- Преподавателю
- Иностранные языки
- Қазақ тілінен сабақ жоспары Ұлттық тағамдар
Қазақ тілінен сабақ жоспары Ұлттық тағамдар
Раздел | Иностранные языки |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Турсинбекова А.О. |
Дата | 06.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімдік: кәсіби қазақ тілі пәні мен мамандық бойынша бағдарламалық материалды, кәсіби мәтіндер мен термин сөздерді, сөз тіркестерін; қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.
-
Дамытушылық: модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі; кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;
-
Тәрбиелік: халқымыздың ұлттық тағамдарын білу, тағамдардың жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге; тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұптау, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: топпен жұмыс
М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша өткен сабақтан көрініс /топтық жұмыс/
ІІ Модуль
Тақырыбы: Іскерлік қатынас
Бөлім
Сабақ саны
Сабақтың мазмұны
Кіріспе бөлімі
1-2 сабақ
Модульдің құрылымымен, мақсат, міндеттерін таныстыру.
-
Кіріспе. Кәсіби қазақ тілінің міндеті. «Мамандық». «Менің мамандығым». «Асханада». «Ұлттық тағамдар». «Дәмхана». «Мейрамхана». «Қабылдау бөлмесінде»
-
Сөздікпен жұмыс.
-
Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
-
Қорытынды.Үйге тапсырма.
Сөйлесу бөлімі
3-сабақ
Тақырыпты меңгерту.
-
Өзара оқыту сабағы.
-
Грамматикалық тапсырмалар.
-
Қорытынды. Үйге тапсырма.
4-сабақ
Білім, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.
-
Білімді өзектендіру сабағы.
-
Іскерлік қатынас /топтық жұмыс/
-
Қорытынды. Үйге тапсырма.
5-сабақ
Білім, іскерлік дағдыларын қорыту.
-
Рөлдік ойын «Жұмыста»
-
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
-
Қорытынды.Үйге тапсырма.
Қорытынды бөлімі
6-сабақ
-
Диктант.
-
Тест жұмысы.
-
«Менің мамандығым» шығарма
Оқушы нені үйренуі керек?
ә) қазақ тілінің грамматикалық ерекешелігін.
Оқушы нені білуі тиіс?
а) кәсіби мәтіндерді сөздікпен, сөздіксіз аудара білуі;
ә) модуль бойынша өткен сөздер мен сөз тіркестерін тәжірибеде қолдана білуі;
б) тапсырмаларды орындау кезінде топта, жұпта, жеке жұмыс істей білуі.
Ашық сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»
4-сабақ
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сабақтың мақсатын, жүру барысын түсіндіру.
-
Білімді өзектілендіру сабағы /топпен жұмыс/
І деңгей
Тапсырма: «Колледждің асханасы» шағын шығарма
ІІ деңгей
Тапсырма: «Қабылдау бөлмесінде» Өтініш жазу.
ІІІ деңгей
Тапсырма: «Ұлттық тағамдар»
Интерактивті тақтада: слайдтар «Ұлтық тағамдар» 3 оқушы тағамдардың
3 түрінен сурет бойынша таңдап жазады.
Ет тағамдары: …, …, … .
Сүт тағамдары: …, …, … .
Ұн тағамдары: …, …, … .
4. Іскерлік ойын
Мақсаты: тақырыптар бойынша алған білімдерін, іскерлік дағдыларын дамыту, пысықтау.
Шарты: топтарда деңгейлік тапсырмалар орындау
І деңгей «Шағын бизнес»
Тапсырма: шағын тамақтандыру мекемесін ашу /асхана, дәмхана, мейрамхана/ :
-
Мекеменің атауы ;
-
Жарнама жасау;
-
Бизнес жоспар құру.
-
Өз жобаларын қорғау.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі - оқуға шақырады.
-
Колледжге жарнама
-
Технология бөлімі туралы әңгімелеу.
-
«Менің - болашақ жұмыс орыным» өз жұмыс орны туралы әңгіме
/тіл дамыту жұмысы/
ІІІ деңгей «Қонақжайлылық»