Фонетикадан өткенді қайталау ашық сабағы

"Фонетикадан өткенді қайталу" эстафета ашық сабағы арқылы оқушылардың фонетикадан алған білімдерін тексеру. Бұл сабақ арқылы бірін-бірі сыйлауға, топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, ойын айта білу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау технологиясын дамыту. Үлестірме парақтар, интерактивті тақта, слайд, кеспе әріптер арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттеу. Дыбыстардың айтылу, естілу, буын және екпін...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: фонетикадан алған білімдерін тексеру.
2. Тәрбиелік: бір-бірін сыйлауға, топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, ойын айту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: эстафета сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Оқыту формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер, интерактивті тақта, слайд, кеспе әріптер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабаққа қатысын қадағалау.

Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке». Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.

Үй тапсырмасын тексеру.

Топқа бөлу.

Оқушылар дауыстылар және дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі:
1. Ой қозғау.

Қазақ тілінде қанша әріп бар? 42

Қазақ тіліне тән қанша дыбыстар бар? 9 ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ

Үлестірмелі карточка. Мына сөздерді әліпби тәртібімен жаз.

Көл, шілде, алтыбақан, әулие, ғалым, қағаз, мұнара, ризашылық, отау, диқан, тиін, фельетон, экскаватор, қант, барыс, гүл, ілмек, ынтымақ, чек, ядро, ханшайым, үтік, ұя, парыз, өзен.

III. Мағынаны тану кезеңі.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Фонетика ғылымы нені зерттейді?

Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін интонация мәселелерін қарастырады.

  1. Тіл дыбыстары үн мен салдырдың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

2 дауысты және дауыссыз дыбыстар

  1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

2 жуан және жіңішке дауыстылар

  1. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

2 ашық және қысаң дауыстылар

  1. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

2 еріндік және езулік дауыстылар

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

3 қатаң, ұяң, үнді

  1. Буынның түрлері нешеу?

3 ашық, тұйық, бітеу

Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойыңдар.

  1. Т...л адамды к...кк... к...тер...д... , т...л арқ...л... ел б...қытқ... жет...д... .

  2. Т...л - ...лттың ж...н д...ниес... .

  3. Т...ғ...н тіл...н... жан... ашым...ғ...н ...д...м - ж...нд...к.

«Кім жылдам?». Жуан буынды сөздерді бір бөлек, жіңішке буынды сөздерді бір бөлек жаз.

Жәбір, ұлан, жәрмеңке, құдық, түйіншек, түйреуіш, адыраспан, жара, мүлік, тамызық, иісі, уыс, құрылыс, лебіз, мәжіліс, халық, бүгін, ойын, мейірім, мал.

Жұмбақтардың шешуі қай әріптер екенін табыңдар.

Әнде бар,

Күйде жоқ.

Сәнде бар,

Биде жоқ.

(ә)

Жаңада бар,

Ескіде жоқ.

Танада бар,

Ешкіде жоқ.

(а)

Тарақта бар,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

Аста жоқ.

(қ)

Жазуда бар,

Сызуда жоқ.

Жылуда бар,

Қызуда жоқ.

(ж)

Биікте бар,

Ойда жоқ.

Киікте бар,

Қойда жоқ.

(и)

Нанда бар,

Етте жоқ.

Айранда бар,

Сүтте жоқ.

(н)

Кітаппен жұмыс. 261-жаттығу. Мәтінді оқып,осындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. Мәтіндегі дүниедегі, естілерден, көрген, жақсы сөздерін талдау.

Мына сөздің әріптерінен бірнеше сөздер құраңдар. (карточка)

Қошаметкейлік

Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Жазық

Тәлім

Мына сөздерді буынға бөл және қандай буын түрі екенін ажырат.

Бақытты, Жайық, басшы, досым, таудай, буын.

Мына жаңылтпаштарды кім жылдам және жақсы оқиды? (карточка)

Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,

Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.

Оразды ойлаушы ек,

Орнықты ойлы деп.

Олай боп шықпады -

Орынсыз ойыны көп.

Мына мақал-мәтелдерді өз орын тәртібімен жаз.

  1. Көп, көмір, алтын, сөз сөз, аз.

  2. Жақсының, өлмейді, хаты, өлмейді ғалымның, аты.

  3. Жақсы, жан, азығы, сөз.

IV. Ой толғаныс кезеңі

Менің сабақтан алған әсерім

V. Сабақты қорыту.

«Жұлдызды сәт» Сұрақ-жауап

  1. Фонетика ғылымы несімен қызықты?

  2. Ашық буын дегеніміз не?

  3. Тұйық буын дегеніміз не?

  4. Бітеу буын дегеніміз не?

Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау, бағалау.

VI. Үйге тапсырма:

271-жаттығу. Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазу.


© 2010-2022