Урок на тему Астана қаласы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исмаилова Махабат Сайлаубековна

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

«Заградовка орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушылардың еліміздің елордасы, күрделі сөздер туралы білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, еліміздің астанасын сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: педагогикалық шеберхана.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, іздендіру, жаттығу

Көрнекі-құралдар: тақырыпқа сай кітаптар, сөзжұмбақ, семантикалық карта

Интеграциялық мүмкіншілік: орыс тілі, география, Қазақстан тарихы

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.»Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу

3.Жаңа сабақ. «Миға шабуыл»

4. .Сөздік жұмысы.

Сабақтың барысы: І.Ұйыдастыру кезеңі :

  1. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.

  2. Тіл дамыту сұрақтары.

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу

1.Әкеңнің әкесі (ата)

2.Үшінші септік (барыс)

3.Астананың рәмізі (Бәйтерек)

4.Ең жақын адам (Ана)

5.»Ескі» сөзінің синонимі (көне)

6.Қазақстан Республиқасың үшінші астанасы (Алматы)

-Балалар, қаңдай сөз шықты? - Астана

ІІІ. Жаңа сабақ. «Миға шабуыл».

Балалар, Астана туралы не білесіңдер?

-Отаның қай мемлекет?

-Астанасы қай қала?

-Астана қаласы ұнай ма?

-Астана қаңдай қала?

Ал, енді Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз.

ІV. «Жан жүрегім - Астана» фотоальбомын көру.

  • Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.

Мәтінді мәнерлеп оқу.Мәтінмен жұмыс.

V. Мәтінмен жұмыс.

Астана

Қай елдің болса да астанасының аты оның мемлекеттік рәмізі сияқты. Мысалы, Мәскеу десе - Ресей, Бейжің десе - Қытай, Лондон десе - Англия мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.

Астана - болашағы үлкен қала. Ол - әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің бір жағалауында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Екінші жағалауда - жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт-дәстүрлерді білдіреді. Сондай-ақ қазіргі тәуелсіз Қазақстанның күш-қуатын, асыл құндылықтарын көрсетеді.

Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық - Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар да бар.

Астана қаласы - жаңа Қазақстанның белгісі.

Мәтінді екі топқа бөліп, аудару.

Астана

Название столицы каждой страны похоже на государственный символ этой страны. Например, мы представляем перед собой Россию, когда говорим Москва, Китай, когда говорим Пекин, Англию, когда говорим Лондон.

Главный город нашей страны - Астана. Сегодня Астана известна всему миру.

Астана город с большим будущим. Он - один из красивейших городов мира. Город Астана расположен на одном берегу реки Ишим. На одном берегу реки находиться старый город. На другом берегу - новый город. Общий вид нового города показывает историю Казахстана, культуру, народные традиции. Так же показывает силу, богатые ценности современного независимого Казахстана.

Есть строительства, обозначающие самую дорогую ценность для нашей страны - единство и солидарность народов Казахстана.

Город Астана - это знак нового Казахстана.

  • ҮІ. Астана - столица

  • Бас - главный

  • Әйгілі - известно

-тапсырма
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

2-тапсырма

"Астана" мәтінінен қос сөздерді тауып жазыңыздар.

Салтдәстүрлерді, күшқуатын

3-тапсырма

Төменде берілген эпитеттердің қай қатарын Астана сөзімен байланыстыруға болады?

  1. Жас, көрікті, таза, ерекше

  2. Ежелгі, кішкентай, аласа

  3. Қызыл, көк, ұзын

4-тапсырма
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

  • 1.Болашағы, зор, Астананың.

  • 2.Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып.

  • 3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.

  • 4.Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.

  • 5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең.

Семантикалық картаны толтырыңыздар:

Күрделі сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

Ақмола

+




Зәулім-зәулім


+



ТМД



+


Ыдыс-аяқ


+



Астана қаласы




+

Педколледж



+


СҚО



+


Ата-ана


+



Сарыарқа

+




Ақ көгершін




+

ЖШС



+


Ырысжан

+




Әнұран

+





ҮІІІ. Өз ойын білдіру.

Оқушылар топтасып, 2017 жылы еліміздің бас қаласы - Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО көрмесі жайында пікірлерін ортаға салады. Арасынан бір оқушы ортаға шығып талқылайды.

ІХ. Ой қорыту.

  • - Сен Қазақстанның ірі қалаларын білесің бе?

  • - Қазақстанның астанасы қай қала?

  • - Астана қай жылы Астанаға көшірілді?

X. Үйге тапсырма беру.

"Менің Астанам" тақырыбына эссе жазу.

ХІ. Бағалау. Оқушыларды белсенділіктері мен жауаптарының дұрысбұрыстығына қарай бағалау.

ХІІ. Қорытынды.

Оқушылар мен қонақтарға бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символы ретінде көгершін бейнесіндегі парақшаларды тарату. Әрқайсысы бүгінгі сабақ туралы ойларын жазып, кластер құрып тақтаға іледі.



Семантикалық картаны толтырыңыздар:

Күрделі сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

Ақмола





Зәулім-зәулім





ТМД





Ыдыс-аяқ





Астана қаласы





Педколледж





СҚО





Ата-ана





Сарыарқа





Ақ көгершін





ЖШС





Ырысжан





Әнұран

+




Семантикалық картаны толтырыңыздар:

Күрделі сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

Ақмола





Зәулім-зәулім





ТМД





Ыдыс-аяқ





Астана қаласы





Педколледж





СҚО





Ата-ана





Сарыарқа





Ақ көгершін





ЖШС





Ырысжан





Әнұран





Семантикалық картаны толтырыңыздар:

Күрделі сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Тіркескен сөз

Ақмола





Зәулім-зәулім





ТМД





Ыдыс-аяқ





Астана қаласы





Педколледж





СҚО





Ата-ана





Сарыарқа





Ақ көгершін





ЖШС





Ырысжан





Әнұран







© 2010-2022