Краткосрочное планирование на тему: Т. Ізтілеуұлы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Краткосрочное планирование на тему: Т. ІзтілеуұлыКраткосрочное планирование на тему: Т. ІзтілеуұлыТараз қаласы, №30 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аманкулова Кымбат Кенжебайқызы

Қазақ әдебиеті 8 сынып

Тақырыбы: Тұрмағанбет Ізтілеуұлы «Адамдық іс»,

«Арқаның ауруы не қозбайтұғын»

Мақсаты: Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерінде айтылған негізгі ойды ажырату.

Міндеті: 1.Мазмұнға байланысты: ақын өлеңдеріне мазмұндық, әдеби-теориялық талдау жасау, ақынның шеберлігін таныту.

2. СТО-ға байланысты: еркін сөйлеуге, ой-пікірін қорытындылай білуге үйрету.

3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: топтағы жұмысты ұйымдастырады, жұмыс нәтижесін көрсете біледі.

Оқыту технологиясы: СТО

Типі: жаңа білім беру

Түрі: аралас

Әдісі: Диалогтік әдіс, «Ойлаудың алты қалпағы», «Кейіпкерге хат», ментальді карта.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, Ф1 форматты қағаз, маркер.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі

Күтілетін нәтиже: Өлеңдерді талдай отырып түйінді ойды ажыратады, көркемдік ерекшелігі мен ақын шеберлігін танып біледі.

Сабақ жоспары:

Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар қасында отырған оқушының бойындағы бір жақсы қасиетті атап береді.

Мақал-мәтелдердің тақырыбына қарай топтасу арқылы «Ақыл», «Ғылым», «Бірлік» топтарына бөлінеді.

Өткен тақырыпты еске түсіру:

1. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының идеясы қандай?

2. Поэмада қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

Жаңа тақырыпқа байланысты

қызығушылығын ояту

«...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, өнер, білім деген нәрселермен озбақ, өзге нәрселермен оздым дегеннің бәрі бос әурешілік» Абай.

Мағынаны ажырату

  1. Т.Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша қысқаша мәлімет беру. (слайдты көрсетілімдер)

  2. «Адамдық іс», «Арқаның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1-тапсырма

«Адамдық іс» өлеңінің мазмұнын талдау мақсатында «Екі түрлі түсіндірме күнделік» бойынша жұмыс.

Ақыл тобы:

Өлеңнен үзінді

Оқушы пікірі

Күн туса нұр қашады айдан-дағы,

Жарлы жақсы қайырсыз байдан-дағы;

Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,

«Бұл сөзді таптың,- деме,-қайдан-тағы?»

Тұлпардың тұқымының туымы бар,

Белгілі ат болуы тайдан-дағы.

Ғылым тобы:

Өлеңнен үзінді

Оқушы пікірі

Алда-аға, артта-іні жетіп тұрса,

Жігітке ол бір құрал саман-дағы

Деген бар: «төртеу түгел-төрге шығар!»

Төрің сол-бақыт құстың айналғаны.

Алтау боп -аузың ала бола қалса,

Дұшпанға құл боп анық байланбағы.

Бірлік тобы:

Өлеңнен үзінді

Оқушы пікірі

Кейбіреу сәл бақытқа мас болады,

Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.

Адамдық иісіңе жұрт аңсап тұрсын,

Не керек, қарныңның құр майланғаны?!

Көңіліне «Мен адаммын!» деп жүрген көп

Кілегей майға ұқсаған айрандағы.

«Ұлылар үндестігі»

-Балалар, «Адамдық іс» өлеңімен мазмұндас болып келетін қандай ақын өлеңдерін білесіңдер? (Абай, Шәкәрім)

Тұрмағанбет Ізтілеуұлы шығармалары білім, ғылымды, адамдық пен ізгілікті насихаттайды. Жастарды жақсы мінезге, халықты қадірлей білуге шақырады.

2-тапсырма Венн диаграммасы

Т.Ізтілеуұлы А.Құнанбаев

«Арқаның ауруы «Әуелде бір суық

не қозбайтұғын» мұз ақыл зерек»

3-тапсырма

Ақыл тобы: Өлеңдерді құрылысына талдау.

Ғылым тобы: Өлеңдерге әдеби-теориялық талдау.

Бірлік тобы: Өлең мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айту.

Ойтолғау сатысы

Берілген тақырып аясында постер толтыру.

Ақыл тобы: «Адамдық іс».

Ғылым тобы: «Ғылым таппай мақтанба, өнер таппай баптанба...»

Бірлік тобы: «Төртеу түгел - төрге шығар...»

Бағалау


Үйге тапсырма: «Адамдық іс», «Арқаның ауруы не қозбайтұғын» өлеңдерін мәнерлеп жаттап келу.

Кері әсер парағын алу

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

  2. Сабақ барысында сізге не ұнады, не ұнамады?

  3. Сабақ мазмұны бойынша немесе кез-келген сұрағыңыз.

Оқушы жауабын тыңдайды, мақтап,мадақ

тайды.

Оқушыларды қима қағаздар арқылы топқа бөледі.

Сұрақтар қояды


Қара сөзді оқиды, топтағы оқушыларға мақалдар айтқызады.

Жаңа тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылардың жұмыс істеуіне жағдай жасайды






Слайдты көрсетілімдер арқылы қосымша түсінік береді.

Жұмыс жасауға бағыттайды.


Тапсырма береді.


Оқушылардың жұмыс жасауына жағдай жасайды.

Бағалау парағына сүйене отырып оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасын береді



Бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді атап береді.

Топқа бөлінеді


Сұраққа жауап береді


Әр топтан бір оқушы өз мақалын оқиды.

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Жұппен жұмыс

Жасайды.







Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.


Топпен жұмыс жасайды.


Тапсырманы жеке орындайды.


Топтық жұмыс


Бағалау парағын толтырады



Кері әсер парағын толтырады



© 2010-2022