Открытый урок на тему Хабарлы сөйлем

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.09.2014 8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Открытый урок на тему Хабарлы сөйлем

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шак) жүзеге асқандығын немесе жүзеге асатындығын білдіреді. Мысалы:

Открытый урок на тему Хабарлы сөйлем Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.) Хабарлы сөйлем оқиғаның, іс-әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы: Жер жұтуға тоймайды, от отыға тоймайды, кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды.

Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірлерін білдіреді. Мысалы: Ақ сутін беріп, аялап әсірген ананы қалай суйсең, еліңді де солай сую - қасиетпгі борышың. (С.А.)

Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.

Открытый урок на тему Хабарлы сөйлемСызбасы:

Открытый урок на тему Хабарлы сөйлемОткрытый урок на тему Хабарлы сөйлем

Открытый урок на тему Хабарлы сөйлемОткрытый урок на тему Хабарлы сөйлем

Кітаппен жұмыс: 17-жаттығу, Сөйлемдердің аяқталған тұсына нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар. Сергіту сәті

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.

Шығармашылық жұмыс: «Қазақ жері-ежелгі адамдар мекені» деген тақырыпта эссе жазыңдар..

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: 18- жаттығу.




Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.

Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,-деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тыйынға сатты. Одан біраз жер өткен соқ, шие сатып отырғандардан ол үш тыйынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты:

  • Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдін орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құры боласың- деді.







Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

- Көремін, өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көремісің?

- Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.
























Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп- тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу- қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу- қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.

- Бағу- қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсыңсаған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.















Булбул чаманни севар,
Одам - Ватанни.


Ватандан йироқлашган - номусдан ўлар

Ватани борнинг бахти бор,
Меҳнати борнинг - тахти.

Киши юртида султон бўлгунча,
Ўз юртингда ултон бўл.

Она юртинг омон бўлса,
Ранги рўйинг сомон бўлмас

© 2010-2022