Мағжан Жұмабаев Сүйемін

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. « Сүйемін »Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын, сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тіл...
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. « Сүйемін »

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін

мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.

2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,

шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін

қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,

сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.

3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі - қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге

тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды

өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке,

қайсарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен

жұмыс, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А)Оқушылармен сәлемдесу.

Ә)Шаттық шеңбері: Мотивациялық кезең.

Сымбатты да, сыршыл-Слушаш,

Сүйкімді де, сенімді-Серікгүл,

Ақылды да, ажарлы- Александра,

Қасиетті де, қамқаор -Қайрат,

Қадірлі де,қымбатты-Қазыбек.

2.Үй тапсырмасын сұрау:І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келген білімдерін сауалдар қоя отырып тексеру.

1.І. Жансүгіров қай жылы дүниеге келді? /1894 ж/

2.І.Жансүгіровтің туған жерін ата? /Талдықорған қаласы,Ақсу ауданы/

3.Ілиясқа жастайынан әңгіме,аңыз, ертегі жырларды кім үйретті? /Әкесі Жансүгір/

4. Ол жастайынан кімнен ерте қалды?/анасынан/

5. Ілияс біраз уақыт қандай мектепте оқыды? /Қарағаш деген жердегі, Мамановтардың ашқан мектебінде оқыды/

6.Ғалымдар мен әдебиетшілер оны қалай атады? / «Сөз Құлагері», «Өнер жаршысы», «Күй жаршысы»/

7.Ілияс қай жердегі мұғалімдер институын бітіреді? / Ташкенттегі 2 жылдық/

8.1925 жылы қай жерге, қандай институтқа түседі?/ Мәскеудегі журналистика институтына түседі/

9. Журналистика институтында неше жыл оқиды? /3 жыл оқиды,1928 ж бітіреді/

10.Оның қандай поэмаларын білесіңдер? / «Құлагер» «Күй», «Күйші», «Дала».

11.Қандай өлеңдерін атап бере аласыңдар? / «Әнші», «Бөбек бөлеу», «Ағынды менің Ақсуым»

12. Өздерің оқыған «Әнші» өлеңі кімге арналған ?/Әсет Найманбаевқа/

-Сендер І.Жансүгіровті қаншалықты білдіңдер, өздерің қорытынды жасаңдаршы 1-2 сөзбен.



I.Деңгей.Білу.

Балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз М.Жұмабаевтің «Сүйемін» атты өлеңі.

Қазір сабағымызды бастамас бұрын Сендер осы күнге дейін «Мен Мағжан туралы не білемін» деген сауалға жауап беріп көріңдерші. Ол үшін постерге түсірулеріңе болады.

Мағжан Жұмабаев Сүйемін

II.Деңгей. Түсіну. Мәтін берем жұпқа. Әр жұп өз мәтінің оқып, түсініп, бір-бірлеріне айтады.Содан кейін қарсы жұпқа әрқайсылары өз мәтіндерін түсіндіреді.

-1-

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда туған.

Белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды. 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп алады.Ол медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

1912 жылы Қазанда алғашқы «Шолпан» өлеңдер жинағы шыққан Мағжанның шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды.
Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығармаларын жарыққа шығарады.

-2-

1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет - көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды.
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.

М. Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас - аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын - сүргінде, азап - қорлықта өтіп, ақыры 1938 жылы ажал оғы құлатты.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол - көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.
Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т. б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т. б. поэмаларын білеміз.

Сызбаны сәйкестендір

1893 жылдың 25 маусымында

Ол медресені жақсы үлгеріммен бітіреді.

1905 жылы

Қызылжардағы медресеге оқуға түседі.

Төрт жасында

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда туған.

1910 жылы

көркемөнер институтында оқиды.

1912 жылы Қазанда алғашқы

шығармашылық жұмыспен айналысады.

Мағжан 1916 жылы

көркемөнер институтында оқиды.

1922 жылы Ташкентке келіп

Омбының семинариясын ойдағыдай бітірді

1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі

Қызылжардағы медресеге оқуға түседі.

1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды

ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

Ақыры 1938 жылы

ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды.

III.Деңгей.Қолдану.

-Ал, енді балалар, М.Жұмабаевтің «Сүйемін»өлеңін мәнерлеп оқып, тақырыбын, идеясын табайық.

Тақырыбы

Сүйемін

Идеясы

Туған-туысын елін, жерін жақсы көру

Шумақ саны

4

Әр шумақтағы жол саны

9

Тәрбие негізі

Туған жерін құрметтеу

Қорытынды

Туған жердің мәртебесін көтеремін

Өлең құрылысына талдау

Күлдей күңгірт // шашы бар,

Тоқсан бесте // жасы бар,

Көз дегенің - //сұп-сұр көр.

Тасбиық санап // бүгіліп,

Жерге қарап // үңіліп,

Көрше ауыр // күрсінер.

7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас

    • Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді

    • Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ - өлеңнің әр жолы)

  • Бунақ. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі

  • Буын - сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)

  • Ұйқас- өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың

буындарымен үйлесуі.

  • Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс

ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.

Е) Дәптермен жұмыс:

Теңеу деген не?

-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.

Метафора деген не?

-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.

Метафора: қыс - ақ кебін, жаз - сары.

Эпитет деген не?

-Эпитет (айқындау) -заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету

Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы

IV.Деңгей.Талдау.

М.Жұмабаевтің «Сүйемін»өлеңін М.Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңімен салыстыру.

Мағжан «Сүйемін»

Мұқағали «Үш бақытым»

V.Деңгей.Жинақтау/Синтез/.

Өздерің 4 жолды өлең шумағын құрастырыңдар.

Мұғалім сөзі:

Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.

ҮІІ. Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. . «Сүйемін» атты өлеңін жаттап келу


© 2010-2022