндері мен сазгерлері жөнінде білімдерін қалыптастыру. Ұлы ақын шығармаларын жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, әдебиетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, терең ойлайтын дара  тұлға тәрбиелеу. Шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшелік...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Чистопол орта мектебі

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы қазақ әдебиетінен ашық сабақ

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»



Өткізген: Нұрғалиева Әлия Тұрсынғалиқызы

Сайыстың аты: «Өлең - сөздің патшасы ,сөз сарасы»

Мақсаты:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, Абай әндері мен сазгерлері жөнінде білімдерін қалыптастыру.

2) Ұлы ақын шығармаларын жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, әдебиетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, терең ойлайтын дара тұлға тәрбиелеу.

3) шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауларын дамыту, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау.

Мұғалім:

-Армысыздар құрметті оқушылар! Абай әлеміне саяхатқа апарар сайысымызды бастаймыз!

Абай - дара, Абай - дана қазақта

Төзе білген заманында азапқа

Көтерем деп қайтсем қара халқымды

Заманынан оза білді талпынды

Еш кетпеді ұлы жанның арманы

Ұрпақтары ақындығын жалғады

Өзі өлсе де, сөзі өлмейді ақынның

Қарашықтай қазынасын қорғады, - деп Абайдың мол мұрасын паш етуге арналған сайысымызды бастаймыз. Жұмбақ адамның жүрегіне терең бойлаймын деп келіп тұрған зерделі жастарды қол соғып қарсы алайық!

Мен сіздерді бүгінгі сайыстың түрімен таныстыра кетейін:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа айту.

Сайысқа қатысушыларға қойылатын талап:

1.Талапкерлер өлең оқуда дауыс мәнеріне, оқу шеберлігіне, оқушыларға сезімді жеткізуіне мән беруі.

2.Өлең саны шектеусіз, ең аз дегені 5 өлең жаттауы.

1.Ойыншыларды таныстыру.

2.Әділ-қазыларды таныстыру.

Ойынның барысы.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа айту.

Мұғалім:

Абай Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді, төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді.

6а- сынып: Амангелді Назарәлі 10 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Мұндағы оқудың бәрі де ескіше, дін сабағы еді. Онда Абай небәрі үш жыл мұсылманша және үш ай орыс мектебінде орысша оқиды.. Оқитын кітаптары араб, парсы, түрік елдерінің даңқты ақындарының еңбектері болады. Солардың ішінде шын сүйіп оқыған ақындары - Навои, Саади, Қожа-Хафиз, Физули. Абай өзінің таланттылығы мен қабілетінің күштілігімен үш жылда үлкен білімге иесі болған.

Сол жас кезінде-ақ араб, парсы, түрік ақындарының өлеңдеріне еліктеп, өзі де өлең шығара бастады. «Физули, Шәмси, Сайхали», «Жүзі раушан» атты өлеңдері осы кезде жазылады.

6а- сынып: Рашитова Найля 8 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Жасы 13-ке толып, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқыған соң Абайға «оқудың есігі жабылады». Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады.Абайдың жас кезіндегі өлеңдері жоқтың қасы. Жоғарғы аталған «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» атты өлеңі мен араб, парсы, түрік ақындарына еліктеген өлеңдерінің алдыңғысы 1854-1855 жылдары, соңғысы 1858-1859 жылдары жазылған.

Қазақ поэзиясына енгізген Абайдың жаңалықтарын біреулер 16, енді біреулер 19 деп жүр. Олардың қайсысы дұрыс, қайсысы теріс, ол өз алдына. Олар - әлі де зерттей түсуді қажет ететін мәселе. Бірақ бір шындық сол - Абайдың жаңа өлеңдері арқылы әдебиетіміздің баюы, барлық өлең түрлерінің де поэзиямыздан мығым орын теуіп, кейінгілерге үлгі саналуы, өзінен кейінгі ақындардың ол үлгілерді өздеріне өнеге етуі, соның нәтижесінде әдебиетімізде жаңа әдеби мектептің негізі қалануы.

Сонымен қатар Абайдың тағы бір ерекшелігі - өз халқын дүниежүзі мәдениетінің жақсы үлгілерімен, философиялық терең ойларымен таныстыру. Сократтың диалогі, Платонның ой-пікірлері, Аристотель, кейбір француз, ағылшын философтары және Дивани, Фирдоуси, Навои, Низами тәрізді шығыс ойшылдарының өмірге көзқарастарымен қазақ оқырмандары бірінші рет Абай шығармалары арқылы танысты

5а - сынып: Дулат Серікболсын 8 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Абайдың нағашысы - «Шаншан қулары» атанған, күлдіргі, мысқыл сықақпен аты шыққан қазақтың даңқты руларының бірі. Ұлжанның (Абайдың шешесі) ағасы Тонтайдың қожа-молдаларды сықақтап, өлер алдында: «Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас», - деген сөзі күні бүгінге шейін ел аузында. Бұл сықылды сөз тапқыш, мысқылшылдық Ұлжанда да болған. Атасы Құнанбайдың өзі және оның айналасының бәрі де сөз ұстаған шешендер болып, анасы жағынан «Шаншар қуларымен» тамырласып жатуы Абай тәрізді үлкен таланттың ең болмағанда тілі ұшталуына аз да болса әсер етуі сөзсіз. Абайдағы қазақтың нақыл, тақпақ, билер сөздерінің үлгісімен келетін шешендік сөздерге ұсталық, мысқыл-сықаққа асқан шеберліктердің бір тамырын осы өскен ортасынан іздеуіміз керек. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның сегізін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазды.

6а-сынып Цыганкова Аида 7 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Абай алғашқы кезде өз өлеңдерін досы, замандасы Көкбай ақынның атымен жариялап, 1886 жылдардан ғана бастап өз атымен шығарған. Сөйтіп, өлеңді өзінің мамандығы етуі осы жылдардан басталады. Абай өмірін зерттеушілердің бәрі де мұны мойындайды. Абайдың көп өмірінің ел басқару ісіне жұмсалынып, сөз ұстап, билік істерін атқаруы Абайдың өлеңдерінің жылдары үзіліп қала беруінің негізгі бір себебі осында екенін аңғартады.

Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан бері қарай. Оған шейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді жүрдім-бардым ғана жазып келсе, 40 жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей беріледі.

5а-сынып Қайыржан Ноян 7 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

6а-сынып Төрегелді Ақбота 5 өлең жаттаған.

Мұғалім:

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

5а-сынып Ескенов Мирас 5 өлең жаттаған

Мұғалім:

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.

Әділқазы: - Сайысты қорытындылай келе мынандай шешім шығарды.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа айту.

6а- сынып Амангелді Назарәлі 1 орын

6а-сынып Рашитова Найля 2 орын

5а- сынып Дулат Серікболсын 3 орын

Мұғалім:

Бүгінгі сайысымызға уақыт бөліп келгендеріңізге рақмет ! Сайысқа қатысқан оқушыларға көп-көп рақмет.



© 2010-2022