Ашық сабақ қазақ тілінен Киіз үй 3 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

3 сынып


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: оқушылардың берген мәлімет арқылы меңгерген

білім дәрежесін тексеру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын

арттыру, сауатты жазуы мен шығармашылылық

жұмыс істеуді үйрету.

3. Тәрбиелік: қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу, білу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, түсіндіру, ойландыру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, кәртішкелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. сәлемдесу;

2. кезекшімен сұхбат;

3. оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабаққа

дайындығын тексеру.

4. Тіл дамыту кезеңі: 1.Бір жылда неше ай бар? 2.Бір жылда неше күн бар?

3.Бір айда неше күн болады? 4. Бір айда неше апта болады?

5. Бір аптада неше күн бар? 6. Бір тәулікте неше сағат бар?

7.Бүгін аптаның қай күні? 8. Бір сағатта неше минут болады?

9.Сен қай мектепте оқисың? 10.Сен нешінші сыныпта оқисың?

11. Бір жылда неше мезгіл бар? 12. Қазір қай мезгіл?

13. Қыста не болады? 14. Бүгін ауа райы қандай?

5. Үй жұмысын қайталау:

Балалар, біз өткен сабақта не өттік? Дұрыс, біз «Біздің қала» туралы әңғіме

құрдық, сұрақтарға жауап бердік. Грамматика: тәуелдік жалғаулары.

а) әңғіме «Біздің қала»

б) тәуелдік жалғаулары.

(сұрақтар арқылы әңғімені қайталау, «қалам» және «даңғыл» сөздеріне тәуелдік жалғауларын қайталау)

1. Сен қай қалада тұрасың? 2. Біздің қала қай жылы салынған?

3. Қалада қаңдай? 4. Қалада нелер бар? 5. Көше бойында нелер өседі?

6. Саған біздің қала ұнайды ма? 1) Енді кім «біздің қала» туралы әңғіме

айтып береді? ( 2-3 оқушыны тындаймыз, содан кейін оқушыларға «Біздің

қалаға саяхат» деген видео сюжет көрсетемін, 2-3 минут)

2) (2 оқушы интерактивті тақтада жұмыс істейді - «тәуелдік жалғауларды

қайталаймыз).

Іж. менің қала+м, менің даңғыл+ым

ІІж. сенің қала+ң сенің даңғыл+ың

Сіздің қала+ңыз Сіздің даңғыл+ңыз

ІІІж. оның қала+сы оның даңғыл+ы

ІІ Жаңа тақырып: Ал, енді біз қазір жаңа тақырыпқа көшеміз. Қандай тақырып,

екенің сендер маған айтып бересіндер, ол үшін мен сізге бір ертегі айтамын.

... Ерте, ерте ертеде, далада қошіп-қонып жүрген қазақтардың күнге ұқсас үйі

болды. Аспан күмбезіндей домалақ әрі жылы, кемпірқосаққа, тақияға, нанға

ұқсайтың ұй. Ол үйді қалай атаған? ( суретке қарап, айтыңдар) Дұрыс, ол үйді «Киіз үй» деп атаған. Ол тез жығып, тез жиналады, көшіп - қонуға лай- ықты. Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Киіз үйдің жүрегі - шаңырақ, деп саналады. Ол ұрпақтан - ұрпаққа берілетін мұра. ( сурет бойынша әңғімелеу)

Сөздік: (жаңа сөздермен танысу):

Киіз үй - юрта, баспана - жилье, көшпелі - кочевой (-ая, -ые),

бөлшек - часть , кереге - раздвижная, решетчатая стена,

уық - купольные жерди, шаңырақ - купол юрты, есік - дверь, мұра -

наследие.

(сөздерді кезекпен оқу, хормен оқу, аудару, дәптерге жазу)

Енді балалар, қазір біз мәтін бойынша жұмыс істейміз. Кезекпен мәнерлеп оқып,аударамыз.

1 - тапсырма. Оқып, аудар. «Киіз үй»

Көшпелі қазақтардың баспанасы - киіз үй. Киіз үй - ең женіл баспана. Киіз үй төрт бөлшектен құралады. Олар - кереге, уық, шаңырақ және есік. Киіз үйдің іші әдемі, жылы. Киіз үйдің жүрегі - шаңырақ. Шаңырақ ұрпақтан - ұрпаққа бері- летін мұра.

2-тапсырма: Асты сызылған сөздерде дауыссыз дыбыстарды көрсет.

Қазақтардың - тек қана ұян дыбыстарды көрсет. ( з; д)

Бөлшектен - тек қана қатан дыбыстарды көрсет. (ш; к, т)

Шаңырақ - тек қана үнді дыбыстарды көрсет ( ң; р)

3- тапсырма Сұрақтарға мәтін бойынша жауап бер.

1 Киіз үй кімдердің баспанасы? 2. Ол қандай баспана?

3. Киіз үй неше бөлшектен құралады? 4. Киіз үйдің іші қандай?

5. Киіз үйдің жүрегі не? 6. Ол қандай мұра?

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырма.

Ашық сабақ қазақ тілінен Киіз үй 3 сыныпАшық сабақ қазақ тілінен Киіз үй 3 сыныпАшық сабақ қазақ тілінен Киіз үй 3 сынып

ІІІ - деңгей ІІ - деңгей І - деңгей

Берілген сөздерді Берілген сөздермен сөз Берілген сөздермен 2-3

буынға бөл. тіркесін құра. сөйлем құра.

шаңырақ - киіз үй - баспана -

қазақтардың - шаңырақ - ең женіл -

ұрпақ - бөлшек - шаңырақ -

5-тапсырма. Сөйлемдерді отлықтырып жаз.

Киіз үй - ең женіл ... . Киіз үй төрт .... құралады. Киіз үйдің жүрегі - .... .

Шаңырақ ұрпақтан - ұрпаққа берілетін .... .

Керекті сөздер: бөлшектен, шаңырақ, баспана, мұра.

ІІІ. Сабақтың қорытындысы:

1. Сурет бойынша киіз үйдің бөлшектері көрсету, жазу.

( интерактив тақтада)

2. Тест тапсырмасын орындау


  1. Киіз үй деген не?

а) пәтер, ә) баспана, б) үй.


  1. Киіз үйде неше бөлшек бар?

а) 4, ә) 6, б) 3.


  1. Киіз үй кімдердің баспанасы?

а) өзбектердің,

ә) орыстардың,

б) көшпелі қазақтардың.

4. Киіз үйдің жүрегі не?

а) шаңырақ, ә) уық, б) кереге.

5.«Юрта» сөзінің аудармасы қалай?

а) үй, ә) пәтер, б) киіз үй.


  1. Бағалау. Үйге тапсырма.

5-тапсырма, сөздер.

© 2010-2022